"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Домбыралы ауылы Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Горького села Домбыралы отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер


әлеуметтік желілер

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Горький атындағы орта мектебі-бақшасы оқушыларының сабақтан тыс ермегі

24.01.2018

Горький атындағы орта мектебі-бақшасы

оқушыларының сабақтан тыс ермегі

 

    Бүгінгі мектеп-

тәрбие мен оқу кезіндегі маңызды элементтерді құрайтын қиын жүйе.  Тәрбие оқу жүйесіндегі қосымша болып

саналмайды.

      Жеке тұлғаны

қалыптастыру мен дамыту мақсатында оқушыға арнайы жағдайлар жасалуы қажет.Әр оқушының

бойында адамгершілік, мейірімділік, азаматтық, еңбекке деген шығармашылық,

сәттілікке талпыну, өз халқының мәдениетін сақтау сияқты басты құндылықтарды

тәрбиелеуіміз керек.  Соның негізінде

мектеп тәрбие жұмысы  сабақтан тыс

ермекті  басты назарға алды.

   «Рухани

жаңғыру»бағдарламасы жүйесінің негізінде мектеп қабырғасында 9 үйірме мен 6

секция ұйымдастырылған. Мектеп оқушылары осы үйірмелердің барлығына 100%

қамтылған. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін  ояту үшін барлық жағдайлар жасалған. Үйірме

жұмыстары  түрлі  бағытта жұмыс жұмыс істейді: қолөнер

шығармашылығы, хор, әскери- спорттық.

      Ақкөл

қаласының МБМ-не 8  оқушы барады. 7 оқушы

күйсандық сыныбына барса, 1 оқушы баян сыныбынка барады.

    Ұжымдық-пайдалы

жұмыс мектепте оқушылардың белсендік жұмыстары мен өзіндік проблемаларын ортаға

салып шешуінен қалыптасты. Ол мектептегі кезекшілік, мектеп оқушыларының  көк өсіру жұмыстары, мектеп ауласының

шаруашылық жұмыстары, еңбек ардагерлерімен 

жұмыс түрлері және ұжымдық акциялар.

      Мектеп

оқушылары еңбек ардагерлерімен қажетті көмек 

түрлерін жүргізеді. Оқушылар түрлі кездесулер, ерлік сабақтар, сынып

сағаттарын өткізеді. Сонымен қатар олаға арнайы көмек көрсетіледі.  Жалғыз тұратын  ардагерлерге көктем кезінде суғару мен

шаруашылық  жұмыстары сияқты көмектер

көрсетілді.

    Еңбек тәрбиесі-

бала өміріндегі маңызды фактор.Еңбек тәрбиесінің мағынасы  практика жүзінде, қолөнер кезінде баланың

жұмысқа икемділігін, талпынысын, қалыптасуын айтуға болады.  Оқушының ең негізгі міндеті- еңбекке деген

сүйіспеншілігі. Мектеп оқушылары мектеп ауласының, ауылдың экологиялық

тазалық  жұмыстарына да белсене атқарады.

 

      Сонымен қатар

ата-аналарды да оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарына қатысуына қызығушылық

туғызамыз. Сыныптан тыс жұмыстарға  ата-аналармен әр түрлі формада өткізілетін іс-шаралар

жүргізіледі. Кештер мен қойылымдар, КВН, сахнаны безендіру кезіндегі  сияқты іс-шараларға ата-аналар жасөспірімдер

мен жоғары сынып оқушыларымен сөзсіз қатысады. Үйдегідей тәрізді, ата-аналармен

қарым-қатынас  қатаң сақталған.

      Балалар

ұйымы-  жасөспірімдер мен ересектердің

өзіндік, ортақ, ұжымы.

Барлық күш осы ұйымға бағытталған, өйткені  оқушының 

ортаға бейімделуіне көмектесу, олардың жаңартылған бағытқа ,

шығармашылық жұмыстарға түрлі формалар енгізу сияқты жағдайлар жасау керек.

Баланың рухани денсаулығын қамқорға алу, олардың жан-жақты дамуын, қарым-қатынас

кезінде адамгершілік құндылықтар мен әлеуметтік-мағыналы жұмыстар атқару-

ұжымның басты  міндеттері болып табылады.

Тек әлем және соның бір  бөлігі ретінде

өзін тану, адамдармен  түрлі

қарым-қатынасқа түсу кезінде ғана оқушы 

қоғамның бір мүшесі болып саналады.

Мектеп өмірін қызықты өткізу үшін балалар ұйымы міндетті

түрде қажет. Оның негізіне мейірімділік, әділдік, сыйластық, балалар мен

ересектердің қатынасы, баланың қызығушылығы кіреді. Балалар ұйымы «Ұстаздар

күні», «Қарттар күні», «Күзгі бал», «8 наурыз», «Мектеп ханшайымы» сияқты

іс-шаралоар өткізеді. КВН, салауатты өмір салтын сақтау қауымы мен жоғары

сыныптар кеңесіне қатысу сияқты жұмыстар атқаралады.

      Мектептің

педагогикалық ұжымы  оқушылар арасында

заң тұрғысындағы тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу сияқты жұмыстар

жүргізді. Мектепте 5-7 сыныптар 

арасындағы «Денсаулығы мықты отбасы- бақытты ел», «Әкем, анам және

мен-бақытты отбасымыз», «Отбасы күні» сияқты  мекрекелер  отбасылық дәстүрлі мерекеге айналды.

     Оқушылардың

мектепішілік, аудандық және облыстық сайыстарға қатысуына басты назар

аударылады. Қатсатын оқушылар өздеріне бір жаңа дерек, жаңалық біліп, сонымен

қатар өз өнерлерін мектептен тыс  еркін

көрсете білуі, шығармашылықтарын шыңдау 

соғырлым жоғары деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді.

      Біздің

мектепте педагогикалық ұжым  бөлінген,

бірақ соның негізінде біртұтас адамдай, балалар мен ересектер дің ұжымы

тәрізді, бір мақсатқа бейімделген , ортақ мүдде мен мектеп жауапкершілігі

барлығына бірдей ортақ.

    

 

 

 

 

Мектеп

басшысы                      Работягова Г.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 570


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст