"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Домбыралы ауылы Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Горького села Домбыралы отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер


әлеуметтік желілер

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есептер

Горький атындағы ОМб оқушылары жетістіктерінің сараптамалық есебі
«Әр балада – күн, тек оған жарықтануға мүмкіндік беріңдер … ».
2018-2019 оқу жылы барысында Горький атындағы ОМб оқушылары түрлі деңгейдегі іс-шараларға
қатысты: аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық.
Іс-шаралар бағыты да әр түрлі: олимпиадалар, конкурстар , фестиваль, байқаулар, ғылыми жобалар,
көрмелер, сайыстар. Барлық сынып оқушылары ерекше белсенділік танытты.
Әр түрлі конкурстарға қатысу балаларға тілдік сауаттылықты дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі;
оларды формальды шектеулерден тыс, стандартты емес, өз бетінше ойлауға үйретеді.
Осының барлығы әр түрлі конкурстарда, олимпиадаларда, зияткерлік марафондарда айқын көрінеді,
онда оқушылар жүлделі орындарға ие болады, дипломдар, грамоталар, қатысу туралы сертификаттар
алады.
Біз біздің оқушыларымызды – әлемнің азаматтары, жаһандық еңбек бөлу жүйесіне қосылған әлемдік
өндірістік үдерістердің қатысушылары ретінде көреміз. Біз оқушыларды халықаралық контексте
ынтымақтастыққа және салауатты бәсекелестікке дайындаймыз. Оқушының табысы - педагог пен
тәрбиеленушінің бірлескен еңбегінің нәтижесі, олардың ынтымақтастығы, бірлескен авторлық, жалпы
шығармашылық және ғылыми ізденістің нәтижесі.
2018-2019 оқу жылы келесі жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз:
Орыс тілінен халықаралық «Эссе» сайысы Болатбек Алтынай 2 -дәрежелі диплом;
Орыс тілі пәнінен Республикалық олимпиада Болатбек Сәндігүл 1-дәрежелі диплом;
Орыс тілі және әдебиет пәнінен аудандық олимпиада 2 орын;
Аудандық «Мағжан Жұмабаев» – атты ғылыми конференцисында «Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!»
номинациясында Серик Жанаргуль 2 орын;
Аудан көлемінде «Сөз мерген» атты тіл сайысы Березниченко Наталья 1 орын;
«Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде «Жас ғалымдар» номинациясында Болатбек
Сәндігүл 2 орын;
«Жарқын болашақ» аудандық байқауында «Сөз мерген»номинациясы бойынша Рыбникова Людмила 1
орын;
«Мемлекеттік тіл- менің тілім» облыстық байқауында Рыбникова Людмила 3 орын;
Қазақстан тарихы пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадасында Болатбек Сәндігүл, Жанарбек Арайлым
1 орын;
Орыс тілі пәнінен Республикалық КИО олимпиадасында Минигалиева Жангуль 2-дәрежелі диплом;
Қазақ тілі пәнінен Республикалық КИО олимпиадасында Березниченко Наталья Болатбек Сәндігүл 1-
дәрежелі диплом ;
Математика пәнінен Республикалық «ZIAT» зерттеу жобаларының конкурсында Березниченко Светлана 1-
дәрежелі диплом;
«Лидер.KZ»Халықаралық интеллектуалды білім орталығының ұйымдастыруымен биология пәні бойынша
қашықтықтық олимпиада Болатбек Сәндігүл 3 орын;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жастар жылына арналған «Ақмола жұлдыздары» атты аудандық
халық шығармашылығы байқауы Мажитова Адема, Моркель Ирина, Стрыгина Диана;
Музыкадан "Қазақтың жеті қазынасы" Республикалық конкурсында Стрыгина Диана 2 орын;
"Сиқырлы қалам" Республикалық конкурсында Работягова Жанна 1 орын;
Теннис ойыны сайысында мектеп командсы 1 орын;
Баскетбол ойыны сайысында мектеп командсы 2 орын;
Қысқы Президенттік көпсайыс Бурак Дмитрий, Ходак Анна 2 орын;
МЦР «Ве Сlever» «Будущее в руках учителей» II Республикалық конкурста Мажитова Адема 1-дәрежелі
диплом;
«Эссе» Республикалық конкурсында Киреев Даниэль, Стрыгина Диана 1-дәрежелі диплом;
География пәнінен аудандық олимпиада Бурак Диана 3 орын.
Барлық іс-шаралар оқушылардың оқу қызметіне, өмір мен өзін тануға, өзін-өзін тәртіпке келтіру мен
өзін-өзі ұйымдастыруға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Оқушы осы пәндер бойынша өздерінің
зияткерлік қабілеттерін, шығармашылықтарын және білімдерін көрсете алды Ученик мог проявить свои
интеллектуальные способности, творчество и знания по данным предметам. Жекелеген ойындарға қатысу
үшін мектеп оқушыларының командалары жасақталды, оның ішінде әртүрлі жастағы командалар, бұл,
әрине, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Орозова
Жаңартылған күні: 01.11.2019 13:46
Құрылған күні: 04.11.2019 09:45

Текст