Әлеуметтік педагогтан білім алушыларға арналған жадынама
Білім алушылар міндетті:
1. жалпы білім беру ұйымының жарғысын орындау;
2. сапалы түрде оқу (яғни оқу жоспарында көзделген оқу пәндерін толық көлемде меңгеру; аралық және қорытынды аттестаттаудан уақтылы және ойдағыдай өту)
3. мекеменің мүлкіне ұқыпты қарау;
4. басқа білім алушылар мен қызметкерлердің ар намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
5. мекеме қызметкерлерінің ішкі тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындау;
6. "адамгершіліктің алтын ережесін" сақтау: сіз басқаларға қалай қарасаңыз, өзгелерде сізге солай қарайды;
7. өзін зияткерлікке тәрбиелеу;
8. мұғалімді тыңдай білу.
9. сабақтар өтетін кабинеттерде тәртіпті сақтау, сол арқылы өз жолдастары мен мектеп қызметкерлерінің еңбегін құрметтеу.
10. мектептегі әрбір адамға сәлем айтуды ұмытпау керек. Мектеп - оқушы үшін, оқушы - оның иесі, ал қожайыны жылы шырайлы болу керек екенін есте ұстау керек.
11. балағат сөздерге жол бермеу.
Оқушының ережесі
1. Жақсылық жаса.
2. Адамды ренжітуден қорқу.
3. Адамдарды жақсы көр, кешір.
4. Басқалар сізге қалай қарасын десеңіз, олармен де солай қарым-қатынаста болыңыз.
5. Арыңды жас кезіңнен сақта
6. Өзіңді және әлемді тани біл.
7. Өмірде өз мақсатыңды тап.
8. Жалқау болма және өзіңнің әлсіздігіңе ақтау іздеме.
9. Бөтен біреуден алғанша, өзіңдікін берген дұрыс.