Аудандық «Жарқын болашақ» атты байқау Азат орта мектебінде өтті.
Азат орта мектебінде қазақ тілі мен
әдебиет пәнінен аудандық «Жарқын болашақ» атты сайыс өтті. Азат мектебі
қонақтарға құшағын айқара ашып, жылы қабақпен қарсы алды. Ал сайыс негізінде 8-
сыныптан 11-сыныптар арасында болу керек болғанымен: дарынды және талантты
балалар мол болғаны соншалық , 5- сыныптан бастап оқушылар келген екен. Әділ-
қазылар барлық дарынды- талантты балаларды тыңдап, бағалауды жөн көріпті.
Марапаттау жас шамаларына қарай болды. Сайысқа
қатысушылардың ұзын саны 50-ден астам
болды. Жарыс негізінен 5 бөлімнен болды.
Сайыстың басы қасында жүрген білім
бөлімінің әдіскері Ханша Ақтышханқызына алғысымыз шексіз. Ол төмендегідей
бөлімдерден тұрды:
1.
Сөз
шеберлері
2.
Жас
тілшілер
3.
Әнші
бұлбұл
4.
Жас
ғалымдар
5.
Жас
жазушылар
Біздің мектептен осы 5 бөлімд і сайысқа
4 оқушы барған еді.
1.
«Сөз
шеберлеріне» С. Торайғыровтың «Туған еліме» атты өлеңімен және «Атымтай Жомарт»
прозасын 5 «А» сынып оқушысы Серик Жанаргул оқып, 2 -орынды қанжығаға байлады.
2.
«Жас тілшілер» бөлімі бойынша олимпиада
сұрақтарынан тест түрінде сайысықа 8 «А»
сынып оқушысы Болатбек Алтынай қатысып, мақтау қағазымен марапатталды.
3.
«Әнші
бұлбұлдар» бөлімі бойынша 4 «А» сынып
оқушысы Александрова Алтынай қатысып, 1-
орынды иеленді.
4.
«Жас
ғалымдар»бөлімі бойынша 7 «А» сынып оқушысы Болатбек Сәндігул
қатысып, «Асық ойнау және оның пайдасы» туралы жоба жұмысын ққорғап,қатысушылар
мен әділ қазыларға баяндап, дәлелдей
отыра 1-орынды жеңіп алды.
Сайыс әрине
қызықты да тартымды болды. Қаншама дарынды балаларға тәрбие, бағыт-бағдар беріп жүрген мұғалімдер
бар екенін тағы бір Ақкөл ауданы ортаға
шығарды. Әркім өзінше бір төбе. Біздің оқушыларды сайысқа бастап апарған жетекші
мұғалімдер Орозова Майраш Каримовна мен Керимхан Еркегул. Мұғалімдерді және
сайысқа қатысқан оқушыларымызды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз. Барлығына
шығармашылық табыс тілейміз.