01.11.2019
30 қазан күні Ақкөл ауданында дене шынықтыру
мұғалімдерінің спартакиадасы басталды. Жарыстың бірінші
түрі үстел теннисі болды. Үстел теннисі жоғары
жылдамдықты талап етеді. Сондықтан спорттың бұл түрі
педагогтардың жұмысына өте ұқсас. Жарыстың барлық
қатысушылары жеңіске деген үмітпен стартқа шықты. Ал
оған тек мықтылар ғана қол жеткізе алады.
Барлық мұғалімдер кәсіби теннисшілер емес,соған
қарамастан, олар осы спорт түрімен үлкен қызығушылықпен
айналысып, өз денсаулығын нығайтуда.