"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Домбыралы ауылы Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Горького села Домбыралы отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер


әлеуметтік желілер

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Горький атындағы орта –мектебінің кәсіптік бағдар бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Горький атындағы орта –мектебінің

кәсіптік бағдар бойынша

атқарылған жұмыс туралы ақпарат

 

Горький атындағы орта мектебі –бақшасының кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру оқу-тәрбие жұмысының құрылымындағы бағыттардың бірі болып табылады және оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Мектепте ағымдағы оқу жылына мектептің жұмыс жоспарының бір бөлігі болып табылатын кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары бекітілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты:

білім алушыларға кәсіптік бағдар мен болашақ кәсіптік қызмет саласын таңдау барысында кәсіптік бағдар беру, қолдау көрсету;

Мектепте  Қазақстанның оқу орындары туралы ақпараты бар кәсіптік бағдар стенді ресімделді.

Қашықтықтан оқыту жағдайында сынып жетекшілері «Барлық мамандықтар маңызды» (1-4 сынып), «Барлық жұмыстар жақсы, талғамына сай таңда...» (5-7 сынып), «Мамандықтар  әлемі және ондағы  сенің орнын" (8-11 сынып) сынып сағаттарын өткізді. 

Мектеп тәлімгері  Жук Н. «Кім болғым келеді?» атты суреттер байқауын өткізді. Кәсіби бағдарда ата-аналармен жұмыс істеу маңызды болып табылады. Ата-аналар өз балаларының өмірлік және кәсіби жоспарларын анықтауға белсенді қатысады. Сонымен қатар, мамандық таңдау және білім беру жолдарын анықтау мәселелері білім алушылардың өздері үшін де, олардың ата-аналары үшін де қиын міндет болып табылады. Ата-аналармен әңгімелесуде, жеке кеңес беру кезінде сынып жетекшілері қазіргі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, балалардың әрі қарай білім алуын дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы сұрақтар көтерді.

Технология пәні мұғалімдері Б. А. Ахметованың және Б. К. Ахметованың басшылығымен балалар сәндік-қолданбалы өнердің дистанциондық конкурсына  және де  мектепшілік үйшіктер мен жем салатын астаулар дайындау "Құстар күні" сайысына  қатысты.

 

Мектеп директор                                 Л. Ершова

 
Жаңартылған күні: 12.05.2020 09:26
Құрылған күні: 12.05.2020 09:26

Текст