07.09.2026
4 қыркүйек күні мектебімізде Тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, көптілділікті насихаттау және тіл мамандарының еңбегін дәріптеу.
Биылғы онкүндік іс-шаралары қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдық мерейтойына арналатыны атап өтілді. Іс-шара барысында Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы қысқаша мәлімет беріліп, оның ұлт тарихындағы маңызды орнына тоқталды.
Салтанатты жиында мектеп директоры мен оқу ісі жөніндегі орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларға Тілдер онкүндігінің сәтті өтуіне тілектерін білдірді.
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі онкүндік аясында өткізілетін сыныптан тыс іс-шаралар жоспарымен таныстырып, алдағы жұмыстарға тоқталды.
Ашылу салтанаты қыздарымыздың қазақ биімен басталып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, тілге деген құрметтерін көрсетті. Сонымен қатар тіл мамандары ән орындап, өз өнерлерін ортаға салды.
Іс-шара мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтіп