"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Домбыралы ауылы Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Горького села Домбыралы отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер


әлеуметтік желілер

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кіріспе. Адамзаттың Абайы.

14.04.2017

Сабақтың тақырыбы:   Кіріспе. Адамзаттың Абайы.  

 

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға қазақ халқының

ұлы  ақыны Абай Құнанбаев жайлы түсінік беру. Пән туралы түсінік беру.

 2. Өз ойларын емін-еркін айтуға,  сөздік қорларын молайту; 

3. Оқушылардың білімдікке,

пәнге деген қызығушылығын арттыруға, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: 

ақынның

суреті.

 

Сабақтың

барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтын мақсатын, барысын

айту.

ІV.  Жаңа сабақ.

Мұғалімнің сөзі.

Абай орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын аударуда

олардың өршіл бостандыкты аңсаған "Бородино", "Қанжар",

"Жалау" сияқты өлеңдері мен әділетсіздікті, топастықты әшкерелейтін

мысалдарын таңдап, талғап аударған. Ақын орыс және батыс мәдениетін толғап,

таңдап үйрену керектігіне көңіл бөледі. "Интернатта оқып жүр" деген

өлеңінде сол кездегі қазақтың оқыған жастарының халық үшін қызмет етуден гөрі,

пара алып баюды, шен алып, шекпен киіп патша әкімдеріне жағуды мақсат

тұтатынына ызаланып:

Ойында   жоқ   бірінің

Салтыков   пен   Толстой,

Я  тілмаш,   я 

адвокат,

Болсам деген бәрінде ой, —

деп мінеп-сынайды.

Абай XIX ғасырдың 90-жылдары өзінің ой толғаныстарын қара

сөздермен жазған. Өз шығармасын қара сөзбен жазудың публицистикалық түрінің

негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қара сөз қазақтың көркем жазба әдебиеті

тарихында Ы. Алтынсариннен басталады. Одан әрі қарай дамытушы Абай болды.

Абайдың қара сөздері — көркем әңгіме емес, ғақлиялық

даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қара сөздерді

жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерін діни сопылық-теологиялық

ғылымды да, жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон,

Пифагор, Дарвин еңбектерін де, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель,

Платон шығармаларын да, Шығыстың ойшылдары — Фирдоуси, Шамси, Қожа Хафиз,

Бабыр, т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға

кіріскен. Ол қара сөздердегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден

немесе ой-пікір үндестігінен байқалады.

 

Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар.

Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей

құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі

жауап беруге тырысады. Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой-пікір білдіру үлгісінде

құрылады. Бұл — Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым,

көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті

кеңінен пайдаланған.

Абайдың қара сөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа

бөлуге болады.

1. Дүниенің тылсым сырын танып білу мәселесіне

"Жетінші", "Он тоғызыншы", "Отыз бірінші",

"Отыз сегізінші", "Қырық үшінші" қара сөздерінде тоқталып,

ой қорытады. Ол өзінің "Қырық үшінші" қара сөзінде "Адам баласы

көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп

тыстағы дүниеден хабар алады да, содан білгені, көргені көп адам есті, білімді

болады" дейді. Ал "Жетінші" қара сөзінде: "Бала анадан

туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады.

Бұлар — тәннің құмарлығы. Екіншісі — білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен

деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыншымау. Бұл — жан

құмарлығы...".

2.        Абайдың

"Алтыншы", "Сегізінші", "Он бірінші" қара сөздері

ілім-білімге ұмтылуға бөгет болатын надандық, талапсыздық, жалқаулық мінездерді

сынауға арналған. Ол   бірлік,   тірлік  

деген   сөздердің   мәнін  

аша   келіп,"Алтыншы"

сөзінде "бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік

емес" десе, енді бір жерінде "ырыс алды — тірлік" дейді

де, "Ол қандай тірлік?.. Жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тіршілік

итте де бар... Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан,

қызмет  қылудан  қашып, 

еріншек  атанып,  ез 

атанып,  дүниеде

әлгі   айтылған  ырысқа 

дұшпан  болады

3.        Ар-үят,  адамгершілік,   мәселелері 

"Бесінші",   "Он

бірінші", "Он сегізінші" сөздерінде әңгіме болады. "Отыз

үшінші" сөзінде мал табудың жолдарын өнерден іздеу

туралы өсиет айтады.

4. Абай ғылым, білім, өнер жайын сөз еткенде, ең алдымен,

сауданың тегін білетін өзбек, татар жұртын, өнер ғылымның жолын қуған орыс

жұртын үлгі етеді. "хикмет те, өнер де, мал да, ғылым да — бәрі орыста

тұр. Залалынан кашык болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек

керек... Әрбір жұрттың тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына

(тең болу деген мағынада) енеді... Орыстың ғылымы, өнері — дүниенің кілті, оны

білгенге дүние арзанырақ түседі" ("Жиырма бесінші" сөз), —

дейді.

"Қара сөздер" Абайдың соңғы туындылары қатарына

жатады. Себебі 1900—1904 жылдары арасында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы

ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған. Сөйтіп, ол 1904 жылы 23 маусымда 59

жасында дүниеден қайтты.

V. Бекіту.

1. Сұрақ – жауап жүргізу.

Просмотров: 721


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст