Текст
Чемпион деген кім? Чемпион – бұл спорттағы үздіктердің үздігі. Чемпион болу үшін біріншіден қалауың болу керек, екіншіден көп жаттығуың керек. Қаншама атақты баскетболшылар жаттығулар арқылы, өздері қалаған жетістікке жетті. Чемпион болам деген мақсаттан ешқашан бас тартпа. Өзіңнің ерік-жігерің мен тәртібіңді ұстан. Салауатты өмір салтын ұстан. Қиындықтар мен сәтсіздіктерден қорықпа, егер сәтсіздікке ұшырасаң, қайта-қайта алға ұмтыл. Сонда ғана бәрі ойдағыдай болады және де сен өз мақсатыңа жетесің!