"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Домбыралы ауылы Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Горького села Домбыралы отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер


әлеуметтік желілер

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Негізгі орта білім беру деңгейінің «Технология» білім саласы пәндерінің ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (5–9-сыныптар)

11.03.2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі орта  білім беру деңгейінің

«Технология» білім саласы пәндерінің

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(5–9-сыныптар)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.

 

 

 

 

Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Технология» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары  – Астана, 2013. –55 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013

 

 «Технология» пәнінен оқу бағдарламасы

 

 

1. Түсінік хат

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы    23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Пәннің оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.

3. Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

4. Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру бағыттын қаратырып

1) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау;

2) ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;

3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

4) металды қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

5) сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қолдана отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы;

6) электротехника және электроника негіздері;

7) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;

8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық және кәсіптік білім алу материалдарын оқытуды көздейді.

5. Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.

6. Оқыту міндеттері:

1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

7. Оқыту барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:

1) «Қазақ тілімен», «Орыс тілімен»: технологиялық терминдерді меңгеру арқылы сөздік қорларын байыту, технологиялық терминдерді меңгеру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу барысында ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту;

2) «Қазақстан тарихымен»: қазақ халқының мәдениетімен (салт-дәстүрлерімен, жол-жоралғыларымен және сәндік қолданбалы өнерімен) танысу;

3) «Математикамен»: технологиялық карта құрастыру кезінде әртүрлі математикалық өлшеулер мен есептеулерді пайдалану, бұйымдарды құрастыру кезінде математикалық формулаларды пайдалануда;

4) «Геометриямен»: кеңістіктік фигуралардың көлемі: тік бұрышты параллелепипед және тік призма, пирамида, цилиндр, конус және шар; кеңістіктік фигуралардың симметриялығы туралы;

5) «Физикамен»: еріксіз қозғалыс; кинематика туралы негізгі түсінік, механикалық жұмыс, кинетикалық энергия және потенциальды энергия;

6) «Химиямен»: азық-түліктерді сақтау үшін консерванттардың химиялық құрамы туралы білімін қалыптастыру;

7) «География»: әлемнің табиғи ресурстары, ғылыми-техникалық революция, экономика салаларының орналасу сипаттамасы және географиясы;

8) «Информатикамен»: компьютерлік графика, жеке жобаларды және практикалық жұмыстарды, сызбалар, үлгі, кесте, сурет, эскиздерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды қолдануда;

9) «Денешынықтырумен»: қол жұмыстарына арналған құралдармен әр түрлі жұмыс жасау кезінде қол мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтуда.

8. Пәннің сағат саны аптасына типтік оқу жоспарына сәйкестендірілген оқу жылында 34 сағат, аптасына 1 сағат:

1) 5 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

2) 6 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

3) 7 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

4) 8 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

5) 9 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

9. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқуыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, орта білімді сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.

10. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспекті ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.

 

 

2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

(Технология, ер балаларға арналған)

 

11. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, мектеп шеберханасындағы тәртіптің жалпы ережелері және еңбектің жеке гигиенасы, шеберхананың жабдықталуы және ағашты қолмен өңдеу кезінде еңбек қауіпсіздігінің ережелері.

12. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 2 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, топырақтану негіздері, топырақтың негізгі түрлерінің сипаттамасы, топырақты өңдеу, топырақ өңдеу техникасы, тыңайтқыштар, егіс айналымы, мелиорациялау;

2) сәндік гүл дақылдарын өсіру технологиялары;

3) практикалық жұмыстар: жер учаскесіндегі күзгі жұмыстар көкөніс және сәндік гүлді өсімдіктер;

4) көкөніс және сәндік гүлді өсімдіктерді өсіру тәсілдері;

5) еңбек нұсқаларының түрлері: сәндік гүл өсімдіктері.

13. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы – 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, ағаш шебері верстагының мақсаттары мен құрылысы, құрылымдық материал ретіндегі ағаш туралы жалпы мәліметтер, ағаштың сипаты мен құрылымы, ағаш өңдеу өндірісіндегі мамандықтар, графикалық құжат, ағаштан бұйым жасап шығару, белгі қою, аралау, сүргілеу, бұрғылау әдістерін пайдалана отырып ағашты қолмен өңдеу;

2) ағашты қолмен өңдеу, егеу, сүргілеу;

3) бұрандалы шеге және желімді қолдана отырып бұйымдарды бір-біріне қосу және жинау;

4) өнімді әшекейлеп өңдеу;

5) практикалық жұмыс: ағашты өңдеу, ағаш бетіне белгі жасап ою өрнек оймасын орындау;

6) қарапайым ою өрнек түрлерін графикалық түрде орындау, мысалы төртбұрыш, үшбұрыш, ромб;

7) еңбек нұсқаларының түрлері: қарапайым ою өрнек жолақтары, тазалау, бояу.

14. Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу– 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, металдар туралы негізгі мәліметтер, қара және түсті металдар мен олардың қорытпалары, металдар қасиеттері, темір ұста верстагінің құрылысы мен міндеті;

2) сым мен жұқа табақты металдардан жасалған бұйымдардың графикалық бейнесі;

3) сым мен жұқа табақты металды түзету және майыстыру, сызба және қалыптар бойынша жұқа табақты металға белгі қою, жұқа табақты металды кесу;

4) сым мен жұқа табақты металдан жасалатын бұйымның құрылымын жасап, оны дайындап шығару;

5) практикалық жұмыстар: жұмыс орнымен танысу, металды қолмен өңдеуге арналған құралдар мен жабдықтар. Сым және жұқа табақты құрастыру және өнімді өңдеу.

6) еңбек нұсқаларының түрлері: тізбек, бас қатырғыш, поялникке арналған тіреуіш және балалар киім ілгіші, сәнді шырақ қойғыш.

15. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы – 6 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің дәстүрлі түрлері, ағашты көркем өңдеу, көркем аралау;

2) ағашты көркем ою, дайын бұйымды бояулармен және лакпен өңдеу, теріні өңдеу, металды көркем өңдеудің түрлері;

3) ажарлау және лактау әдістерімен бұйымды өңдеу;

4) практикалық жұмыстар: металдарды көркем өңдеу технологияларын пайдалана отырып, сәндік-қолданбалы бұйымдар жасап шығару;

5) еңбек нысандарының түрлері: жазықтықтағы ойыншықтар, асүй жабдықтары, сәндік-қолданбалы бұйымдар.

16. Электротехника және электроника негіздері – 3 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, тоқ көздері, электр қуатының өткізгіштері, өткізгіштер мен оқшаулағыштар туралы түсінік, өткізгіштерге пайдаланатын материалдар;

2) электр тізбегі және оның элементтері, электр схемаларындағы шартты графикалық белгілер, тармақталған және тармақталмаған тізбектің электр схемасы, электротехникалық арматура, тұрмыстық шамдар;

3) электр қауіпсіздігінің ережелері, электротехникалық материалдармен жұмыс істеу, электр тізбегін құрастыру;

4) практикалық жұмыстар: қарапайым электр схемасын оқу, сымдарды оқшаулау және ұшын жасау әдістері, гальваникалық тоқ көзі бар конструктор бөлшектерінен электр тізбегін құрастыру, құрастырудың әр-түрлі әдістерін қолдануда тізбектің жұмыс істеуін тексеру;

5) еңбек нысандарының түрлері: төмен вольттік жарық беруші және дабыл қаққыш құрылғыларының моделдері.

17. Үй мәдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, киім мен аяқ киімді күтуге арналған қазіргі заманғы құралдарын таңдау және қолдану, киім мен жиһаз қаптауышынан дақтарды кетіру әдістері, киім мен аяқ киімді ұзақ мезгіл сақтау технологияларын таңдау;

2) практикалық жұмыстар: жиһазға, аяқ киімге ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау, киім мен жиһаз қаптауышынан дақтарды кетіру;

3) еңбек нысандарының түрлері: жиһаз, киім, аяқ киім.

18. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті – 5 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер;

2) жобалау технологиясының негіздері;

3) жобалау әдісінің жоспары және ұйымдастыру кезеңдері;

4) балаларға арналған ағаш күрегін жасау жобасы.

 

 

3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

19. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, мектеп шеберханасындағы тәртіптің жалпы ережелері және еңбектің жеке гигиенасы, шеберхананың жабдықталуы және ағашты қолмен өңдеу кезінде еңбек қауіпсіздігінің ережелері.

20. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 2 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, өсімдік шаруашылығы туралы түсінік. Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары: егін шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс шаруашылығы, сәндік бау-бақша шаруашылығы мен гүл шаруашылығы;

2) жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы, көкөніс шаруашылығындағы күзгі жұмыстары, жеміс-жидек дақылдарын вегетативтік әдіспен көбейту;

3) практикалық жұмыстар: көкөніс шаруашылығындағы күзгі жұмыстары, жемістердің піскенін анықтау, өнімді жинау, оған есеп жүргізу және жеміс-көкөніс дақылдарын сақтау, тұқымдықтарды іріктеп алып, оларды сақтау, көкөніс дақылдарына арналған жеріне күзгі өңдеу жұмыстарын жүргізу, көкөніс дақылдарын зиянды жәндіктерден қорғау;

4) еңбек нысандарының түрлері: сәбіз, ақжелкен, асхана қызылшасы, қияр тұқымдары.

21. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы – 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, жұмыс орнының жабдықталуы және ұйымдастырылуы, ағашты дайындау, ағаштың қасиеттері, құрылымы және кемшілігі, кесілген ағаш дайындамаларын алу және оларды қолдану;

2) жасанды ағаш материалдары, ағашты қолмен өңдеуге арналған саймандар;

3) призма қалпындағы бұйымның сызбасы;

4) құрылымдау және модельдеу, цилиндр қалпындағы бұйымдардың графикалық бейнесі, қол сайманымен цилиндр тәрізді бұйымдар жасау;

5) практикалық жұмыстар: ағаш бұйымын құрылымдау, бұйымның бір бөлшегінен технологиялық картасын құру, ағашты аралау, сүргілеу және бұрғылау әдістерімен өңдеу, технологиялық карта бойынша бұйым жасап шығару;

6) еңбек нысандарының түрлері: ағаш шеберінің саймандарына арналған тұтқалар, түю аспабы, швабра, стусло, планшет, дидактикалық материалдарға арналған жәшік.

22. Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу – 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, металдардың табиғи және механикалық қасиеттері;

2) металдар мен олардың қорытпалары, сорттық прокат, сорттық прокатты алу және қолдану, белгі қою саймандары;

3) сорттық прокаттың графикалық бейнелеуі және дайындамаларға белгі қою;

4) темір ұста қол арасымен дайындамаларды кесу, жазық беттерді егеу, қозғалыс беріліс механизмы, машина және оның негізгі бөлшектері, бұрғылау станогінің құрылысы және онымен жұмыс істеу, металл дайындамаларын бұрғылау;

5) практикалық жұмыстар: сорттық прокат үлгілерінің эскиздерін және сызбаларын орындау: алты қырлы, бұрыштық металл бұйымдарының, жұмыр болат шыбықтың және швеллердің. Металды кесу, егеу, бұрғылау әдістерін қолдануды қажет ететін сорттық прокаттан жасалатын бұйымдарды технологиялық карта және сызбасы бойынша дайындау. Пішінді бұрыштық металл бұйымынан тойтармаларға арналған тетіктерді жасау, тойтарма қосылыстарын қолдану арқылы қаңылтырдан қалақ жасау, бұрғылау станогінің құрылысымен танысып, онымен жұмыс істеу, сәндік-қолданбалы элементтерін қолдануымен тұрмыстық міндеті бар заттарды жасап шығару;

6) еңбек нысандарының түрлері: тойтармаларға арналған тетіктер, қалақ, бұрыштық металл бұйымы, шаруашылық-тұрмыстық міндеті бар заттар.

23. Сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы – 6 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, қазақтардың және Қазақстан Республикасындағы басқа ұлт халықтарының қолданбалы өнері;

2) ағашты ою түрлері;

3) ағашты ою әдістері мен техникасы, ағаш оюын қолданып бұйымдарды әшекейлеу;

4) металды көркем өңдеу, қанылтырды бедерлеу, шекіме, тері өңдеу және теріден бұйым жасаудың халықтық әдістері, балшықтан көркем сомдау, өру;

5) практикалық жұмыстар: ағаш бетіне геометриялық оюды орындау, бедерлі және пішінді шекіме элементтерін орындау, теріден кәдесый бұйымдарын жасау, сәндік себет өру;

6) еңбек нысандарының түрлері: ойыншықтар, кәдесыйлар, тұрмыстық бұйымдар.

24. Электротехника және электроника негіздері – 3 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер. Негізгі электр мөлшерлерін өлшеуге арналған құралдар: тоқты (I), кернеуді (U), кедергіні (R). Амперметр, вольтметр, омметр, мегомметр, байқау және құрама құралдарының құрылысы. Сол құралдарды пайдалану ережелері, схемалардағы белгілер, электромагниттер және оларды қолдану, электромагнитті жасау;

2) электрқозғалтқыштардың құрылымы, міндеттері, жұмыс істеу және құрылу принциптері, техника мен тұрмыс жағдайларында электрқозғалтқыштарын пайдалану;

3) электрмонтаждау жұмыстарын жүргізу барысында электр қауіпсіздігін сақтау ережелері;

4) практикалық жұмыстар: тізбектегі амперметр, вольтметр, конденсатор мен резисторларды жалғау әдістері. Тоқтың, кернеудің, кедергінің қуатын анықтау;

5) еңбек нысандарының түрлері: электрқоңырауды, электромагнитті жасау.

25. Үй мәдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, тұрғын бөлмелердің интерьері, интерьердегі заманауи стилдер, бөлмедегі жиһаз бен жабдықтарды тиімді орналастыру, бөлмелерді функционалды аймақтарға бөлу, тұрғын үйдің жарығы;

2) практикалық жұмыстар: тұрғын бөлмелердің ішкікөрініс элементтерінің эскизін орындау;

3) еңбек нысандарының түрлері: ішкікөрініс эскиздері, сәндік-қолданбалы мақса тындағы бұйымдар.

26. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті – 5 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер;

2) шығармашылық жобалау іс-әрекетінің талаптары мен негізгі кезеңдері;

3) өзіндік жобалау іс-әрекетін жасау.

 

 

4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

27. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, ағаш пен металды қолмен және механикалық түрде өңдеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтауға байланысты жалпы талаптар.

28. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 2 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, өсімдік шаруашылығының технологиясы;

2) жеміс-көкөніс дақылдарын өсірудің қарқынды технологиясы, өсімдіктерді көшет әдісімен және қорғалған топырақта өсіру технологиялары;

3) практикалық жұмыстар: көкөніс шаруашылығындағы көктемгі-жазғы жұмыстары, өсімдіктерді көшет әдісімен өсіру технологиясы, тұқымдықтарды отырғызу, мәдени өсімдіктерді арамшөптен қорғау;

4) еңбек нысандарының түрлері: картоп, қызылша, сәбіз, орамжапырақ және сәндік гүлдер дақылдары.

29. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы – 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, ағаштың табиғи және механикалық қасиетері, ағаштан жасалған бұйымдар және олардың графикалық бейнесі, бұйымдарды құрылымдау, технологиялық іс-қағаздары, ағашты біріктірудің негізгі түрлері;

2) жай шегемен, бұрама шегемен және желіммен біріктіру;

3) топтастыру, тұтастыру, бұрыштық біріктірулер, кертік біріктірулер, шканттар мен нагельдер арқылы біріктіру, қазіргі заманғы технологиялық машиналар, ағашқа арналған токарь станогінің құрылысы, токарь станогінде жұмыс қауіпсіздігінің ережелерін сақтау және жұмысты ұйымдастыру;

4) практикалық жұмыстар: ағаштың қарапайым біріктіру әдістері бар бұйымдарды технологиялық карта бойынша жасау, конус пішініндегі және фасонды бұйымдардың сыртқы бетін жону;

5) еңбек нысандарының түрлері: орындық. ағаш балта, оқтау, картоп жаншу аспабы, қашау тұтқасы.

30. Металлды қолмен және механикалық түрде өңдеу– 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, металлдар мен қорытпалары туралы жалпы мәліметтер;

2) болаттың түрлері, қасиеттері және оның қолданылуы. Металл бұйымдары және олардың графикалық бейнесі, металды қысқышта және тақтада шабу, қисық сызықты беттерді егеу, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер, бұрандалы біріктірулер, сыртқы және ішкі бұранда ою, өнеркәсіп орындарында металл өңдеу, металл кесу станоктары туралы жалпы мәліметтер;

3) практикалық жұмыста: табақ металлдан оны кесу, егеу, бұрғылау әдістерін қолдануды қажет ететін бұйымдарды жасап шығару. Цилиндр қалпындағы бөлшектің сызбасын оқу: материалын анықтау, сонымен бірге, бөлшектің, оның құрылымдау элементтерінің көлемін анықтау. Сыртқы және ішкі бұранда ою операцияларынан тұратын металл бұйымдарын жасау;

4) еңбек нысандарының түрлері: жиһазға арналған ілмектер, есік тұтқасының құлағы, сомын-құлақты бұранда, струбцина, металлды көркем-өңдеу технологияларын қолданып жасалған сәндік-қолданбалы мақсатындағы бұйымдар.

31. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы – 6 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері, ою-өрнек түрлері;

2) ою-өрнектің қолданылуы;

3) ағашты көркем өңдеу, ағашқа күйдіріп өрнек салу;

4) жұқа өрнекті аралау әдісімен ою, жақша тәрізді ойық ою, металды көркем өңдеу, филигрань, теріні өңдеу және одан бұйым жасау;

5) практикалық жұмыстар: материалдарды көркем өңдеудің, оларды сәндік безендірілуінің бір бағыты бойынша бұйымдардың эскизін дайындау және оны жасап шығару;

6) еңбек нысандарының түрлері: ою элементтерін қолдану арқылы жасалған ойыншықтар, ас үйлік аспаптар, ішкі-көрініс бұйымдары.

32. Электротехника және электроника негіздері – 3 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, тұрмыстық электр құралдарының жұмысы туралы жалпы мәліметтер, тұрмыстық электр қуаты қабылдағыштарын іске қосу;

2) тұрмыстық электр құралдарына қарапайым жөндеу жүргізу, дәнекерлеуді қолдана отырып электромонтаждық жұмыстарды жүргізу. Сымдардың, дәнекерлердің, флюстардың түрлері. Электромонтаж жұмыстарына арналған саймандар, электр тоғынан зақымданудан сақталу, автоматты түрде бақылау және реттеу туралы түсінік, автоматтандырылған құрылғылардың түрлері мен міндеті, тұрмыстық электротехникалық құрылғыларындағы автоматика элементтері, автоматика құрылғыларының қарапайым схемалары;

3) практикалық жұмыстар: радиоэлементтердің сыртқа шығарылған өткізгіштерін тазалау және оларды қалайылау, сымдарды монтаждық күлтеге дәнекерлеу, дәнекерлеуді қолдана отырып электромонтаждық жұмыстарды жасау, автоматика құрылғыларының қарапайым схемаларын құрастыру;

4) еңбек нысандарының түрлері: бұрылу жол көрсеткіші, бағдаршам.

33. Үй мәдениеті. Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, тұрғын жайдың экологиясы туралы түсінік, тйдің микроклиматын бағалау және реттеу. Температура тәртібін, ылғалдықты және ауа ортасының қалпын сақтап отыратын заманауи құралдары. Тұрмыстық техниканы қолдану ережелері;

2) практикалық жұмыстар: жарықтандыру құралдарын орналастыру жоспарын дайындау, жарнама арқылы тұрмыстық техникасын таңдау;

3) еңбек нысандарының түрлері: тауар мен қызмет жайлы жарнамалық анықтамалар, тұрмыстық техника үлгілері. Су, жылу, электр қуаты мөлшерлерін есептеу құралдары, су тазалау құрылғылары.

34. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті. – 5 сағат:

1) шығармашылық жобаларын орындау ерекшелектері;

2) ағаштан балалар орындығын жасауға арналған өзіндік шығармашылық жобасын орындау.

 

 

5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

35. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, ағаш пен металлды қолмен және механикалық түрде өңдеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтауға байланысты жалпы талаптар.

36. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 2 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, ғылымның ауыл шаруашылығының дамуына әсері. Зиянкестер мен ауруларға қарсы өсімдіктерді қорғау үшін улы емес құралдарын, органикалық және минералды тыңайтқыштарын қолдану;

2) дәнді дақылдарды өсірудің қарқынды технологиясы, өнім жинау тәсілдері;

3) практикалық жұмыстар: оқу-тәжірибе учаскесіндегі күздік жұмыстар, күздік дақылдарды егуге арналған жерді өңдеу, жеміс ағаштары мен жидек бұталарын күту, жидек бұталарының кесіндісін жасау, оқу-тәжірибе учаскесінде өсімдіктерді зиянкестер мен ауруларға қарсы қорғау;

4) еңбек нысандарының түрлері: жеміс ағаштары мен жидек бұталары.

37. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы – 8 сағат:

1) Негізгі теориялық мәліметтер, ағаштан бұйым жасауға арналған конструкторлық және технологиялық құжаттама, конус тәрізді беті бар бөлшектің графикалық бейнесі, ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналары;

2) ағашты механикалық түрде өңдеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері, ішкі беттерін жону. Қол араны, қашауды, сүргінің пышағын қайрау;

3) ағаш өнімі элементтерін біріктіру. «Қарлығаштың құйрығы» атты кертік біріктіруін орындау;

4) практикалық жұмыстар: ағашқа арналған токарь станогінде бұйымның ішкі беттерін жону, ағаш ұстасы саймандарының кесетін бөліктерін қайрау әдістерін меңгеру. «Қарлығаштың құйрығы» атты ағашты біріктіру әдісін қолдана отырып бұйым жасау;

5) еңбек нысандарының түрлері: тұз сауыт, сәндік тәрелке, қобдиша, қорап, шаруашылық-тұрмыстық мақсатындағы бұйымдар, ас үйлік аспаптар.

38. Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу– 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, құрылымдау материалдардың жіктелуі, металлдардың түрлері және негізгі қасиеттері;

2) металдарды өңдеу, болатты қыздырып өңдеу, металдарды кесу арқылы өңдеу, металл кесу станоктарының жіктелуі, токарлық-бұранда кесу станогінің құрылымы;

3) негізгі токарьлық операциялары, металға арналған токарь станогінде бұранданы кесу және бұрғылау, қонструкторлық және технологиялық құжаттама, металл бұйымдарының графикалық бейнесі;

4) практикалық жұмыстар: болатты қыздырып өңдеу әдістерімен танысу, металлдардың механикалық қасиеттері туралы білімдерін бекіту, токарлық-бұранда кесу станогінің құрылысымен танысу, бұйымды технологиялық картасы бойынша металл өңдеу станогында сыртқы цилиндрлі беттерін қайрау әдістерін, ойықтар мен бүйіржақтарын ойып алу және дайындамаларды кесіп түсіру әдістерін қолдана отырып жасап шығару, токарлық-бұранда кесу станогында бұранданы кесу және бұрғылау;

5) еңбек нысандарының түрлері: муфель пешінде кескішті босандату және суару, валик, төлке, бұрандама, сомын, сомын-құлақты бұранда, үлгілер мен құрылғылар бөлшектері.

39. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы – 6 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, қазақтың сәндік-қолданбалы өнер тарихына шолу, киіз үйдің пайда болу тарихы;

2) металл мен ағашты көркем өңдеу түрлері, ас үй аспаптарын жасау;

3) кәдесый жасау өнері, ағашты көркем аралау, бұйымдарға күйдіріп өрнек салу, металл бұйымдарын көркем өңдеу, зергерлік іс;

4) практикалық жұмыстар: материалдарды көркем өңдеу технологияларын пайдалана отырып сәндік-қолданбалы мақсатында бұйымдарды жасау;

5) еңбек нысандарының түрлері: қолдан және токарьлық әдісімен жасалған қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы шығармашылығы элементтері бар қобдишалары, ойыншықтары, шаруашылық-тұрмыстық мақсатындағы бұйымдары, кәдесыйлар мен әшекей бұйымдары.

40. Электротехника және электроника негіздері – 3 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, электрөлшеуіш құралдарының мақсаты. Әр-түрлі электрөлшеуіш құралдарының негізгі бөлшектері, жұмыс істеу принциптері және магнитті-электрлі, электромагнитті, электрдинамикалық және индукциялық жүйелерінің өлшеуіш механизмдері құрылысы;

2) электр біріктірулердің схемалары: құрылымдық, функционалдық, жалпы схемалары, орналастыру схемалары. МемСТ бойынша электр схемаларына арналған шартты графикалық белгілеулер, автоматиканың электр құрылғылары туралы түсінік, автоматиканың электр құрылғыларын пайдалану аймақтары және олардың техникалық сипаттамасы. Коммуникациялық автоматикалық емес құрылғының және электр қорғағыштардың мақсаты, құрылысы, жұмыс әрекеті. Электр дабыл күшейткіштердің жіктелуі, мақсаты және негізгі параметрлері. Күшейткіштің принциптік электр схемасы;

3) практикалық жұмыстар: тоқ күшін, кернеуін, электр кедергісін, тоқ қуатын өлшеудің тура және жанама әдістері. Коммуникациялық автоматикалық емес құрылғыныңжеліге қосу әдістері;

4) еңбек нысандарының түрлері: электрөлшеуіш құралдары, автоматиканың электр құрылғылары, электр қорғағыштар.

41. Үй мәдениеті. Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, қаладағы және ауылдағы (саябақтағы) тұрғын үйлердің электрмен, жылумен қамсыздандыру жүйелерінің, су құбыры мен кәріз жүйелерінің негізгі элементтері сипаттамасы. Оларды пайдалану ережелері, суды фильтрлеудің заманауи жүйелері;

2) практикалық жұмыстар: үйдің микроклиматын бағалау, жасырын электр сымдардың орналасқан жерлерін анықтау, жарнама арқылы тұрмыстық техникасын таңдау;

3) еңбек нысандарының түрлері: тауар мен қызмет жайлы жарнамалық анықтамалар, суды тазалау құрылғылары мен тіркеу құралдары.

42. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті. – 5 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер;

2) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;

3) техникалық шығармашылық мақсаттары;

4) металл мен ағаштан кәдесый бұйымдары мен ойыншықтарды жасауға арналған жобаны орындау.

 

 

6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

43. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, еңбекті қорғауға байланысты жалпы талаптар, өндіріс санитариясы, электр және өрт қауіпсіздігі;

2) практикалық жұмыстар: еңбекті қорғауға, электр және өрт қауіпсіздігіне байланысты талаптармен таныстыру;

3) еңбек нысандарының түрлері: еңбекті қорғауға, электр және өрт қауіпсіздігіне байланысты нұсқаулықтар.

44. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 3 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, ауылшаруашылық техникасы түрлері мен олардың мақсаттары жайлы жалпы мәліметтер;

2) жер өңдеуге, өнімді егуге және жинауға арналған машиналар, механизмдер мен аспалы құралдар. Ауылшаруашылық өнімін өңдеу және сақтау;

3) практикалық жұмыстар: жер өңдеуге арналған ауылшаруашылық техникасымен таныстыру;

4) еңбек нысандарының түрлері: соқа, тұқымсепкіш, қопсытқыштың құрылысын зерттеу.

45. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы – 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, кесу арқылы ағашты механикалық түрде өңдеудің негізгі әдістері;

2) кесу процесі туралы негізгі мәліметтер, ағаш өңдеуге арналған электрлендірілген қол саймандары, үстінгі қабаты күрделі;

3) бұйымдардың графикалық бейнесі, күрделі үстінгі қабаттарды қайрап жетілдіру әдістері, күрделі үстінгі қабаттарды маршруттық және операциялық карталар бойынша қайрап жетілдіру, ағаш бұйымдарын өңдеу және өңдеуге арналған материалдар;

4) практикалық жұмыстар: әшекейленген кәдесый бұйымдарын ағаштан және қолда бар материалдан токарь станогында немесе қолмен жасап шығару;

5) еңбек нысандарының түрлері: шаруашылық-тұрмыстық мақсатындағы бұйымдар.

46. Металлды қолмен және механикалық түрде өңдеу– 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, фрезерлеу арқылы металлды өңдеу, фрезерлік станогінің құрылысы;

2) негізгі фрезерлік операциялары, бөлшектерді өңдеудің дәлдігі,

3) өңделетін бөлшектер беттерінің кедір-бұдырлығы;

4) металлөңдеу өндірісіндегі өндірістік және технологиялық процесі туралы түсінік, металлдан бөлшек қалыптастыру әдістері;

5) практикалық жұмыстар: жазықтық-фрезерлік станогі құрылысымен және оны басқару әдістерімен таныстыру, негізгі фрезерлік операцияларын қолдана отырып, жазықтық-фрезерлік станогында технологиялық карта бойынша бұйымдар жасау;

6) еңбек нысандарының түрлері: металл кесегінен тікбұрышты және сатылы аралық жасау.

47. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы – 5 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, туған өлкенің көркем халықтық кәсіптері;

2) күбе мен сандықты жасау технологиясы, домбыра тарихынан, музыкалық аспаптардын құрылысы ерекшеліктері, кәдесыйға арналған домбыраны жасау технологиясы;

3) кәдесый бұйымдарын ағаштан немесе қолда бар материалдан жасау, бұйымдарды көркем әшекейлеу, ағашты көркем ою түрлері, ағашқа арналған токарь станогында сәндік-қолданбалы мақсатындағы бұйымдар жасау;

4) практикалық жұмыстар: бұйымдардың және оларды сәндік әшекейлеу эскиздерін әзірлеу, құрылымдау және өндіру материалдарынан қолмен және машина арқылы өңдеу технологияларын қолдана отырып бұйымдар жасау.

5) еңбек нысандарының түрлері: шаруашылық-тұрмыстық мақсатындағы бұйымдар, сандық, кәдесыйға арналған домбыра, ойыншықтар, асүйлік аспаптар, интерьер бұйымдары, әшекей заттары.

48. Электротехника және электроника негіздері – 3 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметте, халық шаруашылығының дамуына электротехниканың маңыздылығы;

2) электротехникалық жұмыстарының негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасы: монтаждау, орау-оқшаулау, құрастыру, пайдалану, жөндеу;

3) электротехника материалдарының жіктелуі: салыстырмалы электр кедергісі, тығыздығы, балқуы, тот басуға қарсы төзімділігі, дәнекерлеу арқылы бірігу қабілеті. Өткізгіш материалдарын қолдану аймақтары, электр оқшаулау материалдарының негізгі қасиеттері;

4) электр құрылғылардың жалпы сипаттамасы: мақсаты, негізгі сипаттамасы, электр құрылғыларын монтаждау және тексеру ережелері. Жартылай өткізгіш құралдары: жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлардың қасиеттерінің сипаттамасы (бір жақты өткізгіштік, электр дабылдарын күшейту қасиеті) және схемаларда олардың шартты белгілеулері. Жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторларды тексеру әдістері, құрылу және монтаждау ерекшеліктері;

5) практикалық жұмыстар: әр-түрлі электротехникалық жұмыстарды орындау: монтаждау, орау, оқшаулау, құрастыру, тұрмыстық құралдарын жөндеу. Қарапайым электр құрылғысын монтаждау, фильтрлеу тізбектері, тербеткіш контур;

6) еңбек нысандарының түрлері: дыбыс генераторы.

49. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті. – 5 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, зерттеу шығармашылық жобалау іс-әрекеті, оңтайландыру және ойлап табушылық;

2) қолмен және токарь әдісімен қазақ сәндік-қолданбалы элементтері бар бұйымдарды ағаштан, металлдан, теріден және басқа қолда бар материалдан асүйлік аспаптарды, тұрмыстық заттарды, ойыншықтарды, кәдесый бұйымдарын жасау жобасын өз бетінше орындау;

3) практикалық жұмыстар: тұынушының қажеттілігіне байланысты болашақ бұйымның функционалдық ерекшеліктерін және таңдауын дәлелдеу, жобаны әзірлеу және орындау;

4) еңбек нысандарының түрлері: жеке тұлғалық және қоғамдық маңыздылығы бар бұйымдар.

50. Қазіргі заманғы өндірісі мен техникалық және кәсіптік білім беру – 1сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіптік іс-әрекетке деген қазіргі заманғы талаптар, кәсіп пен мамандық және жұмысшының біліктілігі туралы түсінік, мамандық таңдау кезінде жеке тұлға қасиеттерін ескеру, еңбек пен білім беру қызметтерінің аймақтық нарығы, кәсіптік білім алу және жұмысқа орналасу жолдары туралы мәлімет іздестіру;

2) практикалық жұмыстар: аймақтық еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің ұсыныстарын зерттеу, әр-түрлі көздерден кәсіптік және техникалық білім алу мүмкіндіктері туралы мәлімет іздестіру, анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу, өмір жоспарын құру және резюме жазу;

3) еңбек нысандарының түрлері: басқарушы қызметтердің, мамандардың және басқа кызметшілердің біліктілік анықтамалығы.

 

 

7. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

Технология қыз балаларға арналған

 

тақырыптық жоспар: кесте 1

Бөлім атаулары

Сағат саны

барлығы

теория

практика

1

Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі

1

1

 

 

 

 

 

 

2

Тағам әзірлеу технологиясы  

4

1

3

3

Маталармен танысу. Мата өңдеу  технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау

17

4

13

4

Тұрғын үйдің ішкі көрінісі

2

1

1

5

 

Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы

1

1

 

 

6

Көкөніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір саласы

3

1

2

7

Жоба

6

1

5

 

Барлығы:

34

10

24

 

51. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер,мектеп шеберханасындажалпы тәртіп сақтау ережелері, құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдері, күйік және басқа да жарақат алғандаалғашқы медициналық көмек көрсету, қолмен жұмыс істейтін құралдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері (қайшы, ине, біз, және т.б.).

52. Тағам әзірлеу технологиясы – 4 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, тамақтану физиологиясы, тамақтану режимімен танысу, тиімді тамақтану, азық-түлік өнімдерімен жұмыс. Асүй мен асүйдің жабдықталуына; тағам дайындайтын адамға; тағамдардың дайындалуына; азық-түліктер мен дайын тағамдардың сақталуына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар;

2) ыстық ыдыс-аяқтар мен сұйықтықтарды пайдалану кезіндегі; электрқыздырғыш аспаптарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Ішкі тәртіп ережелері, ас үй ыдыстары және оларды күту, тамақтанудағы көкөністердің маңызы, экологиялық таза өнімдер;

3) көкөністердің жіктелуі, көкөністердің қоректік құндылығы, көкөністерді алғашқы өңдеу ережелері, тамақтың түйсіктік (органолептикалық) көрсеткіштеріне баға беру, азық-түлікті үнемді және тиімді пайдалану, жұмыртқадан жасалған тағамдар, жұмыртқаны пісіру тәсілдері, бутерброд түрлері, бутерброд дайындауға арналған азық-түліктер;

4) ыстық сусындар: шай, кофе, какао, кисель. Шай түрлері, таңғы ас дастарқанын жабдықтау, майлықтарды қаттап салу тәсілдері, дастарқан басындағы мәдениет, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы;

5) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): жаңа піскен көкөністерден тағамдар дайындау, көкөністерді турау, тағамдарды әсемдеу, көкөніс винегреті, жұмыртқадан жасалған тағамдар дайындау, ашық, жабық бутербродтарды дайындау, қазақтың ұлттық тағамдары, шай дайындау (қазақша), таңғы ас дастарқанын жабдықтау, тамақтың дәмін татып көру, түйсіктік (органолептикалық) көрсеткіштеріне баға беру. Ыдыс-аяқтар мен аспаптар: пышақ, үккіш, шикі және пісірілген көкөністерді турауға арналған тақтайлар, тегеш, кастрөл, қасықтар, стақандар, шанышқылар, табақ,кондитер қабы, тостер, су қайнатуға арналған шәйнек, шай қайнатуға арналған шәйнек;

6) көрнекіліктер: оқулық, технологиялық карталар, табиғи өнімдер;

7) көрсетілім (үлгі бойынша көрсету): нан және тағы басқа да азық-түліктерді турау тәсілдері, плакаттар, кестелер, сызбалар, піскен және шикі көкөністерден дайындалған тағамдарды әсемдеу, бутерброд түрлері. Шай түрлері, қапталуы, сақталуы.

53. Маталармен танысу – 1 сағат:

54. Мата өңдеу технологиясы – 10 сағат:

55. Тігін машинасымен жұмыс жасау – 6 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, тоқыма талшықтарының жіктелуі, мата өндірісі, мақта және зығырдың қасиеттері, маталарды дайындау технологиясы, мата құрылымы, мата тоқудың қарапайым түрі, қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орнын ұйымдастыру, қол жұмыстарын орындауда қолданылатын аспаптар мен құралдар;

2) қауіпсіздік техникасы ережелері, қол жұмыстары, инешаншым мен тігім түрлері, қол жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар, ылғалдық-жылулық өңдеу, қазақтың ұлттық ою-өрнектері, ою түрлері және дайындау реттілігі, жапсырма өрнектер, ұлттық кестелер, композиция, ою-өрнек, узор, раппорт, мата, жіп, инелерді таңдау, қолмен кестелеуге арналған тігіс түрлері, тігін машиналарының түрлері, тұрмыстық тігін машинасымен жұмыс істеу ережелері, машинамен жұмысты орындауда техникалық қауіпсіздік ережелері;

3) машина тігістерінің түрлері, терминологиясы, машина тігістеріне қойылатын талаптар;

4) сарамандық жұмыстар: мақта және зығыр талшықтарын зерттеу, қағаздан қарапайым жаймалық өрім тоқу макетін жасау, матаның өңі жағын анықтау. Қол жұмысы кезінде қолданылатын аспаптармен, құралдармен танысу. Қолмен орындалатын инешаншымдар мен тігімдер, тігіс түрлерінің орындалу технологиясы;

5) қарапайым тігістерді орындау: көшіру, көктеу, бүгіп көктеу, көктеп тігу, жапсырып тігу, торлау, айқас және тізбек тігіс. Жапсырма өрнекті торлау тігісімен өңдеу, тігін машинасын жұмысқа дайындау, тігін машинасымен жұмыс;

6) машина тігістерін орындау: сырып тігу, ашық және жабық қиықты бүгіп тігу, жабық қиықты жапсырып тігу, жөрмеу, шеттіктеу тігісі. Жапсырма өрнекті ирек тігіммен өңдеу;

7) қажетті құралдар мен жабдықтар: «Мақта», «Зығыр» коллекциясы, лупа, оқулық, қағаз, қайшы, мата үлгілері мен қиындылары, желім, түйрегіштер, инелер, фурнитура, жіптер.

8) көрнекіліктер: тігін машинасының сызбасы, тігін машинасының түрлері, үтіктеу тақтасы, үтік, тоқыма үлгілері, технологиялық карталар;

9) көрсетілім (демонстрациялау): талшықты күйдіру жолымен матаның талшық құрамын анықтау, матаның негізгі және арқау жіптерінің бағытын анықтау, тігін машинасын жұмысқа дайындау.

56. Тұрғын үй интерьері – 2 сағат:

1) тұрғын үйдің (үй, пәтер) сипаттамалық ерекшеліктері, пәтердің жабдықталуы (жиһаздар мен жабдықтарды орналастыру), үйде жайлы жағдай жасау, үйдің ішкі көрінісі, дизайнер мамандығымен танысу, дизайнер міндеті, жеке тұлғалық қасиеттері;

2) салт-дәстүрлерге байланысты бұйымдар (ұлттық ою-өрнекті қазіргі жағдайға бейімдеп қолдану), қонақ күту ережелері, қазақ халқының қонақ күту ерекшелігі;

3) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): ас үй, жатын бөлме, асхананың ішкі көрінісін дайындау. Кітапша дайындау: қонақ қабылдау ережесі, сенің туылған күнің (көңіл көтеру бағдарламасы);

4) материалдар: қатырма қағаз, түрлі түсті қағаз, ермексаз, мата қиындылары, түрлі түсті қаламдар, қайшы, желім, күнделікті қажетті материалдар;

5) көрнекілік: түрлі түсті қағаз, «Интерьер» журналы. Көрсетілім: ас үй, жатын бөлме, асхананың ішкі көрінісін дайындаудың үлгілері.

57. Жеке бас гигиенасы, киімді және аяқкиімді күту – 1 сағат:

1) салауатты өмір салты, салауатты өмір салтының факторлары, денсаулыққа зиянын келтіретін факторлар, рухани денсаулық, киім және аяқкиім гигиенасы, киім мен аяқкиімге қойылатын гигиеналық талаптар, киім мен аяқкиім күтімі, шартты белгілер (кір жуу, үтіктеу). Киімді: термоаппликациямен, сәндеп жамаумен жөндеу;

58. Көкөніс және өсімдік шаруашылығының саласы – 3 сағат:

1) маңызды көкөніс дақылдары, нәрлілік және емдік қасиеттері, пияз тектес өсімдіктер, асқабақ тектес өсімдіктер, асханалық тамыр жемісті өсімдіктер, ақпараттар мен тарихи анықтамалар;

2) көкөніс дақылдарын өсірудің ерекшеліктері: пияз, сарымсақ, қияр, қызылша, шалқан, қызанақ, қырыққабат. Көшет отырғызу негіздері (қырыққабат, қызанақ, бұрыш, баклажан, кәді);

3) сарамандық жұмыс: бөлме жағдайында көшеттер отырғызу, көкөністерді өсірудің реттілігі (жәшікте немесе гүлсауытта), көкөніс отырғызу, күту, көшіріп отырғызу, топыраққа көшіріп отырғызу, жинау және есептеу, күнделік арнау;

4) құрал-саймандар, жабдықтар, көрнекілік: плакаттар, кестелер, слайдтар, жәшіктер, сауыттар, күрек, кетпен, тырнауыш, айыр, шелек, су құйғыш, бақша қайшысы;

5) тұқым коллекциясы: қызанақ, қырыққабат, пияз. Жұмсақ мата, астау немесе түбі терең ыдыс;

6) топсеруен: көкөніс сақтайтын орын, жылыжай, мектеп алды алаңы.

59. Жоба – 6 сағат:

1) шығармашылық жобаны таңдау және негіздеу, жоба тақырыбын таңдау, мақсаты мен міндеті;

2) шығармашылық жоба нысандары: кілемше, панно, көрпе, үйкек (зат астына қоятын бұйым), майлық, жастық дайындау. Ине қыстырғыш жастықшаны жобалау және дайындау. Әшекейлеу тігістерімен безендірілген, кестеленген шағын сумка қалташа;

3) құрал-саймандар, жабдықтар, материалдар, инелер, қайшы, сызғыш, сантиметрлік таспа, бор, түйрегіш, қорап, папка, полиэтиленді пакет, тігін машинасы, үтіктейтін тақта, үтік, қатырма қағаз, аралық төсем материалдары (синтепон, ватин, флизелин), мақта мата қиындылары, «мулине» түрлі түсті жіптері;

4) күтілетін нәтиже: технологияның жаңа интегративті білім беру саласын оқып-үйрену, оқушыларды арнайы және жалпы еңбекке баулуға мүмкіндік туғызып, интеллектуалды, физикалық, этикалық, эстетикалық дамуын және кәсіптік өзін-өзі анықтауы мен қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімделуін қамтамасыз етеді;

5) шығармашылық тапсырмалар оқушыларға жеке адамдардың, әлеуметтін қажеттіліктерінде және оларды орындауда, бұйым жасауға мүмкіндік береді.

 

 

8. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

тақырыптық жоспар: кесте 2

 

Бөлім атауы

Сағат саны

барлығы

теория

практика

1

Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар

3

1

2

2

Тағам әзірлеу технологиясы

6

2

4

3

Маталармен танысу. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу

16

 

 

3

 

 

13

 

 

4

Тұрғын үй интерьері. Тұрғын үй гигиенасы. Киім және аяқкиім күтімі

3

 

 

1

2

5

Жоба

6

1

5

 

Барлығы:

34

8

26

60. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы – 3 сағат:

1) көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар, өнім жинау, тұқымдарды іріктеу және сақтауға қою;

2) көктемдік көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіру, оны көктемде отырғызу. Орамжапырақ, сәбіз, қызылша тұқымын іріктеу, жинау. Көкөніс дақылдарын арамшөптерден, зиянкес жәндіктерден, аурулардан сақтау шаралары. Жеміс ағаштары мен жидек дақылдарына жалпы сипаттама, жеміс ағаштарын отырғызу ережесі, бақша күтімі;

3) жидек дақылдары: қойбүлдірген, қарақат, қарлыған, таңқурай. Жидек бұталарын вегетативтік көбейту, отырғызу ережесі. Жемістердің пісіп жетілу мерзімін анықтау, жеміс-жидек дақылдарын жинау, өнімдерін есепке алу;

4) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): жидек бұталарын вегетативтік көбейту, күздік көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіру, оны көктемде отырғызу, жидек бұталарын кесу, тұқым жинау, қысқа жидек бұталарын, бақшаны дайындау, күнделік жүргізу;

5) құрал-жабдықтар: жәшіктер, күрек, тырма, кетпен, шелектер, бау қайшы, секатор;

6) көрнекілік: бөлім бойынша кестелер, плакаттар, тұқымдар коллекциясы, «Жер өнімі» кітабы, слайдтар.

Топсеруен: жылыжай, мектеп жанындағы учаске, көкөніс қоймасы.

61. Тағам әзірлеу технологиясы – 6 сағат:

1) қазіргі ас үй бөлмесі, электр жабдықтарын қолдану ережесі, қауіпсіздік техникасы ережесі, өзін-өзі ұстау мәдениеті, қонақ күту ережелері, қазақ халқының үй керек-жарақтары мен киіз үй жиһаздары, күнделікті үй керек-жарақтары, азық-түлік өнімдерін және ыдыс-аяқтарды сақтау, тағам әзірлеу және тамақтану бойынша жалпы мәліметтер;

2) минералды тұздар, макроэлементтер, микроэлементтер олардың азық-түлік түрлеріндегі құрамы. Аспаздық өңдеу кезінде азық-түліктердегі минералдық тұздарды сақтау әдістер, азық-түліктерді жылумен өңдеу, көкөністерден тағам әзірлеу технологиясы, қуырылған және қайнатылған көкөніс тағамдары;

3) макарон, бұршақ, жарма өнімдерінен дайындалған тағам. Макарон, бұршақ, жарма өнімдерін қайнатуға әзірлеу. Жармадан (қарақұмық, арпа, сұлы) үгілмелі, тұтқыр (жабысқақ) және сұйық ботқа дайындау ережесі.

4) ыдыс және құрал жабдықтар. Ботқадан келесі тағам түрлерін дайындаудың қысқаша сипаттамасы: пісірмелер, котлет, жармалық, пудинг. Тағамды пісіру мерзімі және дайын болуын анықтау тәсілдері, бұршақтұқымдастардан тағам дайындау ережесі. Жарма, бұршақ және макарон өнімдерін пісіру кезінде жүретін процестер. Түрлі консистенциялы ботқалар мен гарнирлер пісіру кезіндегі жарма, бұршақтұқымдастар және макарон өнімдері мен судың арасындағы арақатынас мөлшері. Ботқа, жарма, бұршақтұқымдастар және макарон өнімдерін пісіруге қолданылатын ыдыстар мен аспаптар. Тағамның дайын болуын анықтау тәсілдері, дайын тағамды дастарқанға ұсыну, сүт және сүт өнімдері, сүт және сүт өнімдерінің адам тамақтануындағы маңызы, Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде сүт тағамдарының алатын орнының ерекшелігі, сүт және сүт өнімдерінің аспаздық маңызы;

5) сүттің қоректік құндылығы, химиялық құрамы: майлар, белоктар, сүт қанты, дәрумендер. Сүт ассортименті, сақтау шарттары мен мерзімі, сүтті сақтау тәсілдері;

6) ұлттық тағамдар: жент, ашыған көже, қымыз, шұбат, айран, шалап;

7) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): ағзаның тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыратын ас мәзірін құру, азық-түлік мөлшерін есептеу. Түскі, кешкі асқа дастарқан әзірлеу. Қазақ халқының дастарқан жабдықтау ерекшелігі, қуырылған және қайнатылған көкөністен тамақ дайындау (картоп езбесі және сәбізден жасалған котлет), сұлы жармасының ботқасы, макарон қайнатпасы, мнтақ ботқасы, бұршақтан әзірленген езбе, томат қосылған үрмебұршақ, сүтпен пісірілген ботқалар. Ыдыс-аяқ және құрал-жабдықтар: кастрөлдер, қасық, стақандар, шұңғыл табақ, қазан, кепсер, сонымен қатар ұлттық тағамдар дайындауға арналған ыдыстар мен керек-жарақтар;

8) Көрнекілік: Қазақ халқының тұрмыс мәдениеті жөніндегі кітап, технологиялық және нұсқаулық карталар, ұлттық ыдыс-аяқтар мен аспаптар: зерен – қымыз бен шұбат құюға арналған терең ыдыс, шара немесе тегене – қымызға арналған ыдыс, ожау – қымыз құюға арналған ұзын сапты аспап, кепсер – қазанға бауырсақ пісіруге және оны қалқып алуға арналған аспап, құмыра – сүт, айран, шұбат және су сақтауға арналған ыдыс.

62. Маталармен танысу – 1 сағат:

1) жануарлардан алынатын табиғи талшықтар: жібек, жүн, мамық, түбіт. Алу тәсілдері, бұл талшықтардан жіп алу жіп иіру өндірісінде және үй жағдайында жүргізіледі, жануарлардан алынатын табиғи талшықтардың және де олардың негізіндегі жүн, жібек жіптер мен маталардың құрамы, экологиялық қасиеттері. Маталардағы саржалы, сәтенді, атластық өрімдер. Өрім раппорты туралы түсінік. Матаның өңі мен теріс жағы, мата ассортименті туралы қысқаша мәлімет;

2) сарамандық жұмыс: жүн, жібек, зығыр, мақта талшықтарын және жіптерін айыра білу;

3) құрал-жабдықтар мен материалдар: жүн және жібек маталардың бір-бір үлгілері, жуан ине, дәптер, мата түрін анықтауға арналған кесте;

4) көрнекілік: «Жібек», «Жүн» коллекциялары (салыстыру үшін), «Талшықтар, мата түрлері қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы» кестесі, маталар ассортименті.

5) көрсетілім: маталарды талшықтық құрамы бойынша айыру, негіз бен арқау жіптерінің өрім түрлерін (жаймалық, саржалық, атластық) отқа жағу және тоқыма жіптерінің өрімі арқылы анықтау.

63. Тігін машинасымен жұмыс жасау – 2 сағат:

1) тігін машинасының қызметі, құрылымы және жұмыс істеу принципі: жоғарғы және төменгі жіптердің керілісі, инешаншым ұзындығын реттеу, табанды бастыру. Жоғарғы және төменгі жіптердің керіліс күшін өзгерту арқылы машинаның тігім сапасын реттеу;

2) машина инесінің құрылысы және инені орнату, мата түріне байланысты ине мен жіп жуандығын таңдау, машина инесінің ақаулары немесе оны дұрыс орнатпау себебінен болатын ақаулар, тігін машинасының күтімі, тазалау және майлау, ирек тігімді қолдану;

3) сарамандық жұмыс: әр түрлі маталарға арналған машиналық тігім сапасын реттеу, машина инесін таңдау және орнату, қиықтарды торлау, жапсырманы орындау;

4) құрал-жабдықтар мен материалдар: мата қиықтары, қайшы, машина инелері (әр түрлі нөмірлі), жіптер;

5) көрнекілік: кестелер - «Ине құрылысы», «Тігін машинасының күтімі», «Дұрыс тігім», «Тігін машинасындағы ақаулар», үлестірме материал, тігім үлгілері;

6) көрсетілім: тігін машинасының жұмысындағы инені, жіпті дұрыс таңдамау, сонымен қатар жіптердің керілісін дұрыс реттемеу салдарынан пайда болатын ақаулар;

7) топсеруен: тігін фабрикасына, тігін салонына.

64. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу –13 сағат:

1) киім және оған қойылатын талаптар, киімнің мақсатты арналуы, жобалау, алжапқыш сызбасын жасауға арналған өлшемдер, өлшем алу ережелері, негізгі сызықтар, киімді модельдеудің негізгі кезеңдері, эскиз, алжапқыш үлгілері, фасон, түс және әрлеу,

2) конструкциялау, пішу жұмыстары, матаны үнемді пайдалану,

3) алжапқыш дайындаудағы технологиялық реттілік, қауіпсіздік техникасы, санитарлық-гигиеналық талаптар.

4) сарамандық жұмыс: өлшем алу, М 1:4 шынайы өлшемде алжапқыш сызбасын жасау, сызбаны оқу, алжапқышты модельдеу, матаны және пішімді пішуге дайындау, матаға пішімді жаю (3 нұсқада), матаны бүктеу және терістеме жағында төсеу, пішім бөлшектерін өңдеуге дайындау, уақытша және тұрақты біріктіруге арналған инешаншымдар мен тігімдер, алжапқыш пен үшкіл орамал дайындау.

5) құрал-саймандар мен материалдар: пішімдер, альбом парақтары, қимаүлгі, түрлі түсті қағаздар, үлкен форматты қағаз, қайшы, қарындаш, бор, түйрегіштер, ине, жіп, оймақ.

6) жабдықтар: тігін машинасы, оверлок, үтік.

7) көрнекілік: технологиялық карталар, кестелер, алжапқыш фасондары.

8) көрсетілім: матаның негізгі және арқау жіптерінің бағытын анықтау, әрлеу түрлерінің үлгілері.

65. Тұрғын үй ішкөрінісі – 2 сағат:

1) ішкікөріністегі композиция түсінігі, ұлттық өмір салты мен тұрмыс-дәстүріне сай келетін тұрғын үй интерьерінің өзіндік сипаттары, тұрғын үй гигиенасы;

2) тұрғын үй интерьерін: эстамптармен, картиналармен, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен әсемдеу. Қолөнер, ішкікөріністегі перделер, ішкікөріністегі жарықтың рөлі, тұрғын үй орынжайларын жинастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар, жиһаз күтімі, киіз үй және оның жасауы, қазақ халқының тұрмысындағы кілем бұйымдары, қазақ халқының әдет-ғұрыптары, дәстүрлері;

3) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): киіз үй, балалар бөлмесінің дизайны. Киіз үй керек-жарақтары мен жиһазы, әшекейлері (қолда бар материалдардан М 1:4 көлемінде жиһаз дайындау және орналастыру), қабырға кілемі – түскиіз элементтерін тізбек тігіспен кестелеу;

4) көрнекілік: плакаттар, тұрғын үй ішкікөріністегі иллюстрациясы, картиналар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, кинофильмдер слайдтар.

5) көрсетілім: киіз үй макеті, көркем кітапшаларды.

66. Киім мен аяқ киім күтімі – 1 сағат:

1) жүн және жібек матадан тігілген киімдер күтімі. Мата, киім күтімі символдары. Былғары, күдері, велюрден тігілген киімдер күтімі ережесі. Былғары аяқ киімді тазалау, былғары аяқ киімге май немесе кастор майын сіңіру. Аяқ киімге суға төзімділік беруге арналған гидрофобиялық майлар, аяқ киім тазалауға арналған бір және бірнеше рет қолданылатын арнайы салфеткалар. Аяқ киім ішін дезодорациялау, аяқ киім формасын сақтау тәсілдері, аяқ киім кептіру ережесі, күдері аяқ киімді тазалау, күдері мен велюр түгін қалпына келтіру тәсілдері, лакталған былғарыдан, матадан тігілген аяқ киім және резеңке аяқ киім күтімі, аяқ киімді үй жағдайында кеңейту.

67. Жоба – 6 сағат:

1) жоба таңдау және негіздеу. Жобаның мақсаты мен міндеттері, нәтижесі. Жоба тақырыптары, бұйымды жарнамалау;

2) зерттеушілік қызмет, дизайнерлік және конструкторлық қабілеттер;

3) ізденіс жұмысы, шығармашылық жұмысқа арналған жұмыс орны;

4) шығармашылық жоба нысандары (таңдау бойынша), ішкікөрініс тарихы, қазақ ұлттық киіз үйі жиһаздары, ыдыстары, аспаптары (М 1:4 көлемінде дайындау және орын-орнына орналастыру, ұмытылған қазақ халқының ұлттық тағамдары рецептерін қайта жаңғырту жөніндегі ізденіс жұмыстары, кітапша жасау, қазақ ұлттық киімін әшекейлеу үшін қолданылатын кестелер (тізбек тігіc, қабырға тігіс, таңдай тігіс), техникасы және технологиясы, панно, картина және басқа да бұйымдар жасау. Кестеленіп жасалған қабырға кілемі – түскиіз элементтері, кесте тігуге арналған негізгі маталар (зығыр, жүн, сора, мауыт, жібек, мақта және аралас – үй және фабрикалық өндірістік маталар) мен әр түрлі сұрыпты жіптер. Сәнді жастықты жасау технологиясы;

5) құрал-жабдықтар мен материалдар: ине, қайшы, сызғыш, сантиметрлік таспа, масштабтық сызғыш, тігінші боры, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар, тігін машинасы, үтіктеу тақтайы, үтік, картон, желім, кестелеуге арналған жіптер, мата қиықтары, киіз үй, жиһаз, ыдыс-аяқ жасауға арналған қолда бар материалдар.

 

 

9. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

тақырыптық жоспар: кесте 3

Бөлім атауы

Сағат саны

 

 

барлығы

теория

практика

1

Тағам дайындау технологиясы

4

1

3

2

Мата түлерімен танысу. Киімді күту

2

1

1

3

Тігін машинасымен жұмыс жасау

2

1

1

4

Киімді жобалау және дайындау

12

2

10

5

Тұрғын үй интерьері

2

1

1

6

Қолөнер

6

1

5

7

Жоба

6

1

5

 

Барлығы:

34

8

26

 

68. Тағам дайындау технологиясы - 4 сағат:

1) балық және теңіз өнімдері, Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары, дастарқан жабдықтау түрлері (негізгі алты түрі), дастарқан жасауға арналған құралдар (негізгі және қосымша құралдар) асхана ыдыс-аяқтары, мерекелік дастарқанды жабдықтауға арналған майлықты әртүрлі пішімде бүктеу нұсқалары, қонақжай дастарқан (салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар), этикет ережелері, балық және теңіз өнімдерінің тағамдық құндылығы туралы түсінік, балық пен теңіз өнімдерін аспаздық  өңдеу мүмкіндіктері, сақтау жағдайлары мен мерзімі, консерві банкілеріндегі шифр, балық сапасын анықтау тәсілдері, балықты алғашқы өңдеу, балық және балық өнімдерін алғашқы өңдеудің санитарлық шарттары, ас үй бөлмесіне, ыдыстарға және ас үй жабдықтарына  қойылатын санитарлық талаптар;

2) тұрмыстық электр қыздырғыш құралдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері, балық және теңіз өнімдерінен тағамдар даярлау, тағамды жылу тәсілімен өңдеу, жаңа ауланған және тұздалған балықты бөлшектеу, жартылай дайын өнімдер даярлау.

3) сарамандық жұмыстар (таңдау бойынша): балықты еріту және бөлу, тұзды балықтарды бөлу, күріш және көкөніс қосылып, қуырылған теңіз балығы, картоппен пісірілген балық, қазақша пісірілген балық, балықтың жон етін фритюрде қуыру, консервіленген балықтан жасалған котлет.

4) ұн ұнтағы, кептірілген нан ұнтағы, кляр. Балықтан жасалған котлет, домалатпа, тефтели. Консервіленген балықтан жасалған котлет, дайын тағамдардың сапасына қойылатын талаптар;

5) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): өрік қосылған құймақ, балық фаршы қосылған құймақ. Қаймақ немесе тосаппен құймақ.

6) ыдыс – аяқ және құралдар: кастрөлдер, қаңылтыр табалар, тегеш, қасықтар, терең тостағандар, қазан, бөлшектеу тақталары, тарелка, шанышқы, кепсер.

7) көрнекі құралдар: қазақ халқының дәмді және құнарлы тағамы, тұрмыстық мәдениеті туралы кітап, технологиялық және нұсқамалық карталар, плакаттар, кестелер: «Түскі асқа дастарқан әзірлеу».

69. Мата түрлерімен танысу, химиялық талшықтардан тігілген киімді күту- 2 сағат:

1) химиялық талшықтар, олардың қасиеттері, химиялық талшықтарды өндіру технологиясы, химиялық талшықтардың қасиеттері (жасанды және синтетикалық), жасанды және синтетикалық талшықтардан жасалған маталар (ассортимент), химиялық талшықтардан жасалған бейматалар, аралықтөсем материалдары, киім өндірісінде маталарды пайдалану, химиялық талшықтардан жасалған киімдерді күту, адам организміне матаның экологиялық әсері.

2) сарамандық жұмыстар (таңдау бойынша): химиялық талшықтардан жасалған маталардың қасиетін анықтау (зертханалық-сарамандық жұмыс), табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталар құнының салыстырмалы талдауы, химиялық талшықтардан жасалған бұйымдарға күтім жасау белгілерін үйрену, табиғи және химиялық талшықтан жасалған бұйымдарды жуу үшін кір жуатын ұнтақты таңдау.

3) материалдар мен құралдар: химиялық талшықтардан жасалған маталардың үлгілері, қиындылар, ине, дәптер, кестелер, аралық төсем материалдары (желімді аралық төсем, корсаж төсемі, желімдік өрмек, флизелин, синтепон), бейматалар үлгілері, жылулыққа салынатын материалдар;

4) көрнекі құралдар: химиялық талшықтар топтамасы, «Талшық, мата қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы», «Мата түрлері» кестелері, «Жуу және ылғалдық-жылумен өңдеу тәсілдері», «Химиялық талшықтардан жасалған бұйымдарға күтім жасау белгілері» кестелері, жасанды және синтетикалық маталардан тігілген киім белгілері, оқулық, дәптер;

5) көрсетілім: аралық төсем және жылулық материалдары, маталардың құрамын анықтау, топсеруен, маталар салоны, тігін салоны.

70. Тігін машинасымен жұмыс жасау - 2 сағат:

1) машина тігістерінің түрлері: біріктіру, шет, әрлеу тігістері;

2) жөрмеу және шеттіктеу тігістерін орындаудың технологиялық процесі;

3) сарамандық жұмыстар: жөрмеу тігісін орындау, қиғаш жиекпен шеттіктеу тігісін орындау, қосарлы тігісті орындау;

4) көрнекі құралдар және жабдықтар: тігін машиналары, «Машина тігістерінің түрлері» кестесі, машина тігістерінің үлгілері, нұсқаулық карталар.

71. Киімді жобалау және дайындау – 12 сағат:

1) иық бұйымдарын конструкциялау және модельдеу (түнгі жейде, камзол);

2) қазіргі заманғы киім үлгілері және оған қойылатын талаптар, иық бұйымдарының түрлері мен сипаттамасы, киім силуэті, қазіргі киімдердегі негізгі стильдер, Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері, қазақ халқының ұлттық киімдері, киімді дәстүрлі әсемдеу және ұлттық талғам, қазақ халқының ұлттық ою-өрнектері, киімді кестемен;

3) ою-өрнекпен көркемдеп әшекейлеу (жилет, камзол, баскиімдер), қамзол тігу кезінде бөлшектерді қатырмалау, жеңі тұтас пішілген иық бұйымының сызбасын жасау үшін өлшем алу, жеңі тұтас пішілген иықты бұйымның сызба негізін құрастыру, түнгі жейде негізінде иық бұйымының пішімін дайындау. Камзол, түнгі (ұйықтағанда киетін) жейде конструкциясын есептеу үшін қажетті формулалар;

4) иық бұйымдарын модельдеу ерекшеліктері. Әртүрлі формадағы иініш, бұйым ұзындығын, жеңін, мойын ойындысы пішінін өзгерту жолымен бұйымды модельдеу;

5) бұйымды әрлеу түрін және мата таңдау, түнгі жейде әзірлеуге кететін мата мөлшерін анықтау, пішімді пішуге дайындау, бұйымды пішу ережесі, бұйымды өлшеуге дайындау. Өлшеу жұмысын жүргізу, ақауларды жөндеу. Түнгі жейде тігу реттілігі технологиясы. Бұйым дайындауда қазақ халқының ұлттық өрнегін қолдану. Өрнекті тігу, жапсыру, қатырмамен өңдеу. Оқушылардың білімдері мен біліктіліктерін бақылау;

6) сарамандық жұмыс: бұйым әзірлеуге кететін мата мөлшерін есептеу, пішім жайылмасын матаға орналастыру, бұйымды пішу, бұйымды өлшеуге дайындау. Өлшеу жұмысын жүргізу, ақауларды жөндеу. Мойын ойындысы қиықтарын пішімдік әдіппен өңдеу, жең қиығын өңдеу, жейде бөлшектерін қосарлы тігіспен біріктіру, бұйым етегін өңдеу;

7) көрнекі құралдар: «Жеңі тұтас пішілген иықты бұйым сызбасы» кестесі, суреттер, буклеттер, ұлттық киім иллюстрациялары;

8) материалдар мен құралдар: пішімдер, шаблондар, қалың қағаз, түрлі-түсті қағаз, қайшы, қарындаштар, тігінші боры, түйрегіштер, инелер, жіптер, оймақ. Желімді төсем материалдары;

9) жабдықтар: тігін машинасы, оверлок, үтік;

10) көрсетілім: қамзол, түнгі жейде үлгілері, тігістер үлгілері, түйіндік өңдеу, сәндік әрлеу түрлері, флизофикспен өңделген өрнек үлгілері;

11) тігін фабрикасына, тігін салонына, ұлттық мұражайға топсеруен.

72. Тұрғын үй ішкөрінісі – 2 сағат:

1) пәтер ішкөрінісіндегі бөлме өсімдіктері. Бөлме өсімдіктерінің түсі, жапырақтарының формасы мен түстерінің жиһазға, түсқағазға және бөлменің жалпы түстік шешіміне сай келуі;

2) бөлме гүлдерінің орналасуы. Бөлме өсімдіктерінің түрлері, көбеюі және күтімі. Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар;

3) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): табиғи материалдардан жасалған бұйымдар: қабырғаға ілінетін кашпо, панно, картиналар. Гүлдерден композиция құрау, икебана;

4) көрнекілік: буклеттер және ашық хаттар, бөлме гүлдері, балкон, лоджиялардың безендірілуі, «Менің үйім» («Мой дом»), «Таңдаулы Үй» (Элит Дом) журналдары, құрастырылған икебаналар;

5) топсеруен: оранжереяға, гүл салонына, гүлдер көрмесі.

73. Көркем әрлеу, ілгек бізбен тоқу - 6 сағат:

1) қолөнер тарихынан қысқаша мәліметтер, ілгек бізбен тоқуға арналған материалдар мен құралдар, ілгек біздерді таңдау;

2) тоқу тәсілдері, қолды дұрыс ұстау;

3) шалудың негізгі түрлері, айналдыра шеңберлеп тоқу, жіп және ілмек жіптің санын анықтау;

4) түрлі ілмекті орындау технологиясы, ілмекті бізбен іліп алу (шалмасыз бағанша, бір шалмалы бағанша, екі және көбірек шалмалы бағанша, жартылай бағанша);

5) шеңберлеп тоқу, селдір тоқыма, ілгек бізбен тоқу кезінде қолданылатын шартты белгілер;

6) сарамандық жұмыстар: шартты белгілерді үйрену, тізбекті бос ілмекпен, жарты ілмекпен, шалмасыз бағанша, бір шалмалы бағанша техникасымен тоқу, төсеніш, түскиіз «Шаршы», «Шеңбер» (жоба), «Алма» ұстағышын дайындау (жоба);

7) көрнекі құралдар мен жабдықтар: ілгек бізбен тоқу журналдары, ілгек бізбен тоқылған бұйымдар, тоқу үлгілері, ілгек біз жиынтығы, өрнектердің үлгілерін тоқуға арналған жіптер, шартты белгілер. «Ілгек бізбен тоқу тәсілдері» көрсетілген буклеттер, суреттер;

8) көрсетілім: тоқуға арналған жіптер, ілгек біздер, тоқу бойынша сән журналдары, дайын бұйымдар, тоқу үлгілері.

75. Жоба – 6 сағат:

1) жоба тақырыбын таңдау, мақсаттары мен міндеттері, сарамандық және зерттеушілік іс-әрекет, экономикалық және экологиялық талаптарды ескере отырып жобаны орындау идеясын жасау;

2) шығармашылық жоба: проблемалық жағдайлар (толғаныс, шешім қабылдау), жобаның мақсаты мен міндеттері, зерттеу;

3) бұйымдар идеясын таңдау критерийлері, ең жақсы идеяны таңдау, бұйымды әзірлеу үшін жұмсалатын материалдар;

4) бұйымды әзірлеу жоспары, дайын жұмысқа баға беру және өзін-өзі бағалау, өнімді өткізу;

5) шығармашылық жоба нұсқалары (таңдау бойынша): «Өз қолыңмен жасалған сыйлық» кепкен гүлдерден дайындалған пайдалы заттар, ілгек бізбен тоқу, қобдиша – құрақты әшекей, құрақтардан жасалған панно, гофра қағазынан жасалған көлемді панно (тығыздалып жасалған ұсақ дөңгелектер), дымқыл жүннен моншақ дайындау техникасы, тұзды қамырдан жасалған бұйымдар, бисермен әшекейленген жұмыртқа (панно, шырша ойыншықтары), өнердің керемет туындысы – коллаж;

6) құрал- жабдықтар мен материалдар: бұйымды дайындауға арналған маталар, түсі мен құрылымы әр түрлі жіптер. Киіз, драп, шұға, шибарқыт, ызба, шашақ, қайшы, ине, оймақ, желім, қарындаштар, қатты қағаз, бояу, түрлі-түсті қағаз, панно мен коллаж жасау үшін қолда бар материал, тігін машинасы, оверлок, үтік.

 

 

10. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

тақырыптық жоспар: кесте 4

Бөлімдердің атауы

Сағат саны

барлығы

теория

практика

1

Тағам әзірлеу технологиясы

8

3

5

2

Машинатану элементтері. Тігін бұйымдарын жобалау және дайындау (белдемше)

 

10

 

2

 

8

3

Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік

4

2

2

4

Тұрғын үй интерьері

1

1

 

5

Қолөнер

6

1

5

6

Жоба

5

1

4

 

Барлығы:

34

10

24

 

75. Тағам әзірлеу технологиясы - 8 сағат:

1) тамақтану физиологиясы мен мәдениеті, тағамдық инфекция, тамақтан улану себептері. Тамақтан уланудың алдын алу шаралары, жалпы ережелері. Ыстық сұйықтық, электр қыздырғыш құралдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Аспаптар мен құралдар;

2) бірінші тағамдар, сорпа және көже түрлері, қоспа сорпалар, езбе сорпалар. Сүт, мөлдiр, салқын және тәтті көжелер, дайындау технологиясы, сорпа дайындауға қойылатын талаптар, қазақ халқының ұлттық асханасындағы бірінші тағамдар. Наурыз көже, әзірлеу тәсілі. Қой етiнен дайындалған сорпа, көже;

3) ашытқылы қамыр, қамырды ашытқымен және ашытқысыз дайындау тәсілі. Бауырсақ, бәліш, кулебяка;

4) жемістер мен жидектер, жәтті тағамдар мен сусындар, салқын және желе қосылған тәтті тағамдар, өнімдерді даярлау, үй жағдайында консервілеу. Көкөністер, жемістер және жидектерді консервілеуге даярлық. Көкөністерді маринадтау, орамжапырақты ашыту, маринад дайындау, қантпен дайындалған өнімдерді консервілеу (тосап, джем), пастерлеу, серилдеу, жабу және консервілерді сақтау, санитарлық-гигиеналық талаптар, қауіпсіздік техникасы;

5) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): алмадан тосап әзірлеу, апельсин қабығынан цукат әзірлеу, қарақаттан сорпа әзірлеу, қауын мен йогурттан жасалған сорпа, дәруменді сусын дайындау, орамжапырақты ашыту, күздік салат дайындау, сорпалар: сорпа, ет қосылған кеспе, борщ, окрошка дайындау. Бауырсақ, қазақша бәліш, орамжапырақты ашыту;

6) ыдыс-аяқ және құралдар: аспаздық таразы, жабатын машина, кастрөлдер, бөлшектеу тақталары, пышақтар, үккіш, шыны банкілер, таразы, өлшеуіш стақан;

7) көрнекі құралдар: дәмді және құнарлы тағамдар, қазақ халқының мәдениеті туралы кітап, технологиялық және нұсқаулық карталар, шыны бакілер, консервілеуге арналған қақпақтар, түрлі консервілердің үлгілері, плакаттар, кестелер, үй жағдайында әртүрлі тұздау үлгілері.

76. Машинатану элементтері – 1 сағат:

77. Тігін бұйымдарын жобалау және дайындау – 9 сағат:

1) сырып тігу, арнайы, жартылай автомат тігін машиналары. Тігін машинасына арналған құрылғылар;

2) машинамен жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері, машина жұмыстарының терминологиясы;

3) ылғалдық-жылулық өңдеу жұмыстары, машина жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптар;

4) сарамандық жұмыс: шағын механикаландырылған құрылғыларды қолдану, бүктемелі тігісті орындау, түймелікті торлау;

5) белдемшені модельдеу және конструкциялау, киім және оған қойылатын талапта,. Қазіргі белдемшенің түрлері және негізгі құрылымы (конструкциясы), белдемше-шорты, белдемше сызбасын құруға қажетті өлшемдер алу, белдемшенің өлшемдерін есептеуге қажетті формулалар, белдемше эскизін жасау, белдемше тігуге жұмсалатын мата мөлшерін есептеу, мата және өңдеу, әрлеу түрін таңдау, М 1:4 көлемінде тік, қиық және кең етекті белдемше сызбасын құрастыру, белден киілетін бұйым пішімін шынайы өлшемде дайындау, кең етекті белдемше моделін жасау. Белдемше-годе, қиықты белдемшелерді модельдеу;

6) пішімді пішуге дайындау. Матадағы тік, қиық және кең етекті белдемше жайылмасының нұсқалары, пішу технологиясы, бұйымды өлшеуге дайындау (пішім бөлшектерін түйреу және көктеу, өлшеу, ақауларын жөндеу, белдемше дайындаудың технологиялық реттілігі. Белдемшені түйіндік өңдеу: бүйір тігісін, бүкпе, түймелеу, белдемшенің жоғарғы қиығын белдікпен немесе корсаж ызбамен, бұйым етегін өңдеу, түймелікті өңдеу және түйме қадау;

7) сарамандық жұмыс: белдемше моделінің эскизін жасау, тік, қиықты және кең белдемше құрылымы, пішімді шынайы өлшемде дайындау, тік белдемшені модельдеу, матаға пішімді жаю, бұйымды пішу, бұйымның белдігін және етегін өңдеу, бұйымды соңғы рет өңдеу;

8) құрал-жабдықтар мен материалдар: пішімдер, белдемше пішімінің бөлшектері, мата, сантиметрлік таспа, сызба құрастыруға және лекало дайындауға қажетті қағаз, қарындаштар, тігінші боры, оймақ, жіптер, инелер, қайшы, тігін машинасы, жиектеуші машина (оверлок), үтік;

9) көрсетілім: белдемше үлгілері, белдемшені түйіндік өңдеу үлгілері, дайын жоба.

78. Отбасы экономикасы - 4 сағат:

1) отбасы – қоғамның алғашқы әлеуметтік-экономикалық ұйымы, отбасылық бюджет және қажеттіліктер, тиімді қажеттіліктер белгісі бойынша сауданы топтастыру (жіктеу);

2) кірістер, шығыстар, отбасы бюджетінің құрылымы. Тұрақты және ауыспалы шығындар, азық-түлікті тұтыну есебі;

3) отбасылық экономика менеджменті, кәсіпкерлік, ел экономикасында бизнесті ұйымдастырудың негізгі формалары, шағын бизнес (құндылығы, кемшілігі, артықшылығы), бизнес-жоспар, бизнес-жоспардың мазмұны;

4) сарамандық жұмыс: бизнес-жоспар құру: «Өз іскерлігің» (түсініктеме хат), киім тігетін ателье ашу (шағын кәсіпорын), тікелей, материалдық және жалпы шығынды есептеу;

5) көрнекіліктер: «Отбасы экономикасы», «Өз іскерлігің» («Өз кәсіпкерлігің») тақырыбындағы үздік шығармашылық жоба.

79. Тұрғын үй ішкікөрінісі – 1 сағат:

1) тұрғын үй ішкөріністерінің композициясы, сәндік жасаулар: картиналар, гравюра, кілем, ыдыстар, гүлдер, музыка, витраж, айна. Қазақ халқының киiз және тоқылған кілемдері;

2) жиһазды күту, жиһаздың бүлінген жерлерін қайта қалпына келтіру, еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ).

80. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы – 6 сағат:

1) матаға батик салу өнерімен танысу;

2) тоқымасыз тұскілем;

3) фитодизайн;

4) ескі киімді жаңалау, құрақ әшекей, трикотаж жолағынан гүл жасау реттілігі, құрақ құрау технологиясы;

5) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): жазықтықта бейнелеу, фактуралы-бедерлі техникасымен тоқымасыз тұскілем жасау. Шашақтан жасалған кілемше, жүннен жасалған картина, дайындау технологиялары, диванға арналған (кестемен, жапсырмамен, ою-өрнекпен әсемделген) шағын жастықшалар, джинсаларды жаңалау (сәндік жамау, мата және өрілген белдік, шашақ және кестемен), трикотаж жолағынан жасалған гүлдер, құрақтардан бұйым дайындау (кілемше, панно, жапқыш).

81. Жоба – 5 сағат:

1) шығармашылық жоба, пайда болған мәселе мен қажеттіліктерді негіздеу нақты міндеттерді анықтау және оларды тұжырымдау;

2) зерттеу, анықтау, тарихы, беталысы;

3) проблеманы шешу бойынша ойлар мен шешу жолдарының нұсқаларын дайындау, ұсыныстарды талдау және анағұрлым тиімді нұсқаны таңдау;

4) экономикалық негіздеме, бұйымның өзіндік құнын есептеу;

5) бұйымның жарнамалық парағын жасау, бұйымды жасап шығару жоспарын дайындау;

6) шығармашылық жоба нұсқалары: киімді жобалау және дайындау (белдемше-шорты), қазақ халқының қолөнері, мақтадан тоқылған мата дастарқанды тығыздап кестелеу, топтық жұмыс, сырмақ немесе түскиізді тізбек тігіс немесе тығыз кестемен кестелеу, жүннен жасалған картиналар, киімді жаңалау (футболканы шілтер немесе әрлеу ызбасымен әшекейлеу), қол тоқымашылығы.

 

 

11. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

тақырыптық жоспар: кесте 5

 

 

Бөлім атауы

Сағат саны

барлығы

теория

практика

1

Тамақ дайындау технологиясы

8

2

6

2

Тігін бұйымдарын жобалау және дайындау (шалбар)

 

8

 

2

 

6

3

Материалды көкемдік өңдеу

8

2

6

4

 

Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы

 

5

 

2

 

3

5

Жоба жасау қызметі

5

1

4

 

Барлығы:

34

9

25

 

82. Тамақ дайындау технологиясы – 8 сағат:

1) тамақтану мәдениеті, тиімді тамақтану негіздері, ас мәзірін жасау. Ас мәзірінің түрлері, ас мәзірінде тағамның белгілі реттілікпен орналасуы. Аспаздық жұмыс кезіндегі еңбекті қорғау бойынша нұсқау, тазалық сақтау ережелері;

2) еттен дайындалған шикізат түрлері, еттің сапалылық белгілер, етті механикалық және жылумен өңде, еттің термикалық жағдайы. Тұтас етті аспаздық мүшелеу: қой, сиыр етін мүшелеу. Тұтас етті бөлшектеу, тұтас етті дәстүрлі мүшелеу (қой, сиыр, жылқы, түйе), еттен табақ тарту реті, жартылай дайын өнім, етті жылумен өңдеу (қайнату, қыздырып пісіру, қуыру, бұқтыру, буға пісіру), ет дайындау технологиясы, жаншылған және котлетке арналған массадан дайындалған өнімдер, еттен дайындалған тағамдар классификациясы. Қуырылған, бұқтырылған еттен дайындалған тағамдар, гарнир, тұздықтар. Қыздырып пісірілген еттен дайындалған тағам, тұздық. Жаншылған еттен дайындалған тағам, асханадағы қазақтың ұлттық екінші тағамдары, еттен дайындалған тағамдарға арналған тұздықтар және әзірлеу технологиясы, аспаздық сөздік, дайын тағам сапалылығына қойылатын талаптар;

3) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): картоп қосылған бифштекс даярлау, қой етінен жаншылған котлет (сүйегімен), еттен дайындалған салат. Қаймақ қосылған бауыр, лимон бөлiктерi мен үндiк етінен дайындалған эскалоптар, қаймақ тұздығымен бұзау етінен дайындалған котлет. Таңғы, түскі, кешкі тамаққа ас мәзірін құру. Аспаздық кітаптан кешкі тамақ дайындауға тура келетін рецепт бойынша дайындау және зерттеу;

4) құралдар мен ыдыстар: кастрөлдер, қаңылтыр таба, таба, тостақ, қазан, бөлшектеуге арналған тақтайша, шанышқы, қасық;

5) көрнекі құралдар: дәмді және құнарлы тағамдар, қазақ халқының мәдениеті, дәстүрі туралы кітап. Технологиялық және нұсқаулық карталар, плакаттар, кестелер, буклеттер.

83. Тігін бұйымдарын жобалау және дайындау (шалбар) – 8 сағат

1) тігін шеберханасындағы қауіпсіздік ережелері;

2) киімді жобалау және дайындау, қазіргі жеңіл киім түрлері мен сипаттамасы, конструкциялау және модельдеу. Канон, модуль;

3) көркемдік және шығармашылық модельдеу. Композиция, пропорциясы және түсінің сәйкес болуы. Негізгі және қосалқы түстер,сәнді киім дизайнының сыры;

4) «Жоғары сән шеберлері», қазақстандық модельерлер, сән журналынан бұйым пішімін алу және оны пішуге дайындау, еуропалық өлшем бойынша пішім алу. Әйел шалбарын конструкциялау, модельдеу және дайындау;

5) өлшем алу, шалбар сызбасының құрылымы, матаны пішуге дайындау, бұйымды пішудің техникалық шарттары. Суретті тігу, жібінің бағытын есепке ала отырып матаға пішімді орналастыру. Бұйымды түйіндік өңдеу технологиясы, бұйымды өңдеу және тігіске арналған стандартты қосымшалар, шалбар қонымдылығында кесдесетін ақаулар және оны жою;

6) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): белден киілетін бұйымды құрастыру сызығы көмегімен модельдеу (шалбар, бриджа, шорты), сән журналынан пішімді жұқалтырға (калька) немесе қағазға көшіру, классикалық, қынамалы пішіндегі әйел шалбарын немесе өткермесімен тұтас пішілген спорттық формадағы үйге киюге арналған шортыны конструкциялау;

7) құралдар мен материалдар: пішім, шаблондар, сән журналы, жұқалтыр, сызғыш, қарындаш, тігінші боры, түйрегіштер, ине, жіп, оймақ. Бұйым дайындауға арналған мата; аралық материал (мөлдір желімді таспа);

8) жабдықтар: тігін машинасы, жиектеуші машина (оверлок), үтік. Көрнекі құралдар: жаздық киім модельдері, шалбар және костюм шалбар. Бұйымды түйіндік өңдеу үлгілері.

84. Материалды көркемдеп өңдеу – 8 сағат:

1) көркемдік шығармашылық түрлері, көркем кестелеу, кестелеуге арналған құралдар, мата мен жіп таңдау, кестелеуге аралған құралдармен жұмыс істеу кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері. Кестедегі өрнек, түсі. Қолмен кестелеу тігістерін орындау технологиясы, кестелеуге арналған компьютер, сәндік үй бұйымдары;

2) дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер және қазақ халқының қолөнер кәсібі, киіз үй және қазіргі заманғы тұрғын жай интерьеріндегі үй керек-жарақтары. Ши тоқу өнері, жүннен жасалған картиналар, қазақтың зергерлiк бұйымдары, бисерден жасалған бұйымдар жиынтығы, Бисермен жұмыс, бисермен жұмыс істеу кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптар, бисермен жұмыс жасауға арналған негізгі және қосымша материалдар, бисермен жұмыс жасау техникасы. Бисермен кестелеу және тоқымашылық;

3) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): шиді ою-өрнектермен немесе тақырыптық композициямен өрнектеп кәдесый тоқу, көркем кестелеу, бисермен кестеленген бұйымдар (картиналар, панно), бисерден жасалған бұйымдар (сәндік «бонсай», гүл шоқтары), әшекейлер жасау;

4) материалдар мен құрал-жабдықтар: мата, канва, жіп, бисер, сым, қайшы, сызғыш, қарындаш, сәндік әшекейлер;

5) көрнекі құрал: кестеленген бұйымдар, бисерден жасалған бұйымдар жиынтығы. Журналдар, кітаптар, буклеттер (қазақ халқының қолөнер бұйымдары).

85. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы – 5 сағат:

1) мамандық, квалификация, кәсіби дайындықтың біліктілік деңгейі, мамандықтарды жіктеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібіндегі кәсіби қызмет, жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтар, тамақ өнеркәсібі саласындағы мамандықтар, егін шаруашылығы, өсімдік, мал шаруашылығындағы кәсіптер. Кәсіпке қызығушылық, бейімділік және қабілеттілік;

2) мамандыққа бейімделу қабілетінің жетекші қасиеттері, диагностикалық сұрау (өз бейімділігін, өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау), сауда және қоғамдық тамақтанудағы кәсіптік қызмет, сауда саласындағы кәсіптер, қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіптер, қоғамдық тамақтану кәсіпорны, өнермен байланысты кәсіптер, кәсіпті меңгеру жолдары, кәсіби өзіндік анықтаудағы тұлғаның ерекшелігі (темперамент, мінез), кәсіби өзін-өзі анықтаудағы психикалық үдерістер (сезім, қабылдау, зерде, ықылас және ойлау), кәсіби жарамдылық, өмірлік жоспар, денсаулық және мамандық таңдау, жұмысқа орналасу, түйіндеме жазу формасы, ХХІ ғасырдың кәсіптері;

3) сарамандық жұмыс: өмірлік жоспар құру, түйіндеме жазу, диагностикалық сұрау;

4) көрнекі құралдар: экология бойынша анықтамалық, «Мамандықтар бойынша жол көрсеткіш», «Мамандық нұсқаушысы» кітабы, салауатты өмір салты бойынша әдебиеттер, плакаттар, слайдтар, бейнефильмдер, «Кәсіптік мансап» кітапшасы, кәсіптік бейімделу бойынша практикум.

86. Бөлім. Жоба – 5 сағат:

1) жобаның негізгі компоненттері (қысқаша тұжырымдалған міндеттер мен сұранысты анықтау, алғашқы идея жиынтығы, бір немесе бірнеше идеяны қарастыру, бұйымды дайындау, бұйымды сынау және бағалау);

2) жобаға қойылатын талаптар: міндетін дұрыс тұжырымдау, қойылған мақсат пен зерттеудің сәйкестігі, әрбір критерийді негіздеу, ең жақсы идеяны таңдау кезінде өз шешімін дәлелдеу, нәтиженің үйлесімділігі, таңдалған идеяны пысықтау;

3) шығармашылық жоба нұсқалары (таңдау бойынша): бисерден жасалған бұйым жиынтығы (өз нұсқасы), бұйымды бисермен әрлеу, қазақтың әшекей бұйымдары үлгісінде бұйымдар жасау, атлас таспадан гүл шоғын жасау (панно), картинаны бисермен кестелеу, жүннен жасалған картиналар (Матисс), бисерден жасалған бұйымдар (сәндік ағаш, гүл шоғы);

4) материалдар мен құрал-жабдықтар: бұйым дайындауға арналған (жүн және шұға) маталар; әр түрлі түсті жіптер; әшекейлеуге арналған материалдар, моншақ, бисер, страза, шашақ, қайшы, ине, тігін машинасы, үтік, оверлог, желім және кергіш;

5) көрсетілім: дайын бұйымдар - панно, картиналар, бисерден жасалған бұйымдар, оқушылардың жобалық жұмыстары. Таспадан жасалған, бисер және жіппен кестеленген (панно, картина, гүл шоғы) бұйымдар;

6) материалдар мен құрал-жабдықтар: қайшы, сызғыш, (А4, 210х297) қарындаштары, ПВА желімі, металлический стержень, бисер, стеклярус, стразалар, жүн;

7) көрнекі құрал: бисерден жасалған бұйым үлгілері, журналдар, буклеттер, қазақтың ұлттық киімдері, әшекей бұйымдары туралы кітап.

 

12. 5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

87. Оқушылардың дайындығы пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелеріне қарай бағаланады.

88. Пәндік нәтижелері екі аспектен қарастырлады: білу керек және орындай алу керек.

89. Технология (ер балаларға арналған), 5 сыныптың соңында оқушылар

1) мектеп шеберханасындағы тәртіптің жалпы ережелерін және еңбектің жеке гигиенасын;

2) қол саймандарымен жұмыс істеген кезеңіндегі қауіпсіздік ержелерін;

3) топырақ зерттеу негіздерін және топырақ өңдеу техникасын, тыңайтқыштар түрлерін;

4) сәндік-гүлдік дақылдарын өсіру технологиясын;

5) ағаштың негізгі түрлері мен қасиеттерін, оларды қолмен өңдеу технологиясын;

6) металлдардың негізгі түрлері мен қасиеттерін, оларды қолмен өңдеу технологиясын;

7) графикалық құжаттар туралы қарапайым мәліметтерді;

8) қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің дәстүрлі түрлері жайлы жалпы мәліметтерді;

9) электр тізбегі, оның элементтері және электр схемаларындағы шартты графикалық белгілеулері туралы жалпы мәліметтерді;

10) сырт киімді, аяқ киімді және жиһазды күтуге арналған қазіргі заманғы құралдарын;

11) шығармашылық жобаны орындау кезеңінде құрылымдау және модельдеу негіздерін

білу/түсіну тиіс.

1) жұмыс орнын ұйымдастыруды;

2) технологиялық қасиеттеріне байланысты материалды танып және таңдай білу, үлгі бойынша қолмен өңдеуге арналған саймандарды іріктеп алуды;

3) бұйымды жасау кезінде ағаш пен металлды қолмен өңдеу әдістерін қолдануды;

4) технологиялық операцияларды анықтау және орындауды;

5) бұйым жасаудың технологиялық картасын оқу және әзірлеуді;

6) еңбек өнімін таратуға және дайындап шығаруға байланысты жұмыс жоспарларын құрастыруды;

7) геометриялық пішінді оюлардың қарапайым түрлерін пышақ немесе қашаумен орындауды;

8) конструктор бөлшектерінен қарапайым электр тізбегін құрастыруды;

9) киім және жиһаз қаптауышы бетінен дақтарды кетіре білуді;

10) технологиялық іс-әрекеті кезеңінде шығармашылық мақсаттарды шешу әдістерін қолдануды меңгеруі тиіс.

90. 6 сыныптың соңында оқушылар

1) мектеп шеберханасындағы тәртіптің жалпы ережелерін және еңбектің жеке гигиенасын, шеберхана жабдықтарын және ағашты қолмен өңдеу кезеңіндегі еңбек қауіпсізідігі ережелерін;

2) өсімдік шаруашылығының негізгі салаларын, жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын;

3) табиғи ағаштың қасиеттерін, құрылысын және кемістіктерін, жасанды ағаш материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттерін;

4) цилиндр қалпындағы бөлшектің графикалық бейнелеуін;

5) цилиндр тәрізді бөлшекті қол сайманымен жасау технологиясын;

6) қозғалыс берілісінің механизмінжәне бұрғылау станогінің құрылысын;

7) амперметрдің, вольтметрдің, омметрдің құрылыстарын және осы құрылғыларды пайдалану ережелерін;

8) қазақтардың және Қазақстан Республикасының басқа халықтарының қолданбалы өнерін;

9) ағашты ою түрлерін және ағашты оюдың техникасы мен әдістерін;

10) металл мен теріні көркем өңдеу түрлерін;

11) тұрғын жай интерьерінің әр-түрлі стильдерін;

12) шығармашылық жобаны орындау кезеңінде құрылымдау және модельдеу негіздерін

білу/түсіну тиіс.

1) жұмыс орнын ұйымдастыруды;

2) тұқымдарды, егуге арналған көшет материалдарын дайындау, оқу-тәжірибелік учаскесінде көкөніс дақылдарына арналған жерді өңдеуді;

3) технологиялық қасиеттеріне, суретіне, эскизге байланысты материал таңдау, оларды өңдеуге арналған құрал-саймандарын іріктеп алуды;

4) қол саймандары көмегімен цилиндр тәрізді бөлшек жасауды;

5) бұйым жасау барысында материалдарды өңдеудің заманауи әдістерін және инновациялық технологияларын қолдануды;

6) технологиялық карта бойынша металлдан бұйым жасауды;

7) тоқтың, кернеудің және кедергінің қуатын өлшейтін құралдарын пайдалана білуді;

8) құрылымдау және модельдеу әдістері мен принциптерін анықтау, бұйым композициясы қасиеттерін ажырату және пайдалануды;

9) тауарлар мен қызметердің тұтынушылық қасиеттерін бағалауды;

10) еңбек өнімін жасау және таратуға бағытталған іс-әрекет жоспарларын құрастыруды;

11) тұрғын жай интерьері элементтерінің эскиздерін жасауды;

12) әр-түрлі материалдардан сәндік-қолданбалы мақсатындағы бұйымдарды жасап шығаруды;

13) технологиялық іс-әрекеті кезеңінде шығармашылық мақсаттарды шешу әдістерін қолдануды меңгеруі тиіс.

91.  7 сыныптың соңында оқушылар

1) қолмен өңдеу кезіндегі техникалық қауіпсіздігіне жалпы талаптарын және токарь станогында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;

2) жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын;

3) ағашты біріктірудің негізгі түрлері;

4) ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер туралы жалпы мәлімет;

5) металлкесу станоктары туралы жалпы мәлімет;

6) тұрмыстық электр құралдарының, автоматикалық құрылғылардың түрлері мен қызметі, тұрмыстық электротехникалық құрылғыларындағы автоматика элементтері;

7) пәтер микроклиматын қолдауға арналған заманауи құралдары

білу/түсіну тиіс.

1) көкөніс дақылдарын күтуді;

2) материалдарды өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін және бұйым жасаудын инновациялық технологияларын қолдануды;

3) қарапайым біріктірулерді қолдана отырып, ағаштан бұымдар жасауды;

4) сыртқы және ішкі бұрандаларды ою операцияларын қолдана отырып, металлдан бұйымдар жасауды;

5) технологиялық құжаттарын оқу және дайындауды;

6) металлдды көркем өңдеудің әр-түрлі әдістерін қолдануды;

7) шығармашылық мақсаттарды шешу әдістерін технологиялық іс-әрекетінде қолдануды;

8) әр-түрлі материалдардан сәндік –қолданбалы өнер бұйымдарын жасауды;

9) дәнекерлеуді қолдана отырып электрмонтаждық жұмыстарды орындау, автоматика құрылғыларының қарапайым схемаларын жинауды;

10) жарық беру құрылғыларын орналастыру жоспарын дайындау, жарнама арқылы тұрмыстық техникасын таңдауды меңгеруі тиіс.

92. 8 сыныптың соңында оқушылар:

1) ағаш пен металлды колмен және механикалық түрде өңдеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауына қойылатын талаптарын;

2) ауыл шаруашылығының дамуына ғылымның әсерін;

3) органикалық және минерал тыңайтқыштарының негізгі түрлерін;

4) ағаштан бұйым жасауға арналған конструкторлық және технологиялық құжаттарын дайындауды;

5) токарлық-бұранда кесу станогының құрылысын, негізгі токарлық операцияларын;

6) шығармашылық жобаларды орындау кезінде құрылымдау және модельдеу негіздерін;

7) өндірістің негізгі салаларын, құрылымдық материалдарын өңдеумен, олардан бұйымдар жасаумен, өнім алумен және агротехнологиямен байланысты мамандықтарын

білу/түсіну тиіс.

1) жұмыс орнын ұйымдастыруды;

2) жеміс ағаштары мен жидек бұталарын күтуді;

3) технологиялық және пайдалану қасиеттерін ескере отырып материалды анықтау және таңдауды;

4) ағаш пен металл өңдеуге арналған құралдарын, еңбек құрылғылары мен аспаптарын сызбасы және эскизі бойынша таңдауды;

5) металлға бұранда ою жұмыстарын орындауды;

6) графикалық құжаттарды оқу және дайындау, технологиялық құжаттаманы жетілдіруді;

7) құрылымдау мен моделдеу қағидаттары мен әдістерін анықтау, бұйым композициясы қасиеттерін ажырату және пайдалануды;

8) технологиялық іс-әрекеті кезінде шығармашылық мақсаттарды орындау әдістерін қолдануды;

9) әр-түрлі материалдардан сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарын жасауды меңгеруі тиіс.

93. 9 сыныптың соңында оқушылар

1) еңбекті қорғауға байланысты негізгі құқықтық, нормативтік және заңнамалық актілерін;

2) қол саймандарымен, электр аспаптарымен, металл және ағаш өңдеу станоктарында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;

3) құрылымдық және жасанды материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттерін, оларды өңдеу технологияларын;

4) қайта құру іс-әрекетіндегі сызбаларын, схемаларын және белгілерін;

5) құрылымдық, табиғи және жасанды материалдарын көркем өңдеу туралы жалпы мәліметтерін;

6) шығармашылық жобаны орындау кезіндегі құрылымдау және моделдеу негіздерін;

7) кәсіптік білім алу және жұмысқа орналасу жолдары туралы мәлімет алу көздерін;

8) өндірістің негізгі салаларын, құрылымдық материалдарын өңдеумен, олардан бұйымдар жасаумен, өнім алумен және агротехнологиямен байланысты мамандықтарын

білу/түсіну тиіс.

1) жұмыс орнын ұйымдастыруды;

2) материалды технологиялық, экономикалық және пайдалану қасиеттерін ескере отырып ажырату және таңдау, нұсқасы, суреті, эскизі, сызбасы бойынша оларды өңдеуге арналған құралдарын, еңбек құрылғылары мен аспаптарын іріктеп алуды;

3) материалдарды өңдеудің заманауи әдістерін, бұйымдар жасаудың инновациялық технологияларын қолдануды;

4) технологиялық операцияларды анықтау және орындауды;

5) графикалық құжаттарды оқу және дайындау, технологиялық құжаттаманы жетілдіруді;

6) құрылымдау мен моделдеу қағидаттары мен әдістерін анықтау, бұйым композициясы қасиеттерін ажырату және пайдалануды;

7) тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық сапасын бағалауды;

8) еңбек өнімін жасау және тарату іс-әрекеті бойынша жоспар құруды;

9) технологиялық іс-әренкеті кезінде шығармашылық мақсаттарды шешу әдістерін қолдануды;

10) әр-түрлі материалдардан сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарын жасауды меңгеруі тиіс.

94. Технология (қыз балаларға арналған) 5 сыныптың соңында оқушылар:

1) асүй мен асханаға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды;

2) азық-түліктерді өңдеу; қазіргі асүй жабдықтарының түрлерін;

3) бутерброд пен ыстық сусындар дайындау технологиясы мен түрлерін;

4) көкөністердің тағамдық құндылығын;

5) тоқыма талшықтарының жіктелуін;

6) матаның өңі мен теріс жағын;

7) матаның негіз жібін, өңі мен теріс жағын анықтау;

8) мата, жіп, ине таңдауды; 

9) қолмен тігілетін инешаншымдар мен тігімдерді орындауды;

10) матаны сырып тігу, бастыра тігу, бүгіп тігу, шеттіктеу тігістерімен біріктіру және өңдеуді;

11) ішкі көрініс, сәулет қысқаша мәліметтерді;

12) ұлттық салт-дәстүрлерді;

13) тұрғын үйдің ішкі көрінісін әрлеу, әсемдеу тәсілдерін

14) мақта мен зығырдан тігілген киімдер күтімін;

15) аяқкиімді күту тәсілдерін;

16) киімді күтудің шартты белгілерін;

17) маңызды көкөніс дақылдарын (пияз тектес, асқабақ тектес, асханалық);

18) көшеттерді отырғызу ережелерін (қырыққабат, бұрыш, баклажан, қызанақ);

19) жобаны таңдаудың себебін (мәселелері, қажеттілігі), міндетін, қолдану аймағын;

20) халық шығармашылығының түрлерін;

21) жобаны дағды, білім алудағы шығармашылық жұмыс ретінде, халық дәстүрі мен тарихына құрмет ретінде

білу/түсіну тиіс.

1) асүй құрал-жабдықтарымен жұмыс істеуді;

2) сыртқы түріне қарап азық-түліктердің сапасын анықтауды;

3) тағам өнімдерін механикалық және жылумен өңдеуді;

4) жұмыртқа, көкөністерден жасалған тағамдар, бутерброд және ыстық сусындар дайындауды;

5) матаның түрлерін анықтауды;

6) мата, жіп, ине таңдауды;

7) қолмен тігілетін инешаншымдар мен тігімдерді орындауды;

8) матаны сырып тігу, бастыра тігу, бүгіп тігу, шеттіктеу тігістерімен біріктіру және өңдеуді;

9) сәндік және әрлеу жұмыстарын орындауды;

10) жиһазды орналастыру, түстерді таңдауды;

11) киім тазалау және дақтарды кетіруді;

12) киімге қарапайым жөндеу жұмыстарын жүргізуді;

13) киімді жөндеудің тиімді тәсілдері және оны күтудің құралдарын таңдауды;

14) бөлме жағдайында көшеттер отырғызуды;

15) өсімдіктерді көшіріп отырғызу, суару, күтуді;

16) тұқымның өнгіштігін тексеруді;

17) өсімдікті топыраққа отырғызуды;

18) шығармашылық қызметте өзінің мүмкіндіктерін бағалауды;

19) жобаны дайындау, туындаған идеяны жүзеге асырылатын нәтижесіне дейін жеткізу бұйым дайындауды;

20) жасалған жұмысты бағалауды;

21) құрақ техникасын орындау, кілемше, панно, көрпе, майлық, үйкекті (заттың астына қоятын бұйым) тігуге байланысты жұмысты технологиялық жағынан дұрыс орындауды;

22) дайын бұйымды әсемдеуді меңгеруі тиіс.

95. 6 сыныптың соңында оқушылар:

1) көкөніс шаруашылығының күзгі жұмыстарын орындауды;

2) жеміс ағаштары мен жидек дақылдарын отырғызу ережелерін;

3) жидектік дақылдарды вегетативтік көбейту жөнінде;

4) жидектік дақылдарды отырғызу ережесін, күту, арамшөптер мен зиянкес жәндіктерден қорғау тәсілдерін;

5) жемістер мен жидектердің емдік қасиеттерін;

6) асхана, асүйге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар;

7) ыстық өнімдермен жұмыс істеу ережесін;

8) адам ағзасына қажетті минералдық тұздар мен микроэлементтердің маңызы туралы жалпы мағлұматтарды;

9) сүттің химиялық құрамын, сүт сапасын анықтау тәсілдерін, сүттің аспаздық маңызын, қоректік құндылығын;

10) сүт пен сүт өнімдерінен жасалған қазақ халқының ұлттық тағамдарын дайындау технологиясын;

11) жармадан ботқа пісіру ережесін, бұршақ тұқымдастардан, макарон өнімдерінен тағам түрлерін дайындаудың ерекшеліктерін, пісіру кезінде қосылатынсудың қатынасын;

12) ұлттық тағам түрлерін;

13) дастарқан әзірлеу ережесін.

14) жануарлардан талшықтар алу тәсілдерін;

15) талшықтардан тоқыма өндірісі және үй жағдайында жіп алу тәсілдерін;

16) жануарлардан алынатын табиғи талшықтардың қасиеттерін;

17) қарапайым өрімдерді, саржалық және атластық өрім раппортын, матаның өңі мен теріс жағын, мата ақауларын анықтауды;

18) жүн және жібек маталардан тігілген киімдер күтімі ерекшеліктерін,

тігін машинасының міндеттерін, құрылысы мен жұмыс істеу принципін;

19) тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін;

20) тігін инесінің құрылысын,

21) иненің құрылысын;

22) жеңіл киімге талаптар;

23) бұйым дайындауға қолданылатын маталар мен өңдеу түрлерін (материалдар, түсі, символикасы, ою-өрнегі);

24) өлшем алу ережесі және оның шартты белгілерін;

25) жапсырма және бастырмалы тігісті орындау технологиясын;

26) жабық және ашық қиықты бүгіп тігуді;

27) бұйым өңдеудің негізгі технологиялық тәсілдерін;

28) дайын бұйым сапасына қойылатын талаптарды;

29)  ішкікөріністегі композицияның маңызын;

30) ішкікөріністегі әсемдеу тәсілдерін;

31) ұлттық дәстүрге сай келетін интерьеререкшелігін;

32) киіз үй аспаптары және жиһаздарын, әшекейлерін;

33) киім мен аяқкиім күтіміне қойылатын негізгі талаптарды;

34) киім күтімі символдарын;

35) аяқкиім сақтау тәсілдерін, кептіру ережелерін;

36) жобаның негізгі құрамын;

37) жоба оқу саласы түрі ретінде;

38) адамдардың қажеттіліктерін анықтау тәсілдерін;

39) нақты бұйымды дайындау үшін қандай білім, білік және дағдыларға ие болу керектігін;

40) шығармашылық жобаны қалай жоспарлау және жүзеге асыру керектігін

білу/түсіну тиіс.

1) жемістің пісуін анықтауды;

2) өнімді, тұқымдарды жинауды;

3) сыртқы белгілеріне қарап, жармалардың сапасын анықтай білуді;

4) макарон, бұршақ тұқымдас дақылдар дәндері өнімдерінен, сүт және сүт өнімдерінен ботқа, тағамдар дайындай білуді;

5) жарма, бұршақ тұқымдастарына, макарон өнімдеріне алғашқы өңдеу жүргізуді;

6) асүй жабдықтарымен, құралдарымен және аспаптарымен жұмыс істеуді;

7) кешкі ас дайындауды және кешкі асқа дастарқан әзірлеуді, қонақты дастарқанға шақыруды;

8) сүттен дайындалатын қазақ ұлттық тағамдарын дайындауды;

9) ыдыс жууға және зарарсыздандыруға арналған құралдарды қолдануды;

10) саржалық және сәтендік өріммен тоқылған жүн және жібек маталарды тани білуді;

11) маталардың эксплуатациялық қасиеттерін анықтауды және оларды бұйымдар дайындау кезінде сарамандық жұмыста қолдана білуді;

12) жіптің керілуі мен инешаншым ұзындығын реттеуді;

13) машинаны тазалауды және майлауды;

14) аяқ және электр берілісті тігін машинасында жұмыс істеуді;

15) тігісті машинаның кері жүрісімен бекітуді;

16) машинаға инені орнатуды;

17) мата түріне байланысты ине мен жіп түрлерін таңдай білуді;

18) тігім сапасын реттеуді;

19) түзу және ирек тігімді орындауды;

20) киімді жобалауды, конструкциялауды және модельдеуді;

21) өлшем алуды және жазуды;

22) сызбаларды оқуды және құруды;

23) пішімді матаны пішуге дайындауды;

24) пішімді матаға үнемді орналастыруды;

25) пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауы;

26) өлшеу жүргізуді;

27) ақауларды анықтауды және жүргізуді;

28) мата және өңдеу түрін таңдауды;

29) киімге арналған өңдеуді (символдарды, ою-өрнектерді, қолмен тігілетін тігіс түрлерін) технологиялық нақты қолдана білуді;

30) бұйым суретін және эскизін жасауды;

31) киімді көркем әшекейлеуді (бұйымды кестемен, ызбамен, жиектеу таспасымен, шілтер, жапсырма, машина да ирек тігіммен әрлеуді);

32) есік, терезе дизайнын орындауды;

33) қолда бар материалдардан үйдің керек-жарақтары мен киіз үй жиһаздарын, әшекейлерін жасауды;

34) пәтерді, үйді құрғақ және ылғалды жиыстыруды;

35) бұйым етегін жөндеуді;

36) аяқкиімнің ішкі жағын дезодорациялауды;

37)өзінің жобалық қызметінің міндетін қысқаша қисындап мазмұндауды;

38) өзінің жобасына қажетті ақпаратты іріктеуді және қолдануды;

39) жұмысын жоспарлауды және бұйым дайындауды;

40) дайындалған бұйымдарға қойылатын сәйкестік талаптар тізбесін анықтауды;

41) бұйым дайындауға кететін шығындарды анықтауды;

42) экологиялық тазалығын ескере отыра бұйымның сапасын анықтауды;

43) бұйымды жобалау мен дайындау кезінде пайда болатын кемшіліктерді талдауды және қиыншылықтарды анықтауды;

44) жобаны қорғау барысында өз көзқарасын білдіруді және тұжырымын дәлелдеуді меңгеруі тиіс.

96. 7 сыныптың соңында оқушылар:

1) азық-түліктерді өңдеудің температуралық режімі мен тағамды өңдеудің ұзақтығын сақтаудың санитарлық маңызын;

2) ыстық тағамдармен жұмыс істеу ережелерін;

3) балық пен қамырдан тағамдар әзірлеу технологиясын, олардың адамның тамақтануындағы маңызын, сақтау мерзімдерін;

4) түскі асқа дастарқанды жабдықтау ережесін;

5) химиялық талшықтар (негізгі және бейматалар) өндірісінің ерекшеліктерін;

6) өндіріс жағдайында жіп алу жолдарын;

7) химиялық талшықтардың (жасанды және синтетикалық) қасиеттерін;

8) химиялық талшықтардан тігілген киімдерді күту ерекшеліктерін;

9) маталардың түрлерін, олардың қолданылуын;

10) аралыққа және жылылыққа салынатын материалдардың айырмашылығын;

11) химиялық талшықтардан жасалған бұйымдарды күту бойынша белгілерді, кір жуудың және ылғалды-жылумен өңдеу режимдерін;

12) тігін машинасының құрылғыларын;

13) машина тігістерін, оның түрлерін (біріктіру, шет тігісі, әрлеу);

14) тігін машинасымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы  ережелерін;

15) жеңіл ақауларды жою тәсілдерін;

16) жұмыс орнындағы жабдықтарға қойылатын талаптарды;

17) иық бұйымдарының сызбасын құру үшін өлшем алу ережесін және олардың шартты белгілерін жазуды;

18) өз өлшемдері бойынша дайын пішімді өзгерту тәсілдерін;

19) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталар мен әшекейлерді;

20) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;

21) дайын бұйымның сапасына қойылатын талаптарды;

22) адам өмірінде пәтер интерьеріндегі бөлме өсімдіктерінің маңызын;

23) пәтерде бөлме өсімдіктерін тиімді орналастыру тәсілдерін;

24) гүл шоғын құрастыруға қойылатын эстетикалық талаптарды;

25) қолөнер тарихын;

26) ілгек бізбен тоқуға арналған материалдар мен құралдарды;

27) ілгек бізбен жұмыс істеу тәсілдерін;

28) тоқу кезінде қолды дұрыс ұстауды;

29) түрлі іліп тоқу (шалу) технологиясын;

30) жайманы шеңберлеп тоқуды;

31) өрнек раппортын және оны жазуды;

32) ілгек бізбен тоқудың шартты белгілерін;

33) жобаның мақсаты мен міндеттерін;

34) жобаны жоспарлау және жүзеге асыруды;

35) бұйым дайындау технологиясын;

36) өзіндік құнын;

37) білімдері мен іскерлігіне өзіндік баға беруді

білу/түсіну тиіс.

1) балықтың сапалылығын анықтауды;

2) консервілердің жарамдылық мерзімдерін анықтауды;

3) ас үй жабдықтары, құралдар және құрылғылармен жұмыс істеуді;

4) балықтан тағамдар әзірлеуді;

5) ұн өнімдерін пісіруді;

6) химиялық талшықтардан жасалған маталарды тануды;

7) табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталардың құнына салыстырмалы талдауды;

8) табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталардың қасиеттерін анықтауды;

9) жасанды және синтетикалық маталардың қасиеттерін анықтауды;

10) бұйымның қасиеттерін біле отырып, бұйым дайындау кезінде материалды дұрыс пайдалануды;

11) бұйымдарды жуу үшін ұнтақты таңдауды;

12) жіптің тартылуын және тігіс жиілігін реттеуді;

13) тігін машинасының кері жүрісімен тігісті бекітуді;

14) тігін машинасын тазалау және майлауды;

15) тігін машинасының инесін материалдың қалыңдығына сәйкес дұрыс таңдауды және оны орнатуды;

16) жөрмелген және шеттіктеу тігістерін орындауды;

17) киімді жобалауды, конструкциялауды және модельдеуді;

18) өлшем алуды және жазуды;

19) пішім және матаны пішуге дайындауды;

20) мата жайылмасына пішімді тиімді орналастыруды;

21) бұйым өлшемін алуға дайындау, өлшемін жүргізуді;

22) ақауды анықтауды және түзетуді;

23) жапсырманы жапсыруды;

24) мата жиегі мен түймелікті торлауды;

25) жекелеген шет тігістерін орындауды;

26) пәтердің ішкі көрінісіне арналған бөлме өсімдіктерін таңдауды;

27) гүлдерден композиция құрауды;

28) өсімдіктер күтімін;

29) гүлдерге жарық түсуін ескере отырып талаптарға сәйкес олардың пәтерде орналасуын анықтауды;

30) ілгек бізбен дұрыс жұмыс істеуді;

31) түрлі іліп (шалу) тоқуды;

32) бұйымға арналған жайма тоқуды;

33) шеңберлеп тоқуды;

34) тоқу кезінде сызбаны пайдалануды;

35) сән журналымен жұмыс жасауды;

36) масштабты немесе нақты өлшемде жеңіл бұйымдарды тоқуды;

37) бұйым тоқуға арналған жіптер мен ілгек бізді таңдауды;

38) бұйымның үлгісін әзірлеуді;

39) жобаның тақырыбын таңдау критерийлерін анықтауды,

40) негізгі және қосымша ақпараттарды дұрыс таңдау мен қолдануды;

41) жұмысты жоспарлау мен бұйымды дайындауды;

42) бұйымды дайындауға кететін шығындарды анықтауды;

43) кіріс түсіру мақсатымен  дайындалған бұйымды өткізуді;

44) экологиялық жағдайды ескере отырып, бұйымның сапасын бағалауды;

45) кемшіліктерді талдауды және қиыншылықтарды анықтауды;

46) жобаны қорғау барысында өз көзқарасын білдіруді меңгеруі тиіс.

97. 8 сыныптың соңында оқушылар

1) азық-түліктермен жұмыс істеу кезінде сақталатын санитарлық-гигиеналық ережелерді;

2) ауру тарататын микробтар және одан сақтануды;

3) бірінші тағамдар әзірлеу технологиясын, олардың адамның тамақтануындағы маңызын;

4) сорпа дайындауға қойылатын талаптар;

5) ашытқылы қамыр дайындау тәсілдерін;

6) үй жағдайында консервілеу негізін;

7) белдемшелерді конструкциялауды (құрастыруды);

8) өлшем алу ережесін және олардың шартты белгілерін жазуды;

9) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталар мен өңдеу түрлерін;

10) бұйымды өңдеудің негізгі технологиялық тәсілдерін;

11) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;

12) отбасы, қызмет, қажеттіліктер, отбасылық экономика, кәсіпкерлік жөнінде түсінікті;

13) әлеуметтік, материалдық, орынды (тиімді) қажеттіліктерді;

14) отбасы бюджетінің шығыс бөлігі және балансын;

15) шаруашылықты орынды жүргізу ережесін;

16) шығынды жоспарлауды;

17) жеке бюджет, қор (ақша) жинақтауды;

18) жоба тақырыбын таңдау, ойын жүзеге асыруды, таңдаған тақырыбын негіздеуді;

19) жобаны орындауға қажетті материалдарды іріктеуді;

20) өзіндік құнын алдын-ала есептеуді;

21) бұйымды дайындау технологиясын және бұйымды өткізуді (тауар, қызмет, бұйымдар, іс-шаралар)

білу/түсіну тиіс.

1) асүй жабдықтары, құралдар және құрылғылармен жұмыс істеуді;

2) қоспа сорпа дайындауды;

3) ашытқылы қамыр дайындау және олардан өнім дайындауды;

4) орамжапырақты ашытуды;

5) белдемшені жобалау, конструкциялау және модельдеуді;

6) өлшем алу және есептеуді;

7) сызбаны оқу және сызуды;

8) матаға пішімді үнемді орналастыруды;

9) пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауды;

10) өлшеу жүргізуді, ақауларын жөндеуді;

11) бұйымды тігу кезінде технологиялық операцияларды дұрыс орындауды;

12) матаны және әрлеу түрлерін таңдауды;

13) мата жиегі мен түймелікті торлауды;

14) қажеттілігіне қарай орынды сұрыптап, сатып алуды (қажетті, бірақ міндетті емес);

15) ақшаны сауатты жұмсауды;

16) өз шығындарын талдауды;

17) шығармашылық жобаны дұрыс безендіруді (дизайн-папка);

18) жобаны таңдау кезінде пайда болатын мәселелер мен қажеттіліктерді анықтауды;

19) бұйымға қойылатын негізгі талаптарды айқындауды;

20) жұмысты жоспарлау және бұйымды дайындауды;

21) экономикалық тұрақтылықты;

22) қиыншылықтарды анықтауды, талдауды және бұйымның сапасын бағалауды;

23) жобаны қорғау барысында өз көзқарасын білдіруді және тұжырымын дәлелдеуді меңгеруі тиіс.

98. 9 сыныптың соңында оқушылар

1) азық-түліктерді өңдеудің температуралық режимі мен сақтау ұзақтығының санитарлық маңызын;

2) еттен әзірленетін тағамдардың жіктелуін, гарнир, тұздық түрлерін, әзірлеу технологиясын;

3) етті дәстүрлі мүшелеу және еттен табақ тарту ретін;

4) ас мәзірінің түрлерін;

5) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталар мен әрлеу түрлерін;

6) өлшем алу ережесін және олардың шартты белгілерін жазуды;

7) бұйымды өңдеудің негізгі технологиялық тәсілдерін;

8) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;

9) қолөнер тарихын, бүгінгі күні қолданбалы өнердегі маңызын;

10) үйде қолданылатын қазақ халқының дәстүрлі бұйымдарын жасау негізін, материалдар мен құралдарды;

11) жұмыс тәсілдерін; орындау технологиясын;

12) кәсіби қызметтің маңызын;

13) өнер, тамақтану, сауда саласының кәсіптерін;

14) кәсіби өзіндік анықтаудағы тұлғаның ерекшелігін;

15) кәсіби жарамдылық, денсаулығына байланысты кәсіп таңдауды;

16) ХХІ ғасырдың кәсіптерін (жұмыстың ерекшелігі мен маңызын);

17) жобаның мақсаты мен міндеттерін, оның қажеттілігін, пайдасы мен құндылығын;

18) бұйымды жоспарлау және дайындау технологиясын ;

19) өзіндік құнын, дайын бұйымды өткізуді

білу/түсіну тиіс.

1) ас үй жабдықтары, құралдар және құрылғылармен жұмыс істеуді;

2) азық-түлік сапасын;

3) еттің сапалылығын анықтауды;

4) механикалық және жылумен өңдеуді;

5) жаншылған және бұқтырылған еттен өнім, палау, қуырдақ әзірлеуді;

6) ас мәзірін құруды;

7) киімді жобалау және модельдеуді;

8) өлшем алуды және есептеп жазуды;

9) сызбаны түсінуді және сызуды;

10) бұйым бөлшектерін калькаға немесе қағазға көшіруді;

11) матаның үстіне пішімді тиімді орналастыруды;

12) пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауды;

13) дайын бұйымның өлшемін жүргізуді және кесдескен ақауды түзетуді;

14) бұйымды тігу кезінде технологиялық операцияларды дұрыс орындауды;

15) матаны және әрлеудің түрлерін таңдауды;

16) таспадан, бисерден, жіптен, жүн және иірімжіптерден жеңіл бұйымдар жасауды;

17) үйді, пәтерді безендіруді;

18) бисер тоқу техникасымен композиция жасауды;

19) кәсіпке өзіндік талдау жүргізуді;

20) кәсіби өзіндік анықтаудағы тұлғаның ерекшелігін;

21) «Мамандық нұсқаушысы» анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасауды;

22) өмірлік жоспар құру, түйіндеме жазуды;

23) жоба тақырыбын таңдау критерийлерін анықтауды;

24) бұйымның үлгісін, эскизін әзірлеу, жетілдіруді;

25) бұйымды дайындауға кететін шығындарды анықтауды;

26) ақпаратты дұрыс іріктеп алуды және пайдалануды;

27) жұмысты жоспарлау және бұйымды дайындауды;

28) кемшіліктерге талдау жасауды;

29) жұмысты бағалауды;

30) жобаны қорғау барысында өз көзқарасын білдіруді;

31) білімдері мен іскерлігіне өзіндік баға беруді;

32) дайындалған бұйымды өткізуді меңгеруі тиіс.

99. Жеке тұлға нәтижелері, оқушылар

1) оқуға, еңбекке деген жауапты көзқарастарын, оқушылардың озін-өзі дамыту, өздігімен білім алуға дайындықтары мен қабілеттіліктерін, тұрақты танымдық мүдделерін, мамандықты саналы түрде таңдауға дайындықтарын қалыптастыру, сонымен қатар, әлеуметтік маңыздылығы бар еңбекке қатысу тәжірибесін дамыту;

2) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімдерін білдіру;

3) басқа адамға деген саналы, сыйластық және тілектестік көзқарасты, басқа адамдармен диалог құру қабілеттілігінқалыптастыру;

4) әлеуметтік нормаларын, топтар мен қоғамдастықтарда тәртіп ережелерін меңгеру;

5) адамгершілік мінез-құлықты, өз қылықтарына деген жауапты көзқарасын тәрбиелеу;

6) экологиялық мәдениеті негіздерін қалыптастыру;

7) қазақтардың сәндік-қолданбалы өнерін меңгеру арқылы эстетикалық сана-сезімін тәрбиелеу және оны көрсете білу керек.

100. Жүйелілік-әрекеттік нәтижелері, 5-9 сынып оқушылары

1) өздігінен өзінің оқу мақсаттарын анықтауға,ғылыми мәліметтерді  талдауға, өңдеуге, синтез жасауға және қолдануға икемділігін;

2) жобалау және құрылымдау әдістерін игере білуін;

3) оқу мақсатының дұрыс орындалуын бағалай білуін;

4) оқу мақсаттарын шешу үшін белгілер мен нышандарды, моделдер мен схемаларды қайта құра және пайдалана алуын;

5) мұғаліммен және жолдастарымен оқу қызметтестіктерін және бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыра білуін, дамыған коммуникативтік қабілеттерін меңгергенін;

6) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгергенін көрсете білу керек.

 

 

 «Сызу» пәнінен оқу бағдарламасы

 

1. Түсінік хат

 

1. Оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)  орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы) талабына сәйкес құрылған.

2. Бағдарлама оқушылардың графикалық мәдениетін қалыптастыруына, кеңістіктік ой қабілетін және шығармашылық потенциалын дамытуына бағытталған.

3. Бағдарламаның аяқталу сипаты:

1) сызба геометриясының негіздері жүйелі түрде берілген, сонымен қатар геометриялық объектерді проекциялау әдістерін;

2) сызбаны орындаумен, оны рәсімдеу ережелерінен құралған конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) стандарттарын;

3) графикалық құрылыс сызу ережелері туралы мәліметтерін;

4) машина жасау, құрылыс сызу және топографиялық сызудың жалпы мәліметтерінен тұратын техникалық сызу негіздерін беруді қамтиды.  

4. Қазіргі қоғамның акпараттандырылу жағдайына сай, пәнге оқытудың аса маңызды бағыты графикалық редакторларды (AutoCAD, КОМПАС және т.б.) пайдалану негізінде оқушылардың ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдана білу қабілеттерін дамыту болып табылады.

5. Оқыту мақсаттары:

1) логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;

2) геометриялық білімді негізге алып, тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;

3) еңбектену іс-әрекеті дағдыларын дамыту: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді;

4) функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;

5) шығармашылық потенциалын және эстетикалық талғамдарын дамыту.

6. Оқыту міндеттері:

  1.  бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;
  2.  әртүрлі арнауы бар тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін орындауды және оқуды қалыптастыру;
  3.  нәрсенің пішінін (түрін) және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;
  4. кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпыинтеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;
  5. графикалық білімдерін жаңа ситуацияларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.

7. Курсты оқыту кезінде графикалық әдістер теориясы мен ақпараттың кескінделуінің өндіріспен, техникалық және көркем-конструкторлық іс-әрекетімен тығыз байланысы болуы қажет. Оқу тапсырмаларының мазмұны мамандардың еңбек іс-әрекеттерінің элементтерін моделдеуі керек,  графикалық тапсырмалар нақты бүгінгі күнде қолданыстағы тетікбөлшектер мен құрастыру бұйымдарынан тұруы қажет.

8. Оқыту барысында әр оқушылардың өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, олардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады.

9. Түрлі оқу құралдарын (карточка-тапсырмаларды, анықтамалықтарды, плакаттарды, кестелерді, модельдерді, тетікбөлшектер жиынтығын және ақпараттық технологиялық құралдарды) кеңінен пайдалану ұсынылады.

10. Компьютерлік технологияларды оқыту үшін мектептер графикалық компьютерлік бағдарламалармен, мысалы AutoCAD және т.б. жабдықталуы қажет (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).

11. Оқыту процесінде оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:

  1. «Геометрия»: жазықтықтағы кеңістіктік фигуралардың кескіндерін сызуда пайдалану, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту, өлшемдерді орындай білу және тәжірибелік тұрғыдағы әр түрлі геометриялық есептерді шығару;
  2. «Технология»: технологиялық процесті талдау, технологиялық карталарды орындау, болашақ бұйымның сызбасын оқу;
  3. «Физика»: механизмдер және машиналар құрылысымен, автоматтандырылған үдерістермен және олардың жұмыс істеу қағидаларымен танысу; графикалық әдіспен есеп шығару, құрастыру сызбасын бөлшектеуде үлестірме материал ретінде физикалық құралдарды пайдалану;
  4. «География»: физика-географиялық түсініктерді ашу үшін сұлба түріндегі суреттерді және сызбаларды орындау, карта мен жер бетіндегі қашықтықтарды өлшеу;
  5. «Химия»: химиялық үдерістерді (процестерді) зерттеу барысында модельдерді, сұлбаларды, кестелерді, плакаттарды, фотосуреттерді, суреттерді, диаграммаларды және сызбаларды пайдалану.

16. Типтік оқу бағдарламаға сәйкес оқу жүктемесінің жалпы көлемі ­68 сағатты құрайды (аптасына – 2 сағат).

 

 

2.  Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

13. Кіріспе (1 сағат):

1) сызу пәні, сызбаның даму тарихынан қысқаша мағлұмат.

14. Сызбаларды безендірудің негізгі ережелері және геометриялық салулар (9 сағат):

1) сызу аспаптары мен жабдықтары, сызба аспаптарымен тиімді жұмыс істеу әдістері;

2) сызба сызықтарының түрлері;

3) пішімдер, масштабтар, сызба қаріпі;

4) сызбаға өлшемдерді түсіру;

5) өзара параллель және өзара перпендикуляр түзулерді салу, кесіңдіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу;

6) түйіндесулер;

7) лекальді және циркульді қисық сызықтар туралы түсінік, эллипс пен сопақшаны құру.

15. Проекциялау әдістері (8 сағат):

1) проекциялау түрлері, центрлік проекциялау және параллель проекциялау әдістері, олардың қасиеттері;

2) бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау;

3) түзу және қисық сызықты, жазық фигураны (көпбұрышпен шеңберді)  проекциялау;

4) аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұмат, көпбұрыштардың және шеңбердің аксонометриялық проекциялары, аксонометриялық проекция түрін таңдау;

5) техникалық сурет туралы түсінік.

16. Геометриялық денелер мен моделдердің проекциялары (12 сағат):

1) геометриялық денелер, көпжақтардың проекциялары, айналу денелерінің проекциялары;

2) денелер пішінін құрастыратын беттерді, төбелерді, қырларды және жасаушыларды сызбада табу; 

3) кейбір геометриялық денелер жазбасының сызбалары;

4) геометриялық денелерді деңгейлік жазықтықпен қию, тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелердің проекциялары;

5) геометриялық денелер тобының проекциялары, геометриялық денелердің өзара қиылысуы (жеке жағдайлары).

17. Кескіндер - көріністер, қималар және тіліктер (12 сағат):

 1) проекциялау әдістері туралы мағлұматты қорыту, күрделі геометриялық денені қарапайым кеңістіктік фигураларға – призмаға, пирамидаға, цилиндрге, конусқа және шарға ойша ажырату, нәрсенің геометриялық элементтерінің орналасуы мен пішінінің өлшемі туралы түсінік;

2) негізгі көріністердің сызбада орналасуы;

3) нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша, оның үшінші көрінісін құру;

4) қосымша және жергілікті көріністер;

5) тіліктер туралы түсінік, тіліктерді сызбада белгілеу, қарапайым тіліктер: горизонталь, вертикаль және көлбеу тіліктер;

6) көріністің бөлігін тіліктің бөлігімен біріктіріп сызу, жергілікті тіліктер;

7) күрделі тіліктер: сатылы тілік және сынық тілі;

8) қималар, тілік пен қиманың арасындағы айырмашылығы, қабаттасқан және оңашаланған қималарды орындау ережелері, қималарды белгілеу;

9) тілік пен қиманы орындағандағы шарттылықтар мен жеңілдіктер.

18. Біріктірулер (6 сағат):

1) біріктірулер туралы жалпы мағлұмат;

2) ажырайтын біріктірулердің түрлері: бұрандалы, шпонкалы, тісті (шлицті), штифті, олардың арнауы және сызбада кескінделуі;

3) бұранда туралы жалпы мағлұмат: адымы, профилі, бұранданың элементтері;

4) сыртқы және ішкі бұранданың шартты кескіндері;

5) бұрандалы біріктірулер: болттың, винттің және шпильканың көмегімен біріктіруді кескіндеу;

6) ажырамайтын біріктірулер (пісірмелі, дәнекерлеу, желімдеу), пісірмелі біріктірудің шартты кескінделуі және белгіленуі.

19. Құрастыру сызбасы (8 сағат):

1) құрастыру сызбасы туралы жалпы мағлұмат, құрастыру сызбасындағы кескіндер, спецификацияның арнауы, спецификацияның толтырылу реті, құрастыру сызбасына тіркеу ретінің нөмірлерін түсіру;

2) құрастыру сызбасында пайдаланылатын кейбір шарттар мен жеңілдіктер;

3) бөлшектеу туралы түсінік, тетікбөлшектердің сызбалары және эскиздері, тетікбөлшектердің сызбаларына қойылатын талаптар, өлшемдерді түсіру, материалдарды белгілеу;

4) қарапайым тетікбөлшектердің эскиздерін орындау, алдын-ала орындалған эскиз бойынша тетікбөлшектің сызбасын құру.

20.  Құрылыс және топография сызбаларының элементтері (6 сағат):

1) құрылыс сызбаларының ерекшеліктері;

2) ғимарат сызбанұсқасынын, қасбетінің және тілігінің  сызбасы;

3) құрылыс сызбаларындағы масштабтар және өлшемдер;

4) есік және терезе ойықтарының, санитарлық-техникалық жабдықтардың шартты белгілері;

5) қарапайым құрылыс сызбасын оқу;

6) топографиялық сызудың элементтері, топографиялық шартты белгілер, қарапайым топография сызбасын оқу.

21. Графикалық редакторындағы жұмыс негіздері (4 сағат):

1) компьютерлік графикалық бағдарламалар туралы түсінік, графикалық бағдарламаға кіріспе;

2) сызбаны рәсімдеу: пішімдер, сызба сызықтарының түрлері, қаріптер, масштабтар, өлшемдерді түсіру;

3) қарапайым геометриялық салулар, компьютерлік графикалық бағдарламада жазық фигураның сызбасын орындау;

4) екі өлшемді және үш өлшемді моделдерді құру туралы негізгі мәліметтер.

22. Қорыту (2 сағат):

  1. Міндетті графикалық жұмыстар тізімі:
  1. сызықтар түрлері және қаріптер;
  2.  шеңберді тең бөліктерге бөлу және түйіндесулер;
  3. көпжақтардың проекцияларын құру, бетіндегі нүктелерді табу, аксонометриялық проекциясы мен жазбасын құру;
  4. айналу денелерінің проекцияларын құру, бетіндегі нүктелерді табу, изометриясы мен жазбасын құру;
  5. ойығы бар қиық моделдің кешенді сызбасы;
  6.  геометриялық денелер тобының сызбасы (бақылау жұмысы);
  7.  моделдің кешенді сызбасын көрнекі кескіні немесе аксонометриялық проекциясы бойынша құру;
  8.  моделдің екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін құру;
  9.  қарапайым немесе күрделі тілікті (тандауы бойынша) қолданып, тетікбөлшектің сызбасын құру;
  10.  қималарын орындап тетікбөлшектің сызбасын салу;
  11.  бұрандалы біріктірулердің сызбасы (болтпен, винтпен және/немесе шпилькамен біріктіру);
  12.  тетікбөлшектің эскизін көрнекі кескініне немесе құрастыру сызбасына қарап салу (өлшемдерін қою);
  13.  тетікбөлшектің сызбасын эскизі бойынша немесе конструкциясын  жарым-жарты өзгерту арқылы салу;
  14.  ғимарат сызба-нұсқасының және қасбетінің сызбасы;
  15.  қажетті тіліктерімен техникалық суреті (алдыңғы 1/4 қиылған) орындалған тетікбөлшектің сызбасын салу (бақылау жұмысы).
  1. Ескертпе: графикалық жұмыстар А4 немесе А3 пішіміне (оқытушы қарауына) орындалуы қажет.

 

3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

25. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады.

26. Пәндік нәтижелер екі аспектіде айқындалады: білуі тиіс және меңгеруі  тиіс.

27. 9-сыныпты аяқтағанда оқушылар:

  1. КҚБЖ (конструкторлық құжаттардың бірынғай жүйесі) стандарттарының сызба дайындауына қоятын негізгі талаптарын: пішімдер, сызба сызықтары, сызба қаріптері, өлшем қоюдың негізгі ережелерін;
  2. жұмыс орнын ұйымдастырудың және сызба құралдарын пайдаланудың тиімді ережелерін;
  3.  қарапайым геометриялық құрылымдар әдістерін: өзара параллель және перпендикуляр түзулері, кесіндіні, бұрышты және шеңберді тең бөліктерге бөлу, түйіндесулер мен сопақшаны салуды;
  4. проекциялаудың негізгі әдістерін: тік бұрышты және аксонометриялық проекцияда жазық және кеңістіктік фигураларды салуды;
  5. геометриялық денені деңгей жазықтығымен қиғанда пайда болатын қимасын салу және геометриялық денелері беттерінің өзара қиылысу сызықтарын тұрғызу әдістерін;
  6. көріністер мен тіліктерді, қималарды орындаудың негізгі ережелерін;
  7. қарапайым тетікбөлшектің эскизін және сызбасын орындау жүйелілігін;
  8. ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер түрлерін,  бұранданың шартты кескінделуін және белгіленуін, болтпен, винтпен біріктірудің кескінделуін;
  9. құрастыру сызбасының ерекшелігін, спецификацияның арнауын,  құрастыру сызбасын оқу және бөлшектеу ретін;
  10. құрылыс және топография сызбаларының ерекшеліктерін, олардың машина жасау сызбаларынан айырмашылығын;
  11. компьютерлік графикалық бағдарламада қарапайым геометриялық пішіндердің сызбасын орындауды білуі тиіс.

28. 9-сыныпты аяқтағанда оқушылар:

  1. сызбасы мен көрнекі кескіні, қарапайым жазбасы бойынша нәрсенің пішінін талдауды;
  2. моделдің және тетікбөлшектің комплексті сызбасындағы (эскизіндегі) басты көрінісін, көріністердің тиімді санын  тандауды;
  3. қарапайым моделдің және тетікбөлшектің комплексті сызбасында керекті көріністерді, тіліктерді және қималарды салуды;
  4. қарапайым құрастыру бұйымның сызбасын оқу және  тетікбөлшектерінің сызбасын орындауды;
  5. қарапайым құрылыс және топография сызбаларын оқуды;
  6. компьютерлік графикалық бағдарламада қарапайым геометриялық пішіндердің сызбасын орындауды;
  7. өмірде, тұрмыста және адамның кәсіптік жұмысында графиканы пайдалану мысалдарын келтіруді;
  8. шығармашылық мазмұны бар есептер шығарғанда алған білімдерін пайдалануды меңгеруі тиіс.

29.Тұлғалық нәтижелер, оқушылар:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, КҚБЖ стандарттарының талаптарын құрметтеуді;

2) белсенді азаматтық ұстанымын, елінің игілігіне еңбек жасауға дайындығын көрсете білуді;

3) салауатты өмір салтын ұстану, жұмыс орнын және жұмыс пен демалыс режимін  тиімді ұйымдастыру дағдыларының қалыптасуын;

4) адамдар арасындағы қатынастың биік мәдениетін таныту, этикалық нормаларды сақтау, оқытушыларды, өз жолдастарын қадірлеуді;

5) тұлғаның шығармашылық потенциалын жетілдіруге әсер ететін белсенділікті және жағымды эмоционалды сезінушілік тәжірибесін көрсетуді;

6) өздігінен білім алуға және жасампаз еңбекке дәлелділігі мен шығармашыл еңбектенуге қабілеттілігін айқындауы тиіс.

30. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер, оқушылар:

  1. сызбаны орындау және оқу барысында игерген білімдерін тәжірибелік іс-әрекеттің басқа түрлерінде;
  2. әр түрлі әдістермен алынған ақпаратты талдай, жөндей, жинақтай және пайдалануды;
  3. жобалау және құрастыру әдістерін шығармашылық есептер шығарғанда пайдалануды;
  4. қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды;
  5. курс шеңберінде дамыған байланыс қабілеттіліктеріне және көптілді мәдениеттілігіне иеленуді, техникалық терминологияны қолдануы тиіс.

 

Просмотров: 1355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст