"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Домбыралы ауылы Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Горького села Домбыралы отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

әлеуметтік желілер


әлеуметтік желілер

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БАЛАЛАРДЫҢ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА АҚЫЛ-КЕҢЕС

12.02.2021

БАЛАЛАРДЫҢ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА АҚЫЛ-КЕҢЕС

 

Балалар суицидінің алдын алуда жабығудың алдын алу маңызды. Ата-аналар балалардың жабығуының алдын алуда үлкен рөл атқаралы.

  Егер жасөспірімнің көңіл-күйі күрт құлазыса немесе жабығудың басқа да белгілері байқалса, төмендегі шараларды орындау қажет:

1. Баламен сөйлесу қажет, көңіл-күйінің неліктен түсіңкі болу себебін анықтау үшін сұрақтар қойып, оның арман-тілектері жайында сөз қозғап, болашаққа жоспар құруға бағыттайтын әңгімелерге жетелеу қажет. Балаға оптимистік серпін беріп, жарқын болашаққа «сендіру», алдына қойған мақсаттарына қол жеткізе алатынына қабілетті екеніне жүрегіне сенімділік отын қондыруға барынша әрекет жасау қажет. Оның «өкпелегіштігін», «күңкілдектігін» кінәламай, керісінше, оның тұлғасындағы жақсы жақтарын көрсетуге тырысу керек. Оны табысты, ақкөңіл, кішіпейіл және сергек балалармен салыстыруға болмайды, себебі бұл онсыз да төмен бағалауын тереңдетіп жібереді.

2. Баланы бұрын соңды жасамаған жаңа іспен айналысуға тарту қажет. Мәселен, жаттығу залына жазылу, таңертеңгі гимнастика жасауды әдетке айналдыру, басқа жақтарға серуендер жасау, демалыс күндері қызықты экскурсияға шығу, үй шаруасын орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу, кинотеатрға, көрмеге бару, үйді жинастыру. Атасы мен әжесіне, туыстуғандарға қонаққа, ауылға бару, дала жұмыстырына көмектесу. Сонымен қатар, ит, мысық, алақоржын, тотықұс, балық сияқты жануарларды қолға үйрету, оларға қамқорлық жасау. Қорғансыз үй жануарына қамқорлық жасау баланы іске жұмылдыртып, позитивті күйге шақырады.

3. Жеткіншек күн тәртібін сақтауы қажет. Оның жақсы, мезгілімен демалуын, дұрыс тамақтануын, таза ауада жеткілікті уақыт өткізуін, спорттың қандай да бір түрімен айналысуын қадағалау қажет. Жабығу (депрессия - мұңаю, сарыуайымға салыну) – психофизиологиялық жағдай. Осы кезеңде жасөспірімнің дене дамуы жағдайын демеп отыру қалыпты жағдайға айналғаны абзал.

4. Балалардың суицидті мінез-құлқының алдын алуда Ресей педагогтері А.Г. Амбрумова мен Е.М. Вроно дайындаған ұсыныстарды пайдалануға болады, себебі қазіргі жастар өздерінің қылығы жағынан, проблемаларын шешуде, қиын сауалдарға жауап іздеуде ұқсас [4]. 11

1. Суицид сырын ашудың амалдарын табыңыз. Суицидтік мәселе қамқорлық жасау мен достарымен араласудан ғана емес, сонымен қатар орын алуы мүмкін қауіптің белгілерін айқындауға қабілетінен тұрады. Сіздің Мәселенің қағидаларын білу, суицид туралы хабардар болуыңыз, ол туралы көп ақпаратты иемденуіңіз біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесуі мүмкін. Осы біліміңізді басқалармен бөлісу арқылы өзіне-өзі қол жұмсау фактілеріне әкеліп соғатын көптеген адасулар мен алжастыратын аңыздардың көзін жоя аласыз. Мүмкін болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: суицидтік қатерлер, жабығу, өзінеөзі қол жұмсау әрекеттерінің алдын-алу, адам тұлғасының жүріс-тұрысындағы өзгерістер және соңғы рет өз еркін білдіру тілегі.

 2. Суицидентті тұлға ретінде қабылдаңыз. Тұлғаның суицидтік тұлға болу мүмкіндігін ескеріңіз. Оның өз-өзіне қол жұмсауы және сондай қадамға баруы мүмкін емес деп санамаңыз. Егер де, Сіз өзін-өзі өлтіру қаупі қандай да бір адамға төніп тұруы мүмкін деп ойласаңыз, өзіңіздің жеке пікірлеріңізге сәйкес әрекет жасаңыз.

3. Қамқорлыққа толы қарым-қатынас орнатыңыз. Өзін-өзі өлтіру сияқты мәселені шешуде біржақты жауап болмайды. Жанынан безген адамды қабылдауға міндеттісіз. Оған ерекше көңіл қойып, қолдау көрсетуіңіз қажет. Осылай ғана Сіз жанынан безген адамның оқшауланған ішкі дүниесіне осылай ғана кіре аласыз.

 4. Зейінді тыңдарман болыңыз. Суициденттер әсіресе оқшаулану сезімінен қайғырады. Осыған қарамастан, олар айтылған кеңестерді тыңдай бермейді. Көбіне олар өз проблемалары туралы айтқанды қажет етеді, және «Менде өмір сүру үшін қажет ешқандай себеп жоқ» деп санайды. Жабығуға ұшыраған адаммен әңгімелескеннен гөрі, оның өзін сөйлетуге тырысу, оның ішкі сырын ақтаруға жетелеу керек. Мұндай адамның жан сыры қайғы немесе кінә, қорқыныш болмаса ыза болса да, Сіз тыңдап, түсіну арқылы оған баға жетпес көмек көрсетесіз. Кей сәтте үнсіз, жай ғана жанында отырғаныңыздың өзі оның жанын түсінгеніңіздің дәлелі ретінде медеу болады.

5. Дауласпаңыз. Суицид қаупіне тап болған кезде достары мен туыстары көбінесе жасөспірімнің суицидтік мінезіне орай былайша реніш білдіреді: «Сен басқаларға қарағанда, едәуір жақсы өмір сүресің, одан да тағдырыңа алғыс айтқаның жөн» немесе «Отбасыңа қандай ұят пен бақытсыздық әкелетініңді түсінесің бе?». Мұндай сөздер оларды одан сайын мұңайтады.

6. Сұрақтар қойыңыз. «Өзіңе-өзің қол жұмсағалы жатқан жоқ шығарсың?» деген жанама сұрақты қойғанда, өзіңіз естігіңіз келіп тұрған жауапты ала аласыз. Егер, жақын адамыңыз «жоқ» деп жауап берсе, онда суицидтік күйзелісті шешуге көмектесе алмауыңыз әбден мүмкін. Сабырлы және сенімді түрде қауіп төндіруші жағдай туралы сұрау керек, мәселен, «Қай уақыттан бері өміріңнен күдер үзіп жүрсің? Бұл сезімдер неге 12 сені мазалап жүр деп ойлайсың? Өзіңе-өзің қандай әдіспен қол жұмсағалы жүрсің? Бұрын-соңды өзіңе-өзің қол жұмсау туралы ойлағанда сені не тоқтатушы еді?». Суицидентке көмек беру үшін оның ойлары мен ішкі сезімдерінен жауап іздеп, «Басқаша айтқанда, сен былай демексің ғой ...» деген сияқты сөздермен оларды қайталап айту арқылы, жауаптарды нақтылап отыру керек. Сіздің айыптауларыңыздан қорыққан жабырқап жүрген адам үшін оны ерекше сабырлылықпен, қызығушылықпен тыңдауыңыз үлкен жеңілдік әкеліп, оның өмірмен қоштасуға деген әрекетіне жол бермеуге себепші болады.

7. Орынсыз жұбатпаңыз. Психологиялық қорғаныстың маңызды механизмдерінің бірі оңтайландыру болып табылады. Суициденттің өз жағдайынан хабардар ету тілегінің себебі жағдайға алаңдату туғызу болып табылады. Егер Сіз, алаңдатушылық не қызығушылық танытпасаңыз, депрессивті жасөспірім мұны қабыл алмау және сенімсіздік таныту деп бағалайды. Ал, егер Сіз, оны ерекше қамқорлыққа және махаббатқа баурап, әңгімелессеңіз, өзін-өзі өлтіру қаупін әжептеуір төмендетуіңіз мүмкін. Былай болмаған жағдайда, қамқорлықты қажетсінген жасөспірімге жәрдем дер кезінде берілмеу салдарынан оның тағдырына балта шабылуы, яғни, суицид орын алуы әбден мүмкін.

 8. Конструктивті амалдарды ұсыныңыз. Психикалық қолайсыздықтың қайнар көзін анықтау – суицидтің алдын-алудың бірден бір маңыздысы болып табылады. Бұл өте қиын болуы мүмкін, себебі, суицидтің «қоректі ортасы» – құпия екенін ұмытпаған жөн. Әңгімелесуге тартатын едәуір тиімді сұрақтар болып мыналар табылады: «Соңғы уақыттары саған не болып жүр? Өзіңді қашаннан бері нашар сезінудесің? Бұл өзгерістер пайда болғалы бері өміріңде нендей жағдайлар орын алды? Айналаңдағылардың қайсысына олар тікелей қатысты?». Жабырқау жасөспірімнің тіпті жек көрушілік, ашынғандық немесе кек алуға деген ұмтылыс сияқты жағымсыз эмоциялары болса да өз сезімін білдіруі тиіс екендігіне көзін жеткізу керек. Егер, адам өзінің ішкі сырымен бөлісуге сенімсіздік танытқан жағдайда «Меніңше, сенің көңіл-күйің жоқ, ренжулі сияқтысың», немесе: «Сен қазір жылауға дайын тұрсың» деп назарын өзіңізге аударуыңызға болады. Сондай-ақ, «Сенің түріңнен абыржулық байқалады, егер сен ішкі сырыңмен бөліссең, мен сені түсініп, көмектесуге тырысып көремін» деп айту өте маңызды.

9. Үміт отын жағыңыз. Жабығулы жасөспіріммен жұмыс жүргізу маңызды, әрі жауапты іс. Психотерапевтер әлдеқашан жеткіншектің айтқан сөзіне немесе сезіміне зейін аудару өте тиімді шара деген қорытындыға келген. Мазалайтын ойлар сыртқа шыққан кезде, бақытсыздықтың беті қайтқандай болады. Сарыуайымға салынған адам: «Бұл мәселені қалай шешуге болатынын әлі де түсіне алар емеспін, дегенмен, қиындықтың себебін түсінген соң, тығырықтан шығар жолды көргендеймін, үмітім қайта жанды» деген ойға келеді.

10. Суицид қаупінің дәрежесін бағалаңыз. Мүмкін болатын өзіне-өзі қол жұмсаудың қауіптілігін анықтауға тырысыңыз. Себебі, өзіне-өзі қол жұмсау идеясы өткінші ойдан бастау алып, әртүрлі өлу мүмкіндіктері туралы келіп кететін ойлар арқылы шарықтап шыңына жетуі ғажап емесі анық. Бұл ойлардың соңы өлуге бекінген жеткіншектің түбегейлі, нақты жоспарымен аяқталады. Суицидке баратын жолдарды қарастырады, өз ісін жүзеге асыруда ол улануды, биіктіктен секіруді, арқан жіп немесе оқ ататын қаруды таңдауы мүмкін. Басқа да факторларды, яғни, ішімдікті, есірткіні қолдануы, эмоционалдық тұрақсыздық дәрежесі, мінез-құлықтың теріс ұйымдастырылуы, шарасыздық пен дәрменсіздік сезімдерінің белең алуын қарастырған маңызды. Мұндай жағдайларда мінез-құлықтағы ұсақ-түйек боп саналатын өзгерістерге, мысалы, жабығулы күйдегі жасөспірім өзінің жақсы көретін және т.б. затын біреуге жасырмай сыйлағанын байқаған кезде бейжай қарамаған жөн. Осы орайда, дәрілерді, қару немесе өткір заттарды көзден таса жерге қою керек.

11. Жоғары суицидтік қауіп бар жағдайда адамды жалғыз қалдырмаңыз. Онымен ұзағырақ болуға тырысыңыз, бірге болуға мүмкіндік болмаса, күйзеліс шешілгенше және көмек келгенше, басқа біреуден жеткіншектің қасында бола тұруын өтініңіз. Жедел жәрдем стансасына не емханаға хабарласуыңызға болады. Қолдау көрсетіп, көмек беруге жауапты екеніңізді есте сақтаңыз.

12. Мамандардың көмегіне жүгініңіз. Суициденттер көру аясы тар, өзіне тән туннельдік санасы болады. Олардың ақыл-ойы өткінші мәселелерді шешу жолы туралы толық көріністі көз алдына елестетуге қабілетті емес. Бірінші кезекте олар көмек беруді сұрайды. Жеткіншектің құрбы-құрдастары мен достары көмек көрсетуге әрдайым ниетті болатыны ешқандай шүбә тудырмайды, дегенмен, жас ерекшелік психологиясы тұрғысында бұл жастағы жеткіншектерге проблеманы шешуіне өмірлік тәжірибесі жетпейді және шамадан тыс эмоционалды. Жағдай ушыққан кезде суицидентке көмек берудегі жалғыз балама – оны психиатриялық ауруханаға жатқызу. Кешеуілдеу қауіпті болуы мүмкін; ауруханаға жатқызу науқасқа да, оның отбасына да біршама жеңілдіктер әкелуі мүмкін.

13. Қамқорлық пен қолдау жасауды тоқтатпау маңыздылығы. Шиеленіс сейілген кезде, ата-аналар немесе жанұя мүшелері алаңдаудан айыға бастайды, өздерін еркін ұстап, босаңсиды. Дегенмен, «суицидтік жеткіншекті» қолдап, қуаттауды тоқтатпай, оның өмірге бейімделуі үшін барлық жағдай жасау қажет. Мысалы, күйзелісті басынан кешірген адамдардың тарихымен, қуанышты жағдайлармен және т.б. таныстыру. Қазіргі таңда жер бетіндегі миллиондаған адамға «Жизнь без границ» кітабын жазған Ник Вуйчичтің күлімдеген жүзі таныс.

 

Просмотров: 666


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст