«Кітаптар шақырады» кітап әлемімен таныстыру.
Мектепалды даярлық сыныптарының оқуға
деген қызығушылықтарын оята отырып, дамыту мақсатында іс-шараны өткізбекпін. Алдымен балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын
ояту үшін кітаптар туралы слайдтар
көрсетіп қысқа метражды фильм көрсетемін. Кітапқа ұқыптылықпен қарауды қалыптастыру үшін одан әрі кітапқа деген махаббатын ояту үшін әр
түрлі қызықты әдемі суреттермен безендірілген
қызықты суреттері бар кітаптармен таныстырып. «Кітаптар шақырады» көрмесін осы мақсатпен
ұйымдастырмақпын.
Балалар кітап қалай дүниеге келеді, ол
оқырманға жету үшін қаншама адамдар еңбектенетіні жөнінде тереңірек білім
беруге бағытталған. Сондай - ақ, АКТ-ны пайдалана отырып ,балалар жазушыларының
өмір баянымен, Сапарғали Бегалин “Таза
бұлақ”, “Кел, балалар, оқылық!” Бердібек
Соқпақбаев “Бала Шоқан”, “Жас бұтақ”, “Хат” Мұзафар Әлімбаев “Сыйлық”,
“Қызғалдақ”, “Парадта” Саттар Ерубаев “Менің атым-Қожа”, “Бақыт жолы” Қадір Мырза Әли “Кішкене Қожанасырлар”, “Сабақ ” шығармаларына таныстырлым жасаймын. Олардың балаларға және барлық оқырмандарға арналған шығармалары арнайы машиналардың көмегімен кітаптарды басып және оларды қатты мұқабалармен қаптайтын баспахана жұмысшылары жөнінде әңгімелейміз. Кітаптарды жасау процесімен танысқаннан кейін, кітаптарды сақтау және оған ұқыпты қарау керектігін, бұл көптеген адамдардың еңбегі барын терең түсіндіре білдірдім.
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған саяхаттар балаларға өте ұнайды деген үміттемін.