"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Домбыралы ауылы Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Горького села Домбыралы отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер


әлеуметтік желілер

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру

Горький атындағы орта мектебі бақшасы
«Рухани жаңғыру» – бағдарламасы-болашаққа көзқарас
"Рухани жанғыру" бағдарламасы туған жерге, оның мәдениетіне, қазақ халқының салт-
дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігін білдіретін патриоттық бағытты анықтайды. Біздің
Республикамыз гүлденіп, бәсекеге қабілетті елге айналуы үшін біз өскелең ұрпаққа тарихи
дәстүрлерге, туған жердің мәдениетіне, рухани мәдениетіне деген құрметті сіңіруіміз
керек.
Горький атындағы орта метебі бақшасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге
асыру бойынша келесі іс-шаралар жүргізілуде:
1 қыркүйек күні "Білім Күні" аясында 1-11 сынып оқушыларымен "Саналы ұрпақ -
жарқын болашақ" атты жалпы республикалық патриоттық сабақ өткізілді. Сабақ
оқушылардың бойында азаматтық пен патриотизмді қалыптастыруға, өз Отанын сүюге,
оның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға,
қазіргі Қазақстанның жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазақстан халықтарының Тілдер апталығы шеңберінде туған өлкенің тарихын қамтыған
зияткерлік ойындар, конкурстар, викториналар өткізілді.
"Қамқорлық" акциясы жыл бойы жалғасады.
Мұғалімдер күніне және Қарттар күніне арналған мерекелік концерттер өткізілді.
2019 жылдың 14.1 - 18.1 аралығында Рухани келісім апталығы өткізілді, оның аясында
келесі іс-шаралар өтті:
1-11 сыныптарда "басқалармен және өзімен бірге келісімде" сынып сағаттары өткізілді; 5-
11 сынып оқушылары арасында "Мен және менің әлемім" атты плакаттар конкурсы
өткізілді; 5-7 сынып оқушылары арасында мектеп психологы Е. В. Говорковпен "Біз
шыдамдылық танытамыз» толеранттылық бойынша тренинг өткізді, онда оқушылар бір-
біріне қатысты төзімділік, шыдамдылық мәселелерін талқылады. Әр түрлі тренингтер мен
тапсырмалар орындады.
1 тоқсан ішінде дене шынықтыру мұғалімдері әр түрлі спорттық жарыстар өткізді.
Балалар волейбол, шахмат, тоғыз құмалақ бойынша аудандық жарыстарға қатысты.
Сонымен қатар мектеп оқушылары "Экосағат" акциясына қатысып, ағаштар мен бұталар
отырғызды. Химия пәні мұғалімі В. Ф. Жук оқушыларымен бірге "Біз есірткіге қарсымыз"
атты ролик шығарды және 8 "Б" сынып оқушысы Жанна Работягова ағылшын тілі
мұғалімі Б. Ж. Токумованың жетекшілігімен "Мен отбасыммен мақтанамын!" атты ролик
түсірілді.
Жаңартылған күні: 01.11.2019 13:18
Құрылған күні: 04.11.2019 09:55

Текст