"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Домбыралы ауылы Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Горького села Домбыралы отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер


әлеуметтік желілер

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР 1-мамыр бейбітшілік күніне орай біздің сыныпқа Ингуш халқы, мәдениеті тапсырылған болатын

29.04.2019

ҚР 1-мамыр бейбітшілік күніне орай біздің сыныпқа Ингуш халқы, мәдениеті тапсырылған болатын

Ингуштар — сунит бағытындағы мұсылман халық, сонымен қатар басқа да ағымдар бар (нақшбандия, қадырия және т.б. тариқаттар) Ингуштар өміріне мұсылман мәдениетінің ену фактілері орын алған. Мұсылмандық басты мәдени бағыт, дінді ингуш интеллигенциясының кейбір бөлігі де ұстанады. Ингуш халқының негізгі бұқарасы исламның барлық ұстанымдарын: сүндетке отырғызу, жерлеу, ас беру, күнделікті бес уақыт намаз, ораза, діни мерекелерді сақтайды. Діни сипаттаға мерекелер де сақталып қалған. Рамазан айы аяқталған соң кез келген ересек адам пітір садақа (ингуштарша, «мархи сах») береді. Дін басылары алатын бұл қайырымдылық кедей адамдардың арасында таратылып беріледі. Бұл шамамен 2,5 кг бидаймен өлшенеді.

Ингуштардың ұлттық киімінің дәстүрлі кавказ ұлттарының киімдерінен айырмашылығы болған жоқ. Тек ерлердің тарихи әскери амунициясы мен әйелдердің «кур-харс» деп аталатын бас киімі ғана ерекшеленеді.

Ерлер киімі

Ерлердің киімі — газырлы черкеска («бустами-чуки»), салтанатты жағдайлар мен әскери уақытта киюге арналған. Газырлар оқу-әдірлер, қолдан жасалған оқтарды сақтауға арналған қобдиша ретінде пайдаланған. Ерлердің күнделікті киімі белі қиғаштанып келген жағасы жоқ бешмет болып табылады. Қысқы уақытта бешметті черкесканың сыртынан киген. Жорыққа шыққанда сыртынан башлыкы бар («палчык») бурку («тукул-ферт») киген. Қысқы бас киім папаха («холгыз-кий»), жұмыс істеген киетін бас киім — шапка («кертыттул кий») болған. Жазда ыстық күндері үй жағдайында дайындалған жүннен жасалған шляпа («беген-кий») киген. Ерлер жейделерінің жең ұшы қабаттама, жағасы-тік, жіптен жасалған түймеден тігілген. Сонымен қатар бос шаровар, аяғына қоныш киіп жүрген. Белдеріне күміспен безендендірілген жіңішке белбеу таққан.

Әйелдер киімі[

Әйелдердің киімі салтанатты жағдайларда киетін, күнделікті, арнайы және қаралы күндері киетін киімдерден тұрған. Мерекеге және үйлену тойына киілетін киім («чуки») өте қымбат, алтын және күміс жіптермен тігілген. Белбеу, бас киім, күмістен жасалған алқа кіретін арнайы жинақпен бірге киген. Бұрынғы заманда «кур-харс» деп аталған бас киім болған.

Дәстүрлі музыкалық аспаптарына: үш шекті балалайка («дахчин пандыр»), саз-сырнай, зурна, шекті аспап («чендырг») и дауылпаз («фатт») жатады.

Ұлттық тағамдары

Тағамдар ингуш тілінде «шу» деп аталды. Құрметті тағам арнайы сойылған қой етінен, егер қонақ асығыс болса, күрке тауық немесе тауық етінен дайындалады. Етті ірі етіп турап, картоп, көк шөптен дәмдеуіштер қосады. Дәстүр бойынша келген қонаққа арнайы мүшелер: жартылай бөлінген малдың басы, төс, жамбас беріледі. Етке қосып сорпа, жұмыртқа, көк шөп дәмдеуіштері негізінде дайындалған тұздық, одан кейін қонақтың тілегі бойынша сорпа береді. Бұдан басқа етке табаққа салып жүгері немес бидай ұнынан жасалған тұз қосылмаған қамырдан пісірілген («халтымыж») үзік кеспе береді. Ас үстінде ингуш халқы дәстүрінің ұстанымдарына негізделген ерекше әдеп сақталады. Екінші тағамға, шайға үйде дайындалған халва, күріш пен мейіз, өрік, қара өрік қосылған тәтті палау, түрлі ұннан жасалған тағамдар: бәліш, құстіл («зокаж») және т.б ұлттық сипаттағы тағамдар ұсынады.

Ингуш халықтарының салтында қонақжайлық ерекше маңызды болып табылады. Қонақ ұлтына, дініне қарамастан демалып, тамақ ішіп, қонып шыға алады. Үй иесі оның өмірі мен қауіпсіздігіне толық жауапкершілікте болады. Бұл салтты бұзу қылмыс жасағанмен бірдей болып бағаланады.

Ингуштар арасында басқа да тау халықтарындай қару алмасу салты таралған, қазір де бар.

Ингуштардың маңызды дәстүрі ата-анасын құрметтеу, оларға жол беру, жолын кеспеу, сөзін бөлмеу, үлкендердің сөзіне араласпау, олардан бұрын сөйлеп, сөздерін бөлмеу керек.

Ингуш халқында күйеу баланың қайын енесімен және қайын атасымен қатынаспайтын дәстүрі бар, ол тіпті оларды өмірінде көрмеуі мүмкін. Кішілер тамақ ішу кезінде әкелеріне, үлкен ағаларына қызмет көрсетуі керек. Бұл уақытта әйелдер бөлек бөлмеде ішеді. Уақыт қазіргі ингуштардың өміріне де өз әсерін тигізбей қоймады. Ингуштардың тойлары салтанатты түрде өтеді. Оларға көп кісі шақырылады. Бұрынғы заманда тойларда түрлі жарыстар ұйымдастырылған. Құда түсіп қойған қалыңдық өзінің ата-анасының үйінде бір жыл, екі жыл тұрған. Осы уақыт екі жақ бір-бірін жақсы білу үшін жеткілікті болған.

 

Просмотров: 617


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст