Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 сәуірде № 20486 болып тіркелді.
"Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тәлімгерлікті ұйымдастыру және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш. Т. Кариноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
А. Аймагамбетов |
||
|
Қазақстан Республикасы |
Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті ұйымдастыру және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге талаптар белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тәлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі;
2) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.
2-тарау. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі
3. Орта білім беру ұйымына кәсіптік қызметке алғаш рет кіріскен педагогке (бұдан әрі – педагог) бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог (бұдан әрі – тәлімгер) бекітіледі.
4. Тәлімгердің кандидатурасы педагогикалық кеңестің отырысында қаралады және педагог жұмысқа қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Бір педагогке бір тәлімгер бекітіледі.
5. Тәлімгерлікті ұйымдастыруды үйлестіруді орта білім беру ұйымы басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары (бұдан әрі – басшының орынбасары) жүргізеді және ол:
тәлімгерлікті тағайындау туралы бұйрық жарияланған педагогті таныстырады;
бейімдеу жоспарын жасауға практикалық көмек көрсетеді және оның орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
тәлімгерлікті ұйымдастыру тәжірибесін зерделейді және қорытады, тәлімгерлікті одан әрі жетілдіру үшін орта білім беру ұйымының басшысына негізделген ұсыныстар енгізеді.
6. Тәлімгерлік процесін ұйымдастыру үш негізгі кезеңді қамтиды.
Бірінші кезең (кіріспе): тәлімгер күнтізбелік 10 (он) күн ішінде педагогтің кәсіби дайындық деңгейін анықтайды.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша тәлімгер 5 (бес) жұмыс күні ішінде педагогтің дайындық деңгейін және жеке қажеттіліктерін анықтау бойынша диагностика жүргізеді, сондай-ақ диагностиканың нәтижелерін ескере отырып, бір оқу жылы кезеңіне арналған тәлімгерлік жоспарын (бұдан әрі – Тәлімгерлік жоспары) әзірлейді, ол басшының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен келісіледі және орта білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
Екінші кезең (негізгі): тәлімгер Тәлімгерлік жоспарын іске асырады және бір оқу жылы ішінде кәсіби даму және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізеді.
Үшінші кезең (қорытынды): тәлімгер оқу жылының қорытындысы бойынша педагогикалық кеңестің отырысына тәлімгерлік нәтижелері туралы есеп дайындайды, онда Тәлімгерлік жоспарының іс-шараларын іске асыру қорытындылары көрсетіледі және іс-әрекетте практиканы жетілдіру үшін ұсынымдар береді.
7. Тәлімгерлік кезеңінде педагог:
1) өзінің кәсіби деңгейін, ұйымдастырушылығын, тәртібін арттыру, практикалық дағдыларды меңгеру үшін үнемі жұмыс істейді;
2) тәлімгерден жұмыстың тиімді формалары мен әдістерін қолданады;
3) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде тәлімгердің ұсынымдарына сүйенеді;
4) орта білім беру ұйымының тәлімгері мен басқа да педагогтерінің сабақтарын бақылайды және оларды талқылауға қатысады;
5) ынтымақтастықтың аралық нәтижелерін бағалау үшін әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестердің отырыстарында өз жұмысын ұсынады;
6) басшының орынбасарына тәлімгерлермен жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарауға енгізеді;
7) ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады;
8) Тәлімгерлік жоспарында көзделген іс-шараларды орындайды.
8. Тәлімгерлік жоспары мыналарды қамтиды:
1) кері байланыс беру арқылы педагогтің сабақтарына қатысу (айына 2 реттен кем емес);
2) педагогтердің жекелеген санаттарының, оның ішінде сынып жетекшілері үшін міндетті құжаттарды бірлесіп ресімдеу және толтыру;
3) кәсіби қалыптасу мәселелері бойынша педагогтің консультациясы:
лауазымдық міндеттерін атқару кезінде пайдаланылатын нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеуге оқыту;
педагог кәсібін, сабақтарды сапалы өткізудің практикалық әдістері мен тәсілдерін меңгеру;
білім беру процесін ұйымдастыруда оқытудың белсенді нысандары мен әдістерін қолдану;
4) педагогпен кәсіби әңгімелесу және / немесе жеке коучинг;
5) сабақты, әдістемелік семинарларды, мастер-кластар мен тренингтерді зерттеу бойынша мектеп топтарына қатысу;
6) педагогтің кәсіби дамуына, моральдық және іскерлік қасиеттеріне, оның жұмысқа, ұжымға және білім алушыларға қарым-қатынасына мониторинг жүргізу;
7) орта білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің отырысында аралық есеп (оның ішінде электрондық) және бейнеролик (1-жартыжылдықта) ұсыну.
9. Тәлімгер мынадай жағдайларда ауыстырылады:
1) тәлімгер жұмыстан босатылса немесе басқа жұмысқа ауысса;
2) тәлімгер дәлелді себеппен жұмыста екі аптадан артық болмаса;
3) тәлімгердің оны тәлімгерліктен босату туралы негізделген жазбаша өтініші болса;
4) педагогтің тәлімгерді ауыстыру туралы негізделген жазбаша өтініші болса.
10. Тәлімгерді тәлімгерліктен босату және педагогке жаңа тәлімгерді бекіту арасындағы кезең бес жұмыс күнінен аспайды.
11. Тиімді тәлімгерлік тараптардың өзара мүдделілігі, тәлімгерлік процесін әкімшілік бақылау және ынтымақтастықтың аралық нәтижелерін шығару жағдайында жүзеге асырылады.
12. Тәлімгерге тәлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақы төленеді.
13. Тәлімгерлер резервін педагогикалық кеңес осы Қағидалардың 14, 15-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес, орта білім беру ұйымының басшысы мен басшының орынбасарларын қоспағанда, барлық жұмыс істейтін педагогтер қатарынан әдістемелік бірлестіктердің ұсынысы бойынша қалыптастырады.
3-тарау. Тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар
14. Шағын жинақты мектептегі тәлімгерден басқа, тәлімгер мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
1) "педагог-зерттеуші" не "педагог-шебер" біліктілік санаты;
2) педагогикалық этиканың негізгі қағидаттары мен нормаларын сақтауы;
3) соңғы үш жыл ішінде оқытатын пән бойынша білім алушылардың білім сапасы кемінде 60% - 70% .
15. Шағын жинақты мектептегі тәлімгер мынадай талаптарға сай болуы қажет:
1) "педагог-зерттеуші" не "педагог-шебер" біліктілік санаты;
2) педагогикалық этиканың негізгі қағидаттары мен нормаларын сақтауы;
3) соңғы үш жыл ішінде оқытатын пән бойынша білім сапасы кемінде 50% - 60%.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК