Тәуелсіз елдің ұландарымыз
Биылғы оқу жылы тағы да өз жас бүлдіршіндерін құшағына алып білім беріп жатыр. Біз де сол жас бүлдіршіндерге білім берумен қатар сабақтан тыс іс-шараларды қызықты да мәнді етіп өткізуге тырысып жатырмыз. Бүгін де сондай бір мерекелік іс-шара өткізілді. «Тәуелсіздік мерекесіне» арналған. Ол «Тәуелсіз елдің ұландарымыз» атты көрмемен басталып, сыныптан тыс іс-шарамен аяқталды. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 28 жыл толып отырған мереке туралы түсіндіру ұғындырған соң, әр бала өз түсінгегін қағаз бетіне түсіріп әкелді. Презентация арқылы кешегі Ақмола мен бүгінгі Астана туралы мәліметтер көрсетілді. 28 жылдың ішінде үлкен өзгеріске ұшыраған қала ғимараттарын көріп балалар аң таң болды. Ата - аналар өздері жүріп өткен жерлерін естеріне түсіріп, уақыттың тез өтіп кеткеніне таңданып қалды. Бәріне бүгінгі іс-шара ұнады. Көрмеге қатысқан балаларды тәтті кәмпиттерімен марапаттадық. Ал іс -шараға келген барлық балапандарға тәтті таратып бердік. Ата -аналар алғысын айтып қуанып қалды.