Математика
Пәні бойынша бастауыш сынып оқушылары үшін логикалық ойлауға арналған
тапсырмалар (2, 3, 4 сыныптар)
2-сынып
№ 1 тапсырма
1. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал
түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
2. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша.Отбасында қыздар
қанша, ұлдар қанша?
3. Әсет Сәбитпен шахмат ойнап 2 рет жеңді, ал Сәбит Әсетті 3 рет жеңді. Тағы
бір ойында олар тепе-тең түсті. Балалар неше рет шахмат ойнаған?
4. Арман тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның
бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке
бөлген?
5. Әрбір екі қорапшада 10 конфеттен салынған. Мәдина бірінші қораптан бірнеше
конфет алып жеді. Мұны көрген Дариға екінші қораптан бірінші қорапта қанша
қалса,сонша конфетті жеп қойды. Енді екі қораптағы барлық қалған конфеттердің
саны қанша болмақ?
6. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1
7. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай ағызып алуға
болады?
8. Екінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші
жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші
болды. Сыныпта қанша оқушы бар?
9. Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық
болады?
10. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Мәрленге аға емес.
Сонда Сұңғат кім?
№ 2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Бір таңбалы сандар нешеу? Екі таңбалылар ше?
2. 10, 11, 238, 5051, 7002 сандарының қосындысын тап.
3. Қосындысы 9-ға тең болатын барлық есептерді жаз.
4. Алғашқы он натурал санды жаз және олардың ішінен барлық жұп сандарды
ата.
5. Ең кіші бір таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы
санды ата.
6. Ең кіші төрт таңбалы саннан бірлікті алғанда үш
таңбалы сан шығуы керек. Ол қандай сан?
7. Қандай екі таңбалы санға бірлікті қосқанда үш
таңбалы сан шығады?
8. Алдында сан болмайтын натурал санды жаз.
9. Мына өрнектерді жаз және айырмашылықтарын салыстыр:
88–36, 88–31,
88–35.
10. Орындарын ауыстырса да өзгермейтін бірнеше сандар жаз.
№ 3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1. 30 бен 13-тің айырмасынан 8-ді азайт.
2. 7 мен 6-ның қосындысына 9-ды қос.
3. 8 бен 4-тің қосындысы 11 мен 6-ның айырмасынан
қаншаға көп?
4. 33-ке 16 мен 9-дың айырмасын қос.
5. 16 мен 8-дің айырмасын 7-ге арттыр.
6. 21 мен 29-дың қосындысын 22 мен 12-нің айырмасынан
кеміт.
3-сынып
№ 1 тапсырма
1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр
үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?
2. Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70
жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді?
3. Сыныптағы 25 оқушының 17-сі ағылшын тілін,
кейбіреуі француз тілін де үйреніп жүр, ал 15 оқушы француз тілін үйреніп жүр.
Екі тілді де үйренушілер саны қанша?
4. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып
кетті. Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін?
5. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды.
Әрбір екі үйеңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20
болса, жөке ағашы нешеу?
6. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты
алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше
орындықтан болғанын тап.
7. 18 вафлиді тарелкелерге былай салған: біріншісіне –
4, екіншісіне – 5, үшіншісіне – 2, ал төртіншісіне – 7. Осы тарелкелерді екі
үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек.
Сонда тарелкелерді қалай қоямыз?
8. Әжем, анам және мен – үшеуміз фотосуретке түстік.
Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің фотосуретте қалай
тұрғанымызды тап.
9. Назым, Майра және Нұргүл – үшеуі роза, жауқазын,
түймедақ гүлдерін сатып алды. Назым мен Майра роза гүлін алған жоқ, ал Майра
мен Нұргүл түймедақ гүлін алған жоқ. Кім қандай гүл сатып алғанын тап.
10. Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2 есе қымбат. Енді
8 метр сәтенге көп ақша кете ме, әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме?
11. Қорапшада барлығы 15 шар жатыр: қара, қызыл, және
ақ. Ақ шарлар қарасынан 7 есе артық. Неше қызыл шар барын табыңдар.