Аудандық «Жайық Бектұров» атындағы
«Көкірегі көмбеге толы тау тұлға...» байқауы.
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді мұғалімдер, сайыскерлер!
Армысыздар, құрметті қонақтар.
Бүгінгі «Көкірегі көмбеге толы тау тұлға...» атты аудандық байқауымызға қош келдіңіңз! Байқау аты аңызға айналған, жұрты сүйіп тыңдаған қазақтың ұлттық әдебиетінің зиялы өкілдерінің бірі, керегесін көтерісіп, шаңырағына уық шанышқан жазушы, ақын, аудармашы, журналист, дарынды зерттеуші Жайық Кәгенұлы Бектұровқа арналады.
Жүргізуші: Байқаумызды бастамас бұрын Жайық атамыз туралы видеофильм көруге ұсынамын.
Жүргізуші: Әділ –қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1. Ханша Ақтышқанқызы – Ақкөл аудандық білім бөлімінің әдіскері
2. Серік Нұрболат – Амангелді негізгі мектебінің директоры
3. Ермағамбет Бақытжамал – бастауыш сынып мұғалімі
Жүргізуші: Біздің сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
I. Танысып қояйық. (Әрбір топ өзін таныстырады.)
II. Жүйрік болсаң, озып көр. Оқушылар тез және дұрыс жауап беру керек.( әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.)
(ескерткіш тақта)
(1928 жылдан)
(Қасым Аманжолов)
(«Ақын мен арамза»)
«Енеден ерте айырылған төл секілді......»
III. Сөзжұмбақ шешу.
IV. Білгір болсаң, тауып көр.
Берілген өлең үзіндісінен қалып қойған сөздерді тауып, мәнерлеп оқу. (Орындалу уақыты 5 мин)
V. Сергіту сәті.
Жайық ағамыздың қолтаңбасы қандай болды екен? Сол қолтаңбасынды жазып көрейік
VI. Мен – журналистпін.
Мақала жазу
Жүргізуші: Сонымен бүгінгі байқауымыздың де өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы қорытындысын шығарғанша алдарыңызда 8 сынып оқушысы Стрыгина Диананы қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Бүгінгі байқаудың қорытындысы мен марапаттау үшін құттықтау сөз Ақкөл білім бөлімінің әдіскері Ханша Ақтышқановнаға беріледі.
Жүргізуші: Бүгінгі жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, әлі де биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз. Барлықтарыңның өз үлестеріңді қосып жауапкершілік пен қатысқандарыңа көп рақмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!