"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Домбыралы ауылы Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Горького села Домбыралы отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер


әлеуметтік желілер

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Коучинг

04.12.2019
Біздің мектеп мұғалімдері жаңаша әдіс тәсілдерді үйренуге талпынады. Осылайша,
біліктілікті арттыру курстарынан өткен сертификатталған педагогтар әріптестеріне
мектептің даму жоспарын енгізу шеңберінде өткізілетін коучинг-сабақтар мен
дөңгелек үстелдер ұйымдастыра отырып, алған білімдерімен өзара бөліседі.
Жук Валентина Федоровна «Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін дамыту»
тақырыбы бойынша коучинг өткізді. Іс-шараның мақсаты - әріптестеріне
көшбасшылық қасиеттерді дамыту қажеттілігін түсіндіру.
«Басқару және көшбасшылық» тақырыбы бойынша коучинг-сабақ Жунусова Гаухар
Мешитбаевнаның жетекшілігімен өтті, ал іс-шараның мақсаты көшбасшылық және
басқару ұғымдарының түсініктері мен айырмашылықтарын қалыптастыру болды.
Богер Надежда Васильевна өткізген тағы бір коучингте сабақтың «SMART-
мақсаттарымен» танысу болды.
Асаубаев Азамат Дулатович және Говорков Егор Викторович «Педагог жұмысындағы
әдістемелік қолдау құралы ретінде желілік қоғамдастықтар» атты дөңгелек үстел
ұйымдастырды. Ақпараттық бөлімнен басқа, өзекті мәселелер бойынша мектеп
педагогтарының қызу пікірталасы жүргізілді.
Аталған іс-шаралар нәтижелі және танымдық болды. Әрбір коуч өз сабағын
жауапкершілікпен өткізді. Мұғалімдер кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге белсенді
және үлкен ықыласпен қатысты. «Lesson-study» сабақтар сериясын өткізу
мұғалімдердің өз бетімен және өз дағдыларымен жұмыс істеу кезеңдерінің бірі болды,
коучингте алған білімдерді қолданып жүргендері байқалды.
Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст