07.02.2024
31 қаңтар күні 2 «Б» сыныбында ашық дене шынықтыру сабағында мұғалім Богер Надежда Васильевна «Қазақ ұлттық ойындарымен танысу» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Бұл сабақтың мақсаты оқушыларды қазақ халқының дәстүрлі ойындарымен таныстыру, сондай-ақ олардың физикалық қасиеттері мен қимылдарын үйлестіруді дамыту болды.
Балалар "Көкпар", "Қыз қуу", "Арқан тарту", "Бес асық", "Көтермек" және басқа да танымал қазақ ойындарының ережелерімен танысты. Балалар белсенді болды және жаңа ойындарды үйренуге қызығушылық танытты.